Сабақ Қазақ әліпбиі, дыбыс, әріп. Тіл дыбыстары



бет4/4
Дата02.03.2023
өлшемі1,6 Mb.
#71185
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
12 САБАҚ

Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындардағы езулік дауыстыларды айту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін үндестігі немесе айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.

  • Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындардағы езулік дауыстыларды айту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін үндестігі немесе айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтын және буын талғайтын болып екіге бөлінеді.

  • Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтын және буын талғайтын болып екіге бөлінеді.
  • Буын талғамайтын дауысты дыбыстар: а, е, ы, і.Буын талғамайтын дауысты дыбыстар сөздің барлық буынында жазыла береді. Мысалы, балалық, қызықты, ынтымақ, береке, инелік, еңбекшіл, ертегіші, т.б. Буын талғайтын дауысты дыбыстар: ә, о, ө, ұ, үнегізінен сөздің бірінші буынында жазылады, тек басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде, адам аттарында ғана сөздің екіншіүшінші буындарында кездеседі.

БАСҚА ТІЛДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР

  • БАСҚА ТІЛДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР
  • Куә
  • Дүдәмал
  • Күмән
  • Антоним
  • Лото
  • Мазмұн
  • Мағлұмат
  • Мәжбүр
  • Дәстүр

ҚОС СӨЗДЕР
Әп-әдемі
Дәрі-дәрмек
Той-томалақ
Құл-құтан
Ат-көпір
Дүние-мүлік
Салт-дәстүр
Күндіз-түні
Күмбір-күмбір
БІРІККЕН СӨЗДЕР
Аягөз
Қараөткел
Орынбор
Көнетоз
Аққұтан
Айнагүл
Меңдіқұл
Жанбота
Келіссөз

Кейбір сөздерде сөздің соңында ә дыбысы айтылғанымен, а дыбысы жазылады.

  • Кейбір сөздерде сөздің соңында ә дыбысы айтылғанымен, а дыбысы жазылады.

Ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ыі әріптері түсіп қалады. Мысалы, оқы+у=оқу, тоқы+у=тоқу, қобалжы+у=қобалжу, бекі+у=беку, жекі+у=жеку, ірі+у=іру, т.б.

  • Ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ыі әріптері түсіп қалады. Мысалы, оқы+у=оқу, тоқы+у=тоқу, қобалжы+у=қобалжу, бекі+у=беку, жекі+у=жеку, ірі+у=іру, т.б.
  • Соңғы буынында ы, і әріптері бар сөздерге тәуелдік жалғауының ІІІ жағының жалғауы жалғанғанда, түбірдегі ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, халық+ы=халқы, бөрік+і=бөркі, көрік+і=көркі, т.б.

Й, ы, і әріптеріне біткен сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ю әрпі жазылады. Мысалы, той+у=тою, жай+у=жаю, байы+у=баю, кейі+у=кею, т.б.

  • Й, ы, і әріптеріне біткен сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ю әрпі жазылады. Мысалы, той+у=тою, жай+у=жаю, байы+у=баю, кейі+у=кею, т.б.
  • Я, ю әріптері й+а, й+о дыбыстарының қосындысы болып келеді де, қосарлы дыбыстар деп аталады. Я, ю қатысқан сөздер айтылуы мен жазылуында және дыбыс саны мен әріп санында өзгеріс бар сөздер болып саналады. Мысалы, қоян – қойан, аю – айу, қою – қойу, т.б. Тек айуан, хайуан, кейуана, диуана, миуа, қиуаз сөздерінде ю әрпі жазылмайды. И қазақтың төл сөздерінде қосарлы ый және ій дыбыстарының қосындысы болып айтылады, бірақ жазылғанда жалаң и түрінде жазылады.

Қосарлы ый әріптері тек сый, тый түбірінен тараған сөздерде жазылады. Мысалы, сый, сыйлық, сыйлау, сыйластық, сыйымды, сыйлы; тый, тыйым, тыйылу, тыю, тыяды, тыйдыр, тыйғызу, тыйыл, т.б.

Қосарлы ый әріптері тек сый, тый түбірінен тараған сөздерде жазылады. Мысалы, сый, сыйлық, сыйлау, сыйластық, сыйымды, сыйлы; тый, тыйым, тыйылу, тыю, тыяды, тыйдыр, тыйғызу, тыйыл, т.б.

Йы, йі әріптеріне аяқталған сөздерге көсемшенің й жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына и жазылады. Мысалы, байы+й+ды=байиды, кейі+й+ді=кейиді, ұйы+й+ды=ұйиды, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет