Сабақ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл 1-тапсырма. Мәтіндерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз



Pdf көрінісі
бет16/21
Дата14.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#74106
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
 
4-тапсырма.  ТұранӘлемБанк төрағасымен сұқбатқа назар 
аударыңыз.
- Банктің клиенттері кімдер? 
Заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, өнеркәсіп иелері, мекеме 
ұйымдар. 
- Басқа 
банктермен 
корреспондеттік 
қатынас-
тарыңыздың дамуы қандай? 
Басқа банктермен корреспонденттік қатынастарымыз 
кеңейіп, өсіп жатыр.


56 
- Банк қызметінің негізгі бағыттары қандай? 
Банк қызметіндегі ең негізгі бағыт – банктің несие қызметі. 
Несиелеу – біздің жұмысымыздың маңызды, болашақты 
жақтары. Біз несиелік қызметті тұтынуды зерттейміз. 
- Алдағы мақсаттарыңыз қандай? 
Жаңа клиенттерді күтеміз. Банк өзінің салымшыларына, 
салымдардың сенімділігіне, есеп-айырысудың жылдам 
және нақтылығына батыс банктерінің деңгейіндегі 
сервиске кепілдеме бере алады.
5-тапсырма. 
«Мен 
болашақ 
банк 
қызметкерімін» 
тақырыбана әңгіме жазыңыз.
21– сабақ. Құнды қағаздар туралы не білесіз? 
1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастар тамырын 
тереңге жайған сайын құнды қағаздардың маңызы арта 
түсетіні анық. Алайда көпшілік қауым құнды қағаз сатып 
алғанымен, оны қалай пайдалану керектігін жете біле 
бермеуі де мүмкін. Құнды қағаздармен тиісінше пайда 
табумен, оны шығарған кәсіпорынның экономикалық 
мәселелерін ойдағыдай шешуіне үлес қосарын? Сонымен 
бірге өзінің де әлеуметтік жағдайын едәуір жақсарта 
түсеріне көзі анық жете ме екен? 
Сұрақтарға экономика ғылымдарының докторы, 
профессор Гүлжан Қарақұсова жауап береді: 
- Құнды қағаз дегеніміз не? Кеңес Одағы кезіндегі 
құнды қағаздардан қазіргі Қазақ-стандағы құнды 
қағаздардың 
айырмашылығы 
қандай? 
Бұлар 
неліктен құнды қағаздар деп аталады? 
Құнды қағаздарға акция, облигация, мемлекеттік 
қазыналық міндеттемелер, вексельдер жатады. Бұл 


57 
қағаздар бұрынырақта «бағалы қағаздар» деп аталған. 
Бірақ «бағалы» деген сөзден гөрі «құнды» деп атағанымыз 
дұрысырақ, неге десеңіз, бүгінгі құнды қағаздар оның 
иесіне тек пайда, табыс әкеледі. 
«Құнды» деген сөздің өзі мейлі қай жағынан алсақ 
та, мағынасы жағынан біз айтып жүрген акция, 
облигациялардың анықтамасын аша түседі. Құнды 
қағаздардың үш түрлі құнды қасиеттері бар, яғни оны 
сатып алып отырып сіз: 
біріншіден, акция иемденушісі боласыз; 
екіншіден, оны шығарушы кәсіпорынының белгілі 
бір бөлігіне ие боласыз; 
үшіншіден, акцияның екі бағасының – номиналды 
және нарықтық бағасының айырымы арқылы пайда 
көресіз.
Құнды қағаздардың екі түрі бар: қарыз түріндегі 
құнды қағаз және корпоративтік құнды қағаз. Егер құнды 
қағазды мемлекет шығарған болса, ол мемлекеттік
құнды қағаз – қатерсіз құнды қағаз болып табылады.
- Қазіргі 
кезде мемлекеттік құнды қағаздар 
айналыста бар ма? 
Айналыста мемлекеттік құнды қағаздар бар. 
- Құнды қағаздарға қазіргі кезде сұраныстар бар ма? 
Қазіргі құнды қағаздар нарығында екі түрлі құнды қағаздар 
айналыста бар: корпоративтік, мемлекеттік. 
- Қазақстанда құнды қағаздар нарығы қашан пайда 
болды? 
Қазақстанда құнды қағаздар нарығы 1991 жылдан бастап 
пайда 
бола 
бастады. 
Бұл 
мәселеде 
мемлекеттік 
кәсіпорындардың жекешенлендірілуі мен акциолендірілуі 
шешуші роль атқарады. 
(«Заман-Қазақстан» газеті. 1996 ж.)
айырмашылық – отличие, различие 
айырымы – остаток, разница 


58 
анықтама – справка, определение 
иемденуші – владелец 
едәуір – довольно много, достаточно 
қаржыландыру – финансирование 
көпшілік – большая часть, большинство 
2-тапсырма. Мәтін бойынша сөздікті жалғастырыңыз.
3-тапсырма. Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, 
жоспар құрыңыз.
4-тапсырма. Мына сүхбатты жалғастырыңыз. 
- Сәлеметсіз бе? 
- Сәлеметсіз бе? 
- Сіздердің құнды қағаздарыңыз туралы білгім келіп 
еді. 
- Әрине, білуге болады.
- Қандай құнды қағаздар сізді қызықтырады. 
- ...
5-тапсырма. «Мен болашақ бизнесменмін» тақырыбына 
шағын шығарма жазыңыз.
22 – сабақ. Жарнама тілі хақында  
1-тапсырма. Өз бетіңізбен мәтінді оқып, мазмұнын 
түсінуге тырысыңыз.
Жарнама тілі хақында.
Өмірдің әрбір саласында адамдар мүддесі мен 
қызметіне, әлеуметтік жағдайына байланысты тіл де 
ерекшелініп, таңдалып қолданылады. Сол сияқты қазақ 
тілінің де жарнама саласыдағы қолданылу сапасы мен 
қоғамдық қызметінің көлемін анықтау – бұл зерттеудің 
маңызды бір бөлігі. 


59 
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесін толығымен 
атқаруы үшін оның жарнама саласында кеңінен 
қолданылып, өрісін кеңейтуі өзекті мәселе екені белгілі. 
Қазақ тілі азды-көпті кейінгі жылдары ғана 
жарнама 
саласында 
қолданыла 
бастады. 
Бірақ
жарнамадағы тіл мәдениеті көпшілік көңілінен шықпай 
жүргені анық. Мемлекеттік тілде берілген көпшілік
жарнама талғамсыз, қазақ тіліне қалай болса, солай 
аударылатынын байқау қиын емес. Оның үстіне кейбір 
коммерциялық құрылымдардың шетел атрибутикасына 
тым әуестенуі, шет тілдеріндегі көрнекі ақпараттың жиілеп 
кетуіне соқтыруда. Мәселен, Торговый дом «Butja»,
«Adidas», «Anuar shop», «Raimbek Food», audio vidio CD,
«Business Dos LTD», «Binqo» т.б. Сол сияқты даңғылдар 
мен көшелерде «Marlboro», «Rotmans», «Lucky Strike»,
«Camel», «Kent» т.б. кезестіруге болады. Жарнама қазақ 
тілінде барлық бұқаралық ақпарат құралдарында 
қолданылатын болды. 
Қазіргі кезеңде радиодан жиі еститініміз, газеттен 
үнемі оқитынымыз, теледидардан минут сайын көретініміз
- жарнама. Көшеге шықсақ айналаны қоршайтын тағы да 
жарнама. 
Сөз жоқ, баспасөз, теледидар, радио бүгінде үлкен 
жарнама 
көзі 
болып 
отыр. 
Бұқаралық 
ақпарат
құралдарының анықтамасы бойынша, жарнама – тауар мен 
қызмет көрсету жөніндегі ақпарат түрінде журналистика 
құрамына кіреді. Аудиторға тауар мен қызмет көрсету 
туралы ақпарат ұсынған жарнамалар оған таңдау 
мүмкіндігін береді. Қазіргі күнде көрсетіліп жүрген
жарнамалар аталған анықтаманың, оның шарттарын 
мемлекет тарапынан қабылданған заңдарын орындай алмай 
жүр.
Біздіңше, қоғамға рухани, мәдени-материалдық 
пайда тигізетін жарнамалардың ғана ілінуі керек деп 


60 
ойлаймыз, атап айтқанда, отандық өндірісті, балет, театр, 
концерттер сияқты мәдени іс-шараларды насихаттайтын 
жарнамалар көбірек керек. Сонымен қатар балет, театр, 
концерттер туралы жарнамалар көпшілік жағдайда еш 
бояусыз көлеңкеде қалып жүр. Керісінше, бояуы қанық, 
әдемі, бірнеше тілде қатар жазылған, бірден көзге түсетін 
жарнамалар көрнекі орындарда ілініп тұрады. 
Мұның өзі жарнама саласында қазақ тілі өз 
дәрежесінде қолданылмай, кедергілерге ұшырап отыр 
деген сөз. Сондықтан мемлекеттік тілдің жарнама 
саласында қолданылу деңгейін анықтап, оның ғылыми 
негізделген тетігін жасау қажет. 
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл қызметін өз 
дәрежесінде атқарып, оның жарнама саласында еркін 
жұмасалуы үшін қазіргі жағдайда тіл мамандары 
мемлекеттік тілдің жарнама саласында қолданылуы 
жөніндегі түрлі сын-пікірлер, айтыстарды тоқтатып, 
жарнаманың тіл мәдениетіне тиісті көңіл бөліп, оның 
қалыптасуына жағдай жасалуы, басшылыққа алатын 
арнайы заң шығарылуы, Қазақстанда жарнама мәселесі 
жуық арада дұрыс шешімін таппайтыны сөзсіз. 
Қазақ тілі - ресми түрде мемлекеттік қамқорлыққа 
алынып, мәртебе берілген тіл. Сондықтан ол өміріміздің 
кез–келген саласында еркін қолданылуы керек. Тіл 
заңының 1997 жылғы нұсқасының 21-бабында жарнамаға 
байланысты былай делінген:
« ... хабарландырулар, жарнамалар, көрнекі ақпарат 
мемлекеттік тілде жазылады». Алайда Қазақстанда 
жарияланып жүрген жарнамалардың тіл заңының бұл 
тарауын қаншалықты орындап басшылыққа алып 
жүргендігін арнайы зерттеулер жүргізбей-ақ байқауға 
болады... 
(Р.Ш.Шабденова. «Жарнама тілі хақында» мақаласынан үзінді. 
«Қазақстаннның болашағы қазақ тілінде» ғылыми – практикалық кнференция 
материалдарынан. Қарағанды. 2006) 


61 
3-тапсырма. Мәтін бойынша сөздік жұмысын жасаңыз 
4-тапсырма. Мәтінге сұрақтар дайындаңыз 
5-тапсырма. 
«Қазақ 
тілі 
экономика 
саласында» 
тақырыбына мақала жазыңыз.


62 
Бақылау жұмыстары 
1-нұсқа 
1-тапсырма. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет