Сабақ барысы Білімдерін белсендіру және оқу іс-әрекетіндегі қиындықтарды анықтау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау



Дата16.12.2023
өлшемі23,09 Kb.
#140130
түріСабақ
Байланысты:
СӨЖ7 матем




СӨЖ №7
Тақырыбы: Арифметикалық амалдарды оқыту.
Тапсырма:
Кестелік қосу мен азайту тақырыбына мақсаттарын, оқыту тізімін және қолданылатын әдістерді анықтаныздар.
Мақсаты: оқылған материалды қайталау және кестелік және ауызша қосумен азайту білімдері мен дағдыларын толықтырады.
Пәндік нәтиже: Оқушылар қосу мен азайтудың ауызша тәсілін қолдануға байланысты білімдері мен дағдыларын қайталап, жеке қиындықтарын анықтайды.
Сабақ барысы
Білімдерін белсендіру және оқу іс-әрекетіндегі қиындықтарды анықтау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ауызша есептеуге математикалық диктантты енгізуге болады, онда қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары қамтылатын 20-ға дейінгі сандар қарастырылады. Осы сандарды қосумен азайтудың өзі оқушыларға қиындықтар тудырады.
• Азайғыш 18, азайтқыш 9. Айырым тең ...
• Бірінші қосылғыш 8, екіншісі 5. Қосынды...
• 7-ні 9-ға қосу.
• 13 саны 6-дан нешеге артық?
• 7 мен 6 сандарының қосындысын табыңдар.
• 30 бен 90 сандарының қосындысын табыңдар.
• 120-дан 60-ты азайтыңдар.
• 40 пен 80 сандарының қосындысын табыңдар.
• 8-ді 7-ге қосыңдар. Осыған ұқсас есеп құрастырыңдар.
• 16-дан 9-ды азайт. Осыған ұқсас есеп құрастырыңдар.
• 29-ды 11-ге қосыңдар. Осыған ұқсас есеп құрастырыңдар.
Ауызша қосу мен азайтудың оқушыларға қиындықтар тудыратынын ескеріп, төмендегідей түрдегі тапсырмаларды жиі орындауды ұсынуға болады.
18+6 12+35 410-20
38+7 45-22 740-90
59+6 98-65 180+60
72-5 67-23 480+90
Осы тапсырмаларды мұғалім тексергеннен кейін, оқушылардың жіберген қателіктерімен жұмыс жасайды.
Жекелей туындаған қиындықты оқшаулау.
Азайту мен қосу тәсілін игермеген оқушы сандарға амалдар қолдана алмайды.
Туындаған кемшіліктерді түзеу жобасын құру және қиындықтан шығу.
Мұғалім оқушыларға жұмыс жасау жоспарын құруға жәрдемдеседі.
- Кім қандай қателіктер жіберді?
- Қай тапсырмада қиындықтар туындады?
- Қателіктерді жібермес үшін не істеу керек? (Қосу мен азайту кестесін қайталап, есептеу тәсілдерін еске түсіреміз.)
- Толық ондықтарға дейін толықтыру тәсілін еске түсірейік. (Толық ондыққа толықтырып, бөліктеп қосу немесе азайту.)
- Оқулықтан (2, 3, 4) немесе жаттығулар жинағынан (немесе мұғалімнің қиықшада дайындаған) тапсырмаларды таңдап алыңдар.
Жобаны іске асыру. Үлгі бойынша өзін-өзі тексеруге арналған өздік жұмыс.
Оқушылар алдыңғы тапсырмаларға ұқсас жаттығуларды орындайды және жауаптарын тексереді. Мұғалім жіберілген қателіктерін анықтап,оның себептерін айқындауға көмектеседі.
Жобадағы қиындықтардан шығу.
Жіберілген қателіктерді анықтаңдар.
Оны түзеу жолдарын түсіндіріп бере аласың ба?
Білімді бекіту, оны білім жүйесіне енгізу.
Оқулықтағы есептер мен теңдеулер шешіледі (2-ші және 5-тапсырмалар). Осы тапсырмаларда есептеу тәсілдерін меңгеру қарастырылған.
Сабақтағы оқу іс-әрекеттерін қорытындылау.
Мұғалім оқушылардың жіберген қателіктерін анықтап, оны түзеу жолдарын нақтылайды. Ол үшін қай тапсырмалардың олқылықтар орынын толтырғанын белгілейді.
Әрбір арифметикалық амал, басқа да математикалық ұғымдар сияқты жиындарға қолданылатын амалдарды орындау процесінде нақтылы негізге сүйеніп айқындалады. Сонда:
- қосу – ортақ элементтері жоқ жиындарды біріктіру;
- азайту – жиынның бір бөлігін (ішкі жиынды) айырып алу;
- көбейту – элементтерінің саны бірдей жиындарды біріктіру;
- бөлу – жиынды саны бірдей қиылыспайтын жиындарға айыру ретінде анықталуы мүмкін.
Бұл балалардың тәжірибесі негізінде қалыптасқан білімнің көрнекі негізін салуға мүмкіндік береді. Сондықтан да қосу амалын оқып – үйрену заттардың әр түрлері топтарын біріктірумен, ал азайту – заттардың тобынан қандай да бір белгісіне қарай біраз заттарды алып тастаумен байланысты орындалатын практикалық жұмыс болып табылады. Сонда заттардың тобымен жүргізілетін нақты іс - әрекеттермен санау қатар жүргізіледі. Мұндай жаттығуларды орындау қосу және азайту амалдарын оқып – үйренуге дайындайды, яғни олардың мән – мағынасын ашуға негіз қалайды да, әрі қарай мәтінді жай есептерді шығару барысында жалғасады.
Бұл балалардың тәжірибесі негізінде қалыптасқан білімнің көрнекі негізін салуға мүмкіндік береді.Сондықтан да қосу амалын оқып үйрену заттардың әр түрлі топтпарын біріктірумен,ал азайту заттардың тобынан қандай да бір белгісіне қарай біраз заттарды алып тастаумен байланысты орындалатын практикалықжұмыс болып табылады.Сонда заттардың тобымен жүргізілетін нақты іс әрекеттермен санау қатар жүргізіледі.Мұндай жаттығуларды орындау оқушыларды қосу және азайтуамалдарын оқып үйренуге дайындайды,яғни олардың мән мағынасын ашуға негіз қалайды да,әрі қарай мәтінді жай есептерді шығару барысында жалғасады.
Бастауыш сыныптарда көбейту қосу арқылы,ал бөлу азайту арқылы анықталады және олардың да мән мағынасына қарапайым мәтінді жай есептер арқылы ащылады,
Сонда көбейту амалы элементтері бірдей топтарды біріктіру ,яғни қосу амалы арқылы жүзеге асырылады.Ал бөлу жайындағы түсінік заттардың тобымен жүргізілетін практикалық екі іс әрекетке :тең бөліктерге бөлуге сүйеніп қалыптастырылады.Арифметикалық амалдардың мән мағынасын ашу ,олардың таңбаларын және сәйкес терминдерді енгізумен жалғасады.
Көрнекі құралдар,оқулықтағы суреттер мен үлгі жазулар және нақты мысалдарарқылы түсіндіріліп ,ілгеріде енгізілетін есептеу тәсәләнәң негізіне алынады,
Арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері арсындағы байланыстар ,арифметикалық амалджардың дұрыс орындалғанын тексеру және белгісіз компоненттерін табу үшін пайдаланылады.Сондықтан әрбір арифметикалық амалдың нақтылығы мағынасын айқындаумен бірге ,олардың белгіленуі,яғни амал таңбасы және терминалогия ,амалдардың ,амалдардың компоненттері мен нәтижелерінің атаулары енгізіледі.
Матеметиканың бастауыш курсында арифметикалық амалдарды орындауреті туралы ережелерлің маңызы зор . Ол ережелердің өзі математикалық заңдылық емес ,тек солай қолданып ,қалыптасып кеткен келісім екнін ескерген жөн.
Заңдылықты оқытуда алдымен нақты мысалдарды қарастырып сонан кейін байқау және бақылау ,салыстыру мен салғастыру арқылы жекелеген жағдайлардан біртіндеп жалпы қорытындыға келуге болады, ең соңында мысалдар арқылы тиянақтаола түседі . Мұндағы түсіндірме «Жеке жалпы жеке » тізбегі мен жүргізілуі мүмкін.
Егер келісілген мәселе оқытылса ,онда алдымен неге келісілгені жалпы түрде хабарланады да ,ол әрі қарай мысалдармен қорытылады ,ал 2-сыныпта құрамында екі амал кездесетін өрнектер оқытылы,жақшаның ішінде жазылған амал бірінші орындалады»деген ереже беріледі ,қосу және азайтуамалдары (екі амал) алмасып келетін өрнектерде ,олардың орындалу тәртібі осы ереережеге сүйеніп анықталады.Әрі қарай бұл ережелерден еш жержерде ешқандайауытқу болмайды.Ереже айтылысымен оны қолдануға байланысты мысалдар қарастырылады.
Келесі кезеңде мынадай екі ереже енгізіледі:
1.Жақшасыз өрнекте алдымен солдан оңға қарай көбейту және бөлу,ал сонан кейін қосу және азайту орындалады.
2.Егер өрнекте жақша болса ,онда алдымен жақша ішіндегі амалдар орындалады.
Бұл ережелерді қолдануға машықтандыруда арнайы мысалдар жүйесін қарастыру көзделеді ,сондай –ақ есептеулер жүргізумен байланысты берілетін «өрнектің мәнін есепте»,»амалдарды орында» сияқты тапсырмаларды және «өрнек құру,оны оқу және жазу»кезінде қажет жағдайлардың бәрінде де амалдардың орындалу ретін анықтап алуды сәйкес жаттығулардың қосымша жүктемесі деп түсіну керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет