Ернұр :Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
Дінмұхамед: Уағалейкумссалам
Ұлыс оң болсын
Пәле – жала жерге енсін!
Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр.
Би: «Қаражорға» Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай, әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз!
Балалармен амандасады.
Әже Гүлнұр: (қолында тостаған)
Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін!
Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт –түлігі ақты болсын,
қайда барса жол болсын!
- Балалар «наурыз көже» туралы не білесіңдер?
- күріш, тары, бидай, құрт, су, тұз, сүр ет
Әже: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады.
- Ал, қонақтар, балалар жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз кең жайылсын деген, ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар!
- отырған қонақтарға наурыз көжені ұсынады.
Жүргізуші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Назым: Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қос жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз
Саян:Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.
Арай: Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық: Алижан: Думандасын дархан жерім,
Күмбірлесін күй төгіліп.
Наурыз тойы құтты болсын,
Қонақ жайлы жомарт елім
Жүргізуші:Ендігі кезекте бүлдіршіндердің орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.
Ән: «Дастарқан»