Сабақ барысында алғашқы ұйымдастыру кезеңінде «Жақсы тілектер»



Дата06.01.2023
өлшемі35,5 Kb.
#60504
түріСабақ
Байланысты:
Анықтама қазақ тілі


«К.Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі 5-14 желтоқсан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тексеру қорытындысы туралы
Анықтама
Мектеп директорының бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 5-14 желтоқсан аралығында 6 сыныптарға қазақ тілі пәнінен І.Қуанышбекқызы, К.Алимбаеваның сабақтарына қатыстым. Сабақтарға қатысып, зерделеу жүргізудегі басты мақсат: қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқу пәнінің оқытылу жағдайын бақылау жіне оқушылардың білім деңгейлерін, жазу сауттылықтарын анықтау. Мектепте 6 «А,Ә» сыныптарға қазақ тілі пәнінен 2 мұғалім сабақ береді, К.Алимбаева, Қуанышбекқызы І..
К.Алимбаева 6«ә» сыныбына сабақ береді, сыныпта 18 оқушы бар.
Мұғалім 10.02. күні «Қаһарман қыз Хиуаз Доспанова. Көнерген сөздер» атты сабағына қатыстым.
Сабақтың тақырыбы: «Қаһарман қыз Хиуаз Доспанова. Көнерген сөздер»
Сабақ барысында алғашқы ұйымдастыру кезеңінде «Жақсы тілектер» әдісі арқылы оқушыларға психологиялық және ой жүйелеу кезеңін ұйымдастырды. Сабақтың ортасында оқу мақсатына қол жеткізу үшін сыни ойлау дағдысыа негізделген тапсырмалар берілді. Рефлексия «Бағдаршам» әдісімен жүзеге асты. Оқушылардан жазу сауаттылығын және білім деңгейін анықтау үшін сөздік диктант және тест жұмысы алынды.
«5»-6
«4»-8
«3»- 4
«2»-0
Жазу сауаттылығы бойынша Сапа: 77% Үлгерім: 100%
Тест жұмысы бойынша
«5»-5
«4»-10
«3»- 3
«2»-0 Сапа: 83% Үлгерім: 100%
6 «А» сыныбында 23 оқушы бар. Пән мұғалімі Қуанышбекқызы І. 12.12 күні өтілген «Қаныш Сәтбаевтың естеліктері Эвфемизм. Дисфемизм» тақырыбындағы сабағына қатыстым.
Сабақтың тақырыбы: Қаныш Сәтбаевтың естеліктері Эвфемизм. Дисфемизм
Сабақта жақсы психологиялық ахуал бейнеролик тыңдату арқылы басталып, сабақтың тақырыбын «Пазлы» әдісі арқылы анықтады. Мұғалім оқушыларды сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырды. «Миға шабуыл» әдісі арқылы алдыңғы білімді қорытындылады. Мультимедиялық әдіс бейнебаян көрсету арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашты. Оқушылар бейнебаянды тыңдай отырып сұрақтарға жауап беріп отырды. «Кластер» әдісі арқылы өз ойларын жеткізді. Қорытындылай келе, мұғалім белсенді әдіс- тәсілдерді жүйелі, бірізді және асқан шеберлікпен пайдаланады. Сол арқылы әр сабағында оқушылардың қызығушылығы мен белсенділіктерін арттырып отырады. Бұл сыныптанда жазу сауттылығын анықтау үшін сөздік диктант алынды:
«5»-8
«4»-10
«3»-5
«2»-0
Жазу сауаттылығын бойынша cапа: 78% Үлгерім: 100%
Тест жұмысы бойынша
«5»-9
«4»-10
«3»- 4
«2»-0
cапа: 82% Үлгерім: 100%


Ұсыныс: - Оқушылардың оқу сауттылығымен жұмыс жүргізу

  • Тілдік қорларын дамыту

Анықтама жазушы: А.Кокимбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет