Сабақ барысында дидактикалық ойындар мен қозғалыс ойындарын тиімді пайдалана отырып, балалардың қызығушылығын қалыптастырды. Мамандар Құралайдың белсенділігін және шеберлігін атап өтіп, оған оң баға берді
Мінездеме Қанатова Құралай логопедия мамандығы бойынша №20 «Алтын балық» арнайы балабақша мекемесінен 23.01.2023ж – 04.03.2023ж аралығында оқу-танысу практикасынан өтті.
Тәжірибенің алғашқы күнінен бастап балалармен танысып, тез тіл табысып кетті. Оларды мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді. Бірінші күннен бастап-ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және жауапкершілікпен орындай білді.
Қанатова Құралай тәжірибе барысында үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, балабақшаның барлық мамандарымен тез тіл табыса алды. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.
Сабақ барысында дидактикалық ойындар мен қозғалыс ойындарын тиімді пайдалана отырып, балалардың қызығушылығын қалыптастырды. Мамандар Құралайдың белсенділігін және шеберлігін атап өтіп, оған оң баға берді.
Келешекте Құралайдан білікті логопед маманы болады деп сенеміз. Құралайдың педагогикалық іс-тәжірибесін «5-ке» бағалаймын.