Сабақ барысында дидактикалық ойындар мен қозғалыс ойындарын тиімді пайдалана отырып, балалардың қызығушылығын қалыптастырды. Мамандар Аружанның белсенділігін және шеберлігін атап өтіп, оған оң баға берді



Дата03.04.2023
өлшемі13,75 Kb.
#78625
түріСабақ

Халел Досмұхамедов атындағы
Атырау университеті №20
«Алтын балық» арнайы балабақшасына
6B01901 – Логопедия мамандығының
1 - курс студенті Бидайбек Аружанға


Мінездеме
Бидайбек Аружан логопедия мамандығы бойынша №20 «Алтын балық» арнайы балабақша мекемесінен 23.01.2023ж – 04.03.2023ж аралығында оқу-танысу практикасынан өтті.
Тәжірибенің алғашқы күнінен бастап балалармен танысып, тез тіл табысып кетті. Оларды мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді. Бірінші күннен бастап-ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және жауапкершілікпен орындай білді.
Бидайбек Аружан тәжірибе барысында үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, балабақшаның барлық мамандарымен тез тіл табыса алды. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.
Сабақ барысында дидактикалық ойындар мен қозғалыс ойындарын тиімді пайдалана отырып, балалардың қызығушылығын қалыптастырды. Мамандар Аружанның белсенділігін және шеберлігін атап өтіп, оған оң баға берді.
Келешекте Аружаннан білікті логопед маманы болады деп сенеміз. Аружанның педагогикалық іс-тәжірибесін «5-ке» бағалаймын.

Логопед мұғалімі: ­­­


Мекеме директоры: Жайлығалиева Сандуғаш

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет