15. Сауат ашу оқулығымен танысу.
ҚР жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Сауат ашу» пәнін оқытудың басты мақсаты – оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту; ана тіліне сүйіспеншілікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», – деп көрсетілген.
«Сауат ашу» пәнінің оқыту аясы:
– қазақ тілінің дыбыстық және әріптік (графикалық) жүйесі,
– қазақ тілінен алғашқы грамматикалық мағлұматтар;
– балалар көркем әдебиет шығармалары.
«Сауат ашу» пәні білім берудің негізгі бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
«Сауат ашу» пәні оқу бағдарламасының мазмұны: 1. Әліппеге дейінгі кезең: сөздің дыбыстық құрамын бағдарлай білу, саусақтарын жазуға даярлау (әр түрлі сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру), сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сауат ашу жұмысы Әліппеде бірнеше кезеңдерге бөлініп берілген,әр кезеңнің өз мақсаты бар.
Дайындық кезеңі-Бұл Әліппе мерзімнің жеделдетілуне,3 айда сауаттандыру ісін аяқтауға байланысты
Сауат ашу кезеңі 3-бөлінеді/
1-Әліппеге дейінгі дайындық кезеңі
2-Әліппе кезеңі
3-Әліппеден кейінгі кезең
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«Сауат ашу» пәнінің мақсаты – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алған білімін әртүрлі жағдаяттарға сай қолдана білетін, ойын, пікірін толық, түсінікті, жүйелі жеткізе алатын, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді:
- оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;
- қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру;
- әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;
- оқу дағдысы (дұрыс және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;
- тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту;
- кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;
- қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;
- сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;
- сөздік қорын байыту және белсендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;
- туған тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
- қатысымдық дағдыларын (диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін) қалыптастыру;
- алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету;
- оқушыны өз іс-әрекетін адамгершілік, ізгілік тұрғысынан ұйымдастыруға және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
2. Дайындық кезеңін оқыту. «Мен оқушымын» тақырыбына әдістемелік талдау. 3.Тақырып бойынша сабақ үлгісін жасау. ҚМЖ
"Әліппеге" дейінгі кезең - сауат ашуға даярлық кезеңі. Оқушының жақсы сауаттылығы осы кезеңде жүргізілетін жұмыстардың тиімділігіне тікелей байланысты.
Даярлық кезеңге оқу бағдарламасы бойынша 14 сағат бөлінген. Осы аз уақыт ішінде мұғалімге коптеген жұмыс атқаруға тура келеді. Партада дұрыс отырып, дәптерді, қаламды дұрыс ұстап, дұрыс пайдалануға, мектеп ережелері мен күн төртібін орындап, мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдауға, дұрыс сөйлеуге, "сөйлем, сөз, буын, дыбыс" ұғымдарын ұқтыратын, үйрететін кезең. Әліппеге дейінгі кезең жұмысын өткізу - мұғалімнен үлкен кәсіби шеберлік пен ізденісті талап етеді.
"Әліппеге" дейінгі кезеңнің оқу материалдары бала өмірімен байланыстыра ұсынылған. Негізгі тақырыптар: "Мектеп", "Мектеп мүліктері" "Оқу-құрал жабдықтары", "Денсаулықсақтау", "Көшелер дежур төртібі", "Құстар", "Жеміс-жидектер", "Отбасы", т. б. тақырыптар берілген.
Жеке суреттер балалардың тілін дамытады, сөздік қорын байытады, ауызша байланыстырып сөйлеуге үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |