Сабақ берген. Сабақтар қысқы айларда, жылына 5-6 ай көлемінде өткен. Оқудың жалпы курсы -5-7 жыл



Дата03.12.2022
өлшемі18,51 Kb.
#54582
Байланысты:
пед срсп 3


Блісбек Ақерке 136 топ 3 срсп
Мұсұлман мектептері мен медреселері қалай пайда болды және олардың мазмұны мен оқыту әдістерінің ерекшеліктері 
Мұсұлман мектептері 7-8 ғғ. Арабияда пайда болған. Таяу және Орта Шығыс елдерінде тараған. 9 - 10ғғ. Орта Азияда, Әзербайжанда, Поволжье мен Сібірде пайда болды.
Мектептер әдетте мешіттер жанынан ашылған; көшпенді елдерде ауқатты адамдар бөлген үйлерде не киіз үйлерде болған. Мектептер мұғалімдікті медресені бітірген молда атқарған. Жекелеген сабақтарды медресенің жоғары сынып оқушылары - шәкірттер өткізген. Кейде ел кезген молдаларсабақ берген. Сабақтар қысқы айларда, жылына 5-6 ай көлемінде өткен. Оқудың жалпы курсы -5-7 жыл.
Мектептер 7-13 жас аралығындағы ұлдар ғана оқыған. Бірінші кезеңде араб әріптері мен сөздерін жазып, оларды буынға бөліп жаттап үйренген. Кейін мұғалімнің артынан қайталап Құранның кейжерлерін жаттаған, артынан Құранды тұтас жаттаған. 3 жыл ішінде оқушылар оқып үйренген. Курс соңында каллиграфияны және кей әдеби шығармаларды оқыған. «Чаар-Китаб», «Суфи Аллаяр» т.б. мұсылмандардың касиетті кітаптарын оқыған. Бұл кітаптардың мазмұнын көбіне (араб, парсы тілд.) оқушылар ғана емес, моллалар да түсінбеген. Мектептер ел мұсылмандары қаржысына жұмыс істеген, ақылы болған.
ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды.
Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3—4 жылға дейін созылды.
Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың бойына әдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді. Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын, дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын. Олардың медресені бітіргені туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет