Сабақ беру барысында жеті модульді ықпалдастыра отырып оқыту ерекшеліктері



Дата26.05.2022
өлшемі378,12 Kb.
#35707
Байланысты:
Сулеймен И (копия)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЕТ ТІЛДЕР КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


«Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері»
Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 0105033 «Бастауыш мектептегі ағылшын пәнінің мұғалімі»

Орындаған БМ-41 тобының


білім алушысы И.Қ.Сүлеймен
Ғылыми жетекшісі
«__» 2022 ж. Қ.Қ. Есмуратова
Қарағанды, 2022 ж.
Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................................................3
 .ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................................5

    1. Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама..............................................................5

    2. Жаңартылған білім беру мазмұнының дәстүрлі білім беру мазмұнынан ерекшеліктері..............................................................................................................9

 ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................................................................................16
2.1 Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартудың шарттары......................................16
2.2 Сабақ беру барысында жеті модульді ықпалдастыра отырып оқыту ерекшеліктері..................................................................................................................22
Эксперименттік бөлім....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................31
Қосымша

Кіріспе



Курыстық жұмыстың өзектілігі: Оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың жеке басының дербес және дара ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырудың жолдарын айқындау.
Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделіннің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетінмен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», - деген жолдар – соның дәлелі. Білім беру мазмұнын жаңарту – сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Білім және ғылым министр­лігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына сәйкес жаңар­тылған білім беру мазмұнын қанат­қақты енгізу туралы шешім қабылданып, республикада 30 мектепке мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын қанатқақты енгізу және орта білім беру мазмұнын ішінара жаңарту 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бас­талды.
Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең – кезеңмен енгізіледі: 2016-2017 оқу жылында 1 – ші сыныптар толығымен жаңартылған білім мазмұны бағдарламасымен оқытуға көшірілді. 2016-2017 жылы бірінші сынып үшін енгізілген жаңа оқу бағдарламасы «Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі» оқыту тәжірибесіне негізделген болатын. 2017 – 2018 оқу жылында республикадағы жалпы білім беретін мектептердің 2,5,7-сыныптарын жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларымен оқытуға көшті. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталды.
Жаңартылған бағдарламаға көшкен сыныптар аптасына бес күн оқитын болады. Әр пәнге алты күндік бағдарламадағы сияқты сағаттар бөлінеді. Тек аптасына бес күн оқи бастағанда балалардың бос уақыты көбейеді.
Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс. Бұл деген мектептегі білім берудегі жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?» деген мәнмәтін аясында өрістелуі тиіс.
Сондықтан қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады. Ал қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы білім берудегі жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Жаңартылған білім мазмұнына түсінік беру;

  • Жаңартылған білім беру мазмұнының дәстүрлі білім беру мазмұнынан ерекшеліктерін анықтау;

  • Бастауыш білім беру мазмұнынын жаңартудың шарттарын қарастыру;

  • Сабақ беру барысында жеті модульді ықпалдастыра отырып оқыту ерекшеліктерін айқындау;

Зерттеу болжамы: Егер жаңартылған оқу бағдарламасын ұтымды пайдаланып отырса,онда оқушылардың танымдық, шығаршашылық қабілеттері және функционалдық сауаттылығы арта түседі.
Зертеу нысаны: Бастауыш мектептегі оқу – тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте сабақты жаңаша оқыту бойынша ұйымдастырылған сабақтар мазмұны.
Зерттеудің әдістері:Ақпарат жинақтау, талдау, сараптау, зерделеу.

Ⅰ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ





    1. Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама

Тәуелсіз елдің негізі тірегі – білімді ұрпақ. Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени – ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғарғы құндылық. Оның ең негізгі қызметі – адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты – білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Мемлекетіміздің білім беру үрдісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қай елдің болсын өсіп – өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән – мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 – бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыға білім мен тәрбие беруде улкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Білім берудегі жаңғырту мен иновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психологиялық – педогогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтың жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары жатады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен – күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Жаңару кезеңінің ойшылдары (Ж.Ж.Руссо, К.Гельвеций, Д.Дидро, т.б), субьективті идеализм теориясы өкілдері (И.Кант, Л.Фейербах, И.Фихте, т.б), шығыстың көрнекті ойшылдары Жүсіп Баласағұн, Әбу Насыр әл – Фараби және т.б ғалымдардың еңбектерінде адамның жеке басын, оның ішкі мәнді күштерін дамытуға ерекше мән берілген.Сондай – ақ, сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис, С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мысалы, атап айтар болсақ, Ынтымақтастықта оқыту технолгиясы, Ш.А.Аманашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», П.М.Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы», Л.С.Выготский, Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы», В.М.Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы», В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», С.Н.Лысенконың «Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы», т.б көптеген технологиялар енгізілді. Отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» М.Жанпейісова, «Деңгейлік тапсырмалар» Ж.Қараев т.б технологиялар мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерісіне кеңінен ендірілген. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты. Бұл аталған технологиялар оқушылардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.
Білім жүйесін дамыту стратегиясының ең басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің жалпы қазіргі негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан – дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой – өрісі кең, жан – дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын тұлға болуы тиіс. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс – тәсілдерін білуге, өзін – өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу. Ал ондай мүмкіндіктің негізі – жоғары білімде. Өйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен,ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде.
Атап айтсақ:

  • Есте сатауға негізделген оқып білім алудан,бұрынғы меңгерілгендерді пайдалана отырып, ақыл – ойды дамытатын оқуға көшу;

  • Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл – ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

  • Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.

Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды атап өтетін болсақ:

  • Әлем стандартына сай білім беру;

  • Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;

  • Табысты өмір сүру дағдыларын дамыту;

  • Әлем азаматын тәрбиелеу;

  • Тәжірибелік дағдыларды дамыту;

  • Функционалдық сауаттылықты арттыру;

  • Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру;

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс – тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты сипаты:
1.Оқу дағдылары (оқылым,айтылым,тыңдалым,жазылым);
2.Ойлау дағдылары(білу,түсіну,қолдану,талдау,салыстыру,бағалау);
3.Шығармашылық ойлау;
4.Логикалық ойлау дағдысы
5.Сыни ойлау дағдысы
6.Алгоритмдік ойлау дағдысы
7.Критикалық ойлау дағдысы
8.Проблемалық ойлау дағдысы
9.Технологиялық ойлау дағдысы
10.Тілдік құзіреттілік дағдысы
11.Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ – ны қолдану, коммуникативті қарым – қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс – тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері бірнеше бөлімдерден тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
1.Пәннің маңыздылығы;
2.Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3.Тілдік мақсаттары жүзеге асыру;
4.Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатынталаптар;
5.Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер;
6. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары;
7. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Бағдарламаның міндеттері:

  • Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен,ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

  • Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

  • Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

  • Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру;

Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін критериалды бағалау жүйесі дайындалды.
Критериалдық бағалау – оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алуындағы жеке даму жолына тузетулер енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады.[Қосымша А,В]
Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілеттін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс – тәсілдермен оқытып, ой – өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.

1.2 Жаңартылған білім беру мазмұнының дәстүрлі білім беру мазмұнынан ерекшеліктері.


Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту – сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу – тәрбиелік үрдісті жан – жақты жаңа әдіс – тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Жаңартылған білім мазмұнының бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан екешелігі:
Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының сперальді берілуі. Сперальділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:

  • Оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;

  • Әрбір қайталанып оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;

  • Жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.

Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс – әрекет етеді.
Кесте 1 Білімді ұғыну сатылары



Білу

Нақты іс – әркетті іске асыру

Түсіну

Іс – әрекеттің мазмұнын сипаттау

Қолдану

Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыр білу

Анализ

Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру

Синтез

Салыстырған әрекеттің жақсы – жаман жақтарын салыстыру.

Бағалау

Сарапталған бүтін дүниеге баға беру.Өз көзқарасын, пікірін айта білу

Кесте 2 Блум таксономиясы бойынша сұрақ қоя білу шарттары



Мақсаттары

Сұрақ үлгілері

Пайдаланатын етістіктер

Білу

Не? Кім? Қашан? Не... үлгісі болып табылады? ... не тұспалданады?

Еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелесу, табу, ұсыну

Түсіну

... басқаша қалай түсінуге болады? ... бұл үлгі болып табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?

Қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарату, мойындау, түсіндіру, айқындау, әңгімелеу

Қолдану

Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты?... қандай жағдайларда

Көрсету, тағайындау, орындау,
суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу

Анализ

Неге? Қалай? ...себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нарсе дәлел? ... себебі қандай? ... бір – бірімен қалай үйлеседі?

Ажырату, саралау, жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама – қарсы қою зерделеу

Синтез

Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма?
Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым?
Бұл онымен қалай байланысты

Тұжырымдау оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау

Бағалау

Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және неліктен?

Жорамалдау, бағалау, таңдау, анықтау, санау, өлшеу, айыптау

Үшінші ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. Бастауыш сыныптарда сегіз ортақ тақырып бар. Олар барлық пәндерде де беріліп отырады. Тақырыптар бір – бірімен тығыз байланыста сабақтастықта өтеді.


Кесте 3 Орта мерзім бойынша ортақ тақырыптар



1 – сынып

2 – сынып

3 – сынып

4 – сынып

Өзім туралы



Өзім туралы

Тірі табиғат

Менің Отаным Қазақстан

Менің мектебім

Менің отбасым және достарым

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Адами құндылықтар

Менің отбасым және достарым

Менің мектебім

Уақыт

Мәдени мұра

Бізді қоршаған орта

Менің туған өлкем

Сәулет

Мамандықтар әлемі

Саяхат



Дені саудың – жаны сау

Өнер

Табиғи құбылыстар

Салт – дәстүр және ауыз әдебиеті

Салт – дәстүр және ауыз әдебиеті

Атақты тұлғалар

Қоршаған ортаны қорғау

Тағам және сусын

Қоршаған орта

Су – тіршілік көзі

Ғарышқа саяхат

Дені саудың – жаны сау

Саяхат

Демалыс күндері

Ғарышқа саяхат







Мерекелер




Төртінші ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.


Кесте 4 Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар



Ұзақ мерзімді жоспарлау

  • Оқу бағдарламасы

  • Пәннің мазмұны

Орта мерзімді жоспарлау

  • Жұмыс сызбасы

  • Тізбектелген сабақтар

Қысқа мерзімді жоспарлау

  • Жеке,дербес сабақ

Бесінші ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік – рухани қасиеттерді қалыптастыру керек.


Оқушылардың бойында қалыптастыруды қажет ететін рухани құндылықтармен дағдылар.
Кесте 5 Рухани құндылықтармен дағдылар

Рухани құндылықтар

Дағдылар

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • Сын тұрғысынан ойлау;

  • Қарым – қатынас жасау қабілеті;

  • Білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарасына құрметпен қарау;

  • Жауапкершілік;

  • Ғылыми – зерттеу дағдылары;

  • Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

  • Қарым – қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);

  • Өмір бойы оқуға дайын болу.

  • Жеке және топпен жұмыс істеу




Акт саласындағы дағдылар


Алтыншы ерекшелігі білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою болып табылады. Білім беру салалары мен пәндеріне тоқталатын болсақ, ол 6 саладан тұрады. Олар бір бірімен сабақтасып байланыста болады.
Жетінші ерекшелігі бөлімдерінің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сай келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударуы.
Бастауыш сыныпта оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту негізгі мәселенің бірі. Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған баланың бойында пәнді терең түсіну дағдысы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясына байланысты оқушының бойында қалыптасатын дағдылары:

  • Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;

  • Ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу;

  • Проблеманы шеше білу;

  • Пікірталасты жүргізе білуге қабілетті;

  • Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған бала өмірден өз орнын таба біледі;

  • Белсенді практикалық іс – әрекетте болуы;

  • Басқалармен қарым – қатынас жасай білу,қорғай білу;

  • Қажет болса өз көзқарасын өзгерту;

  • Топтық тұжырымдарға келе білу;

  • Топ алдында өз тұжырымын айту білу.

Білім алушының әлеуметтік үдерісіне пайдалана алатын негізгі құзыреттілік:



Басқарушылық
(проблеманы шешу қабілеті)



Азаматтық (Қазақстан халқының салт – дәстүрі, тарихы мәдениеті, діні, тілін, терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп – өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі)



Коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым – қатынас жасау)

Әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс – әрекет жасай алу қабілеті)

Ақпараттық (өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау)

Тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру)

Болашақта таңдайтын өз мамандығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты жүйелеу.

Сегізінші ерекшелігі оқытудағы жүйелі – әрекеттік ұсыным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы). Белсенді оқу – оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс (Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen,2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді (Peters,1998). Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден – бір қызықты қызықты әрі тартымды тәсілдерің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға» ( «Go») деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.
Дәстүрлі сынып сабақтың технологиясының басқа технологиялардан айырмашылықтары бар:

  • Оқушылардың таным қабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды;

  • Сыныптағы оқушылар құрамының әр кез тұрақты болуы;

  • Сыныптағы сабақ ортақ жылдық жоспармен оқу бағдарламаларына, оқулықтарға негізделген, құрастырылған кестемен жүргізіледі.

Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктері мен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі. Сондықтан да мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп саралап оқытуды ұйымдастырады. Онда әртүрлі қиындық дәрежесіндегі үш типті «А», «В», «С», деңгейлеу бағдарламасы алынады.
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыту оқыту технологиясынынң негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық,мәнділік) әдіснама жатыр деп айнуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның біліи алуға деген ынта – ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
Жаңартылған білім мазмұны мен дәстүрлі білімді салыстыратын болсақ, ерекшеліктерді терең байқауға болады.



Негізгі
сипаттамалар

Дәстүрлі оқыту үлгісі

Жаңартылған білім үлгісі

Оқыту мақсаты

Оқыту бағдарламасында белгіленген білім көлемін меңгертуге бағытталған оқыту нәтижесі

Оқушының оқу қызметін оның танымдық қызметі негізінде ұйымдастыру, білім алуға үйрету

Мұғалімнің рөлі

Басқарушы, жетекші, оқыту үдерісінің субьектісі, білім көзі

Оқыту үдерісін, оқушының танымдық қызметін ұйымдастырушы, кеңесші, менеджер

Оқушының рөлі

Дайын білімді селсоқ қабылдаушы, оқыту үдерісінің обьектісі

Белсенді, білім іздеуші, оқыту үдерісінің субьектісі

Білімді ұсыну формалары

Дайын күйінде, үлгі бойынша, сөздік әдістер мен мәтіндік формалар арқылы

Аудио, визуалдық, графикалық көрнекіліктер мен интерактивті әдістер арқылы

Білімді қолдану

Білімді бақылауға дайындық мақсатында титік тапсырмалар мен жаттығуларды қолдану

Алынған білімді нақты жағдайда қолдану

Оқушы қызметінің формасы

Фронтальды және жеке

Оқушының өз бетінше жұмысы, топтық, жұптық, ұжымдық формалары

Оқытудың негізгі әдіс – тәсілдері

Сөздік әдістер

Мұғалім мен оқушының, оқушылардың бір – бірімен өзара әрекеттесуіне негізделген интерактивті тәсілдер.

II ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


2.1 Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартудың шарттары


Білім берудің мазмұнын жаңарту білім берудегі қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту, жаңартылған оқу бағдарламасын әзірлеу, сынақтан өткізу және 2016 – 2017 оқу жылынан бастап 1 – сыныптарда енгізу аталған процестің бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған мазмұн түрлі проблемаларды шешудің дағдыларын дамытуға, зерттеуге және түрлі дереккөздердегі ақпаратты зерделеуге бағытталған.
2016 – 2017 оқу жылы 1 – сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылды. Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1 – сынып оқушылары ҚР МЖМБС – 2015 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқып бастады.
Бастауыш білім беру мазмұнында:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу базалық құндылықтар болып айқындалған.
Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай – ақ өмірдегі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс – әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым – қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі.
Кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру – жаңартылған білім берудің негізгі ұстанымдарының бірі. Осы орайда әдістемелік нұсқаулықтарда бастауыш сынып оқушысының оқуға деген қызығушылығын сақтап қалуға көмектесу үшін төменедегі мәселелерге назараударған жөн:

  • Жайлы орта қалыптастыру – сыныптағы ахуал мақсатқа сай келіп, оқушыны белсенді болуға шақыратын, ынталандыратын, жайлы болуы керек. Оқу ортасының жайлы ахуалы әрдайым баса назарда болуы қажет.

  • Оқушылардың қызығушылығын ояту – нақты өмірден алынған, шынайы жағдаяттармен байланысты қызықты тапсырма беру. Көтермелеп, нұсқау беріп отыру. Оқу материалдарын оқушылардың шынайы өмірімен байланыстыра отырып, оқушылармен байланыс орнату. Оқу мақсаттарының анық болуын қадағалау керек, қауіпсіз жайлы орта қалыптастырып, қарым-қатынас орнатылып, оқушыларға деген сенім артуы қажет. Оқушылардың білімі мен тәжірибесін мойындап, оның маңызды екенін әр оқушы жете түсінуі керек.

  • Оқушылармен қарым-қатынас орнату – бір – біріне сенетін және өзара құрметтейтін қарым – қатынас, бұл оқушыларға өз әлеуеттерін толық жұмсауға мүмкіндік береді, соның арқасында олар тиімді білім алатын болады.

  • Оқушылардың не білетінін зерттеу – әдетте олар өздері ойлағаннан әлдеқайда көп біледі. Мұғалімдер оқушыларға өздерінің нені білетінін анықтауға және алдағы білімін соның негізінде құруға көмектесулері керек. Бұл олардың өз күшіне деген сенімін арттырады. Оқу туралы танымдық теорияға негізделе отырып, бұл оларға өздерінің бар білімдерін толықтырып, жаңа білімдерін бұған дейін қалыптасқан құрылымға кіріктіруге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға нақты бір білімді өздері игергендігін сезінуге көмектеседі.

  • Тақырыпты ұсыну жолдарын түрлендіру – аудиал, визуал, оқылым/жазылым, кинестетикалық модельдер арасын теңестіріп, лекция оқуды мейлінше азайту керек.

  • Мүмкіндікті кеңейту – кеңінен ойланып, мүмкіндіктерді анағұрлым мол пайдалануға ынталандыру. Бұл оқушыларға жағдайды түсінуге жол ашады. Оқудың топтық/бірлескен тәсілдерін пайдаланған жөн. Топта жұмыс істеудің психологиялық салдары бар екенін, оларды ескеру қажет екенін естен шығармау керек, сондықтан тапсырма таңдарда топтың жұмыс істеу қарқынын және топ мүшелерінің ерекшеліктерін ескеру қажет. Сонымен қатар, бір топ үшін жарамды болған тәсіл екінші топ үшін жарамауы мүмкін екенін есте болуы керек.

  • Өзекті мәселелерге көңіл аудару – оқушыларға берілген тапсырмалар өзекті, бүгінгі күнмен байланысты болуы керек және де олардың өзектілігі түсіндірілуі керек. Бірнеше пәнді байланыстыратын, өмірден алынған, күрделі, тәжірибелік тапсырма таңдаған жөн. Оқушыларға өз оқу мақсаттарын белгілеуге мүмкіндік беру керек. Бір-біріне көмектесулері үшін өзара қадағалауды ұсынған абзал. Оқудың бірлескен және интербелсенді әдістерін пайдаланған дұрыс.

  • Диалогке шақыру – оқушыларға сабақ барысында өз пікірін білдіруге мүмкіндік берілу керек. Олардың пікірін пікірталасқа, мүмкіндіктерді кеңейтуге негіз етіп алуға болады. Оқушыларға білімді меңгертіп, оны меңгергенін ұғындыру маңызды.

  • Эмоцияға ерік беру – оқушыларға өз эмоцияларын еркін білдіруге мүмкіндік берілу керек. Оларды сабаққа белсенді атсалыстырудың жолы – еркіндік беру.

  • Технологияларды барынша тиімді пайдалану – жаңа не бар екенін анықтап, оны оқушылардың білімімен байланысты қолдану. Бұл сабақта міндетті түрде технологияларды қолдану керек деген сөз емес, олар оқушылардың өзара әрекеттестігін жандандырып, өзекті материал пайдалану үшін, адамдардың арасында өзара әрекеттестікті сақтап қалу мақсатында қолданылуы керек.

  • Кері байланыс ұсыну және жетістіктерді атап көрсету – оқуға ықпал ететін кері байланыс және бастапқы байланыс ұсынылу керек. Арқасынан қағып, көтермелеу адамға қанат бітіреді, өз күшіне деген сенімін арттырады.

Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие,ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы – таным субьектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады.
Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында. Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, ол жаңарту процесінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді. Мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлылығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс. Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым – қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылады.
Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш мектепте: энциклопедиялық сипаттағы фактологиялық материалды беруге бағытталған оқудан, акцентті ақпарат алу тәсілдерін үйретуге ауыстыру; ынтымақтастыққа және дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметтендіру; ақпаратты өздігінен алу, талдау және тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру;оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұны анықталатын және білім салалары бойынша әрі қызмет аспектілерін көрсететін күтілетін нәтижелерге көңіл аударатын оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тарту көзделеді, яғни оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды».
Бастауыш білім берудің мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты көптілді тұлғаны – кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің алуан түрлі саласында үш тілде диалог жүргізе алатын, өз елінің мәдениетін бағалайтын, басқа елдердің мәдениетін түсінетін және сыйлайтын Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.
Үштілді білім беру іс жүзінде мынадай жолдармен іске асырылады:
1) қазақ, орыс және шетел тілдерінің халықаралық стандарттарға сәйкес деңгейлік меңгерілуін қамтамасыз ету;
2) сабақтан тыс жұмысты қазақ, орыс және шетел тілдерінде ұйымдастыру.
Бастауыш білім беру деңгейінің ең күрделі және жауапты кезеңі – бірінші сыныпта оқу процесін ұйымдастыру.
1 – сыныптан бастап қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін оқыту сөйлеу қызметінің төрт коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектептегі тілдік пәндердің («Қазақ тілі», «Сауат ашу» және «Әдебиеттік оқу») оқу бағдарламаларының мақсаты – қазақ тілін үйренуге негіз қалау, оқушылардың функционалды сауаттылығы негізін қалыптастыру, тілдік дағдыларды (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту. Бұл әртүрлі қарым-қатынас салалары мен жағдайлары, стилистикалық ресурстар, дұрыс дыбыстау, орфографиялық және орфоэпиялық нормалар, сондай-ақ жанрлар мен стильдерді білуге қатысты құрылым мен функцияларды қамтиды.
«Математика» пәндері бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері бастапқы математикалық білім негізінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бастауыш білім беру деңгейдегі математика курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері кіші мектеп жасындағы оқушылардың табиғи білім құмарлығының дамуына, әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі. Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы зерттеу, ойлау, 15 коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері – адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. «Дүниетану» пәнінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара келісілуі туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді,түрлі жабдықтар мен қосымшылардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің,оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.
Білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – оқушыларға терең білім беру. Ал, оның негізі білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызықты да тартымды өткізу, мұғалімнің шеберлігіне байланысты.. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасау қажет.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістерге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда, педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің іс — әрекеттің ғылыми — педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық, педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты — білімнің жаңа үлгісін жасап оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс — тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда — оқу үрдісін дамыту. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт.
Педагогикалық жаңа технологияның тиімділігін айтып өтетін болсақ:
1.Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;
2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;
3. Іштей бір — бірінен қалмауға тырысып, талпынады; жарысып оқиды;
4. Тапсырманың күрделенуіне байланысты оқушының ойлау,есте сақтау , орындау қабілеті артады;
5. өзін — өзі тексеруге дағдыланады;
6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады;
7. Орындағанына байланысты, қабілетіне қарай бағаланады;
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдердің бірі — сыни тұрғысынан ойлау. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс жасау. Бұл әдістің тиімділігі сабақ барысында оқушылар топтық жұмыс барысында тез шешім қабылдауға, логикалық ойлауға, тақырып аясында өз ойларын дамытуға дағдыланыды. Бұл әдістің басты мақсаты оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:

  • Сабаққа қызығушылығы артады;

  • Нақты өз деңгейінде бағаланады;

  • Жеке қабілеті айқындалады;

  • Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді,

  • Даму мониторингі айқын көрінеді;

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:

  • Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;

  • Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;

  • Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;

  • Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;

Оқушы бұрын тек тындаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Тақырыпты мұғалім түсіндіріп оқып бермейді. Тақырып бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді және топпен жұмыс жасап белсенділік көрсетуге жағдай жасалады. Оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болу керек, «Ассоциация» , «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау», «Броундық қозғалыс», «Стикердегі диалог» әдістерін пайдалануға болады. «Өзара оқыту әдісі», «Кең ауқымды лекция» әдісі, «Инсерт» әдісі, «Білемін, білгім келеді, үйренемін», т.б. әдіс-тәсілдерді қолдану оқушының өздігінен білім алу, шығармашылық іс-әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. «Үштік» әдіс – Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады. SWOT – талдау Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп – қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі. «Бір минуттық әңгіме» тәсілі. Оқушылар қарама – қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.
«Бес жолды өлең», «Вен диаграммасы», «Кейіпкерге хат», «Кубизм», «Т кестесі», «ПОПС формуласы», «Шахмат», «Фишбоун» т.б. әдіс-тәсілдер әр сабақтың ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады. Бұл әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.
Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету, дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.

2.2 Сабақ беру барысында жеті модульді ықпалдастыра отырып оқыту ерекшеліктері


XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор рөл атқарады. Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту. Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Оқыту барысында озық,тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену. Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.
Бағдарлама жеті модульден тұрады:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады.
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан өзіндік “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді.

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөлін айшықтап көрсетіп береді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес,оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.

Диалог бойынша оқыту

Тапсырманы орындауда сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді.

Зерттеушілік әңгіме барысында бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді,бірлескен түсінік қалыптасады.



Өз идеясын ортаға салып, басқалардың пікірін тыңдайтын болады.

Топтық тапсырмаларда постірді орындауға белсене қатысатын болады.

Таланты мен дарындылығын анықтауда берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай алады.

Жоғарғы балл жинағандар арасында пресс-коонференция өткізгенде «көшбасшы» анықталады.




  1. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түпкір-түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

  1. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып отыр. Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық болып екіге бөлінеді. Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.

  1. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылар арасындағы «дарынды және талантты балалар деген кімдер?» деген сұрақ туындайтыны рас. «Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келеді» деп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Ренцулли мен Райс (1985)» дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам қызыметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім»деген пікір білдіреді. Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашанда өмірде өз жолын таба алады.
Мұғалімнің іс – тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық – мақсаттың жүзеге асуы. Мұғалім қандай тақырып өткізсе де, ең алдымен оның мақсатын анықтауы тиіс.
Сабақ беру үрдісінде дәстүрлі әдістердің бірі дәріс сабақтарында оқушыларды жаңа мәліметтермен ақпараттандыруға басымдық беріп, оны бекіту ауызша сұрақ – жауаппен ғана шектелген болса,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді (басымдылық диалогты оқыту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалануға) тәжірибеде қолдану оқу әрекеттерінің реттеуші, танымдық, коммуникативті сияқты белсенді түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Осы әрекеттерді жүзеге асыратын ресурстарды (тізбектелген жұмыс жоспарлары, тапсырмалар, рефлексия) сабақта пайдалана отырып, жаңа оқу мақсаты мен міндеттерін қоя білуге, мақсатқа жету жағдайын талдауға, болжауға, өз уақытын бақылау және оны басқара білуге, әрекет тәсілдері мен нәтижесі бойынша бақылауды жүзеге асыруға, эмоционалдық жағдайын өз бетінше реттей алуға, логикалық талдауларды құруға, қорытынды жасай білуге, фактілерге сүйене отырып дәлелдеуге және рефлексияны жүзеге асыру арқылы сын тұрғысынан ойлауға қол жеткізеді.
Ал, оқушылардың танымдық іс – әрекеттерін дамытуда, ақпараттық технологиялардың алатын үлесі зор болады, атап айтқанда, қажетті мәліметтердің көздерін анықтау; ақпаратты іздеу әдістерін қолдану; ақпараттарды бір түрден екінші түрде ауыстыруға (кесте, мәтін) оқып отырған нысанды талдауға, синтездеу, яғни, жеке элементтерді біртұтас етіп біріктіруге қол жеткізу.
Коммуникативтік іс – әрекетті дамыту мақсатында топтық жұмыстың орны ерекше, яғни, оқытушы мен оқушының оқу қарым – қатынасын жоспарлау және ұйымдастыру; сөйлесімге түсу, проблеманы ұжыммен талқылау, өз ойын жеткізуде тиімді тіл құралдарын қолдануға; өз ойын және серігінің көзқарастарын жүйелеуге; топпен жұмыс істеуге қатынас орнатуға; топпен талдауға қатысуға; қарым – қатынас жасауда моральдық – этикалық, психологиялық ұстанымдарды ұстануға, коммуникативті рефлексияны жүзеге асыруға қол жеткізуге болады.

Эксперименттік бөлім


Жаңартылған білім мазмұнындағы ерекшеліктерді анықтау мақсатында жүргізілген эксперименттік жұмыс Жаңаарқа ауданы №132 Тірек мектебінде өткізілді. Эксперименттік жұмыс бойынша 4«б» - эксперименттік сынып, 4«а» - бақылау сыныбы болып бекітілді. Эксперимент жұмысының анықтаушы кезеңінде жаңартылған білім мазмұнына сәйкес 4 «б» және 4 «а» сынып арасында бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізілді.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау барысында оқушылардың өткен тақырып бойынша білім сапасының көрсеткіші анықталды. Эксперименттік сыныпқа сабақ беру барысында жеті модульді ықпалдастыра отырып оқыту басшылыққа алынды. Осы жеті модульдің ішінен сабақ басысында «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі таңдап алынды. Сыни тұрғыдан ойлау оқушы өз алдына сұрақ қойып және сол сұрақтарға жауап іздеуі, сонымен бірге басқалардың пікірлерін тыңдай отырып дәлірек қарастыру және дәлелдемелердің қисынын қарастыру. Демек, оқушы мәселенің немесе берілген тапсырма төңірегінде ойланады. Оқушы бір – бірімен жұмыс жасау арқылы сол мәселені талқылайды және шешімін анықтайды. Сабақтың басталуы әр кезде сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнатудан басталды. Әр тақырыптар бойынша тапсырмалар оқушы сыни тұрғыдан ойланатындай етіп алынды. Тақырыпты оқушылар топтаса отырып бір – біріне түсіндірді, ешқандай оқушы қалыс қалмады. Постермен жұмыс барысында үлгерімі нашар оқушылар сурет салып, бірі бояп, енді бірі күтпеген ой тастап, өздерін әр қырынан көрсете білді. Сабақтарымда жиі қолданылатын әдістерімнің бірі «Мюнстенберг» әдісі. Бұл әдісті таңдаған себебім, оқушының ойын, түсінігін жинақтау, дәлелдеу, пікірталас тудыру. Сонымен қатар «серпілген сауал» әдісін қолданған кезде оқушылардың қойылған сұрақтарға тез әрі ұтымды жауап беруі, сыни ойлауына ықпал жасалынды. «Жұптас, ойлан, талқыла» әдісі барысында оқушылар берілген тақырып аясында топта ынтымақтастықта жұмыс жасап, берілген тапсырманы жұптаса ойлана отырып, талқылап шешімін тапты. Үйрету процесі – бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталды. Бұл кезеңде «Ой ашар», «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау» т.б әдістер тиімді пайдаланылды. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін бірнеше стратегиялар бар.Мысал ретінде INSERT әдісін келтіре кетейін: ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында белгілерді қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойынша басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Менің тәжірибемде ой толғаныс кезеңінде толғануды тиімді етуге лайықталған «Венн диаграммасы» , «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне байланысты қолданылып отырды. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастырылуын қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Осы тапсырмаларды беру кезінде мынадай нәтижеге жеттім:оқушылардың бойында өз ісіне деген сенім мен жауапкершілік орнады, оқушылар сабаққа түгелдей белсенді қатысты, ағылшын тілінде еркін өз ойын жеткізуге дағдыланды. Іс – тәжірибе барысында эксперимент сыныптарда оқитын оқушылардың бойында ашықтық, сенімділік қалыптасты, сабаққа бөгде адамдар қатыссада, күнделікті осы іс – әрекетке дағдыланған оқушылар, бастапқы қорқынышты жеңіп, сыни тұрғыдан ойлаған пікірлерін еркін жеткізетін болды.
Ағылшын тілін оқыту барысында АКТ – ның алатын орны ерекше. Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды аудио-визуалды қабылдау мен көрсетілім оқушылардың алған ақпаратты сақтауының 20-30% -на ғана әсер етсе де, оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды талқылау, тәжірибе барысында бір-біріне үйрету, білім беру және үйрену барысында жақсы нәтижеге жете алды.Мысалы 4 сынып оқушыларына «Hot and cold», «Volcanoes», «Snow and ice», тақырыптары бойынша видеоролик,презентация арқылы жаңа сөздер таныстырылған болатын. Оқушылар көру, есте сақтау арқылы осы тақырыптар бойынша өткен сөздік жұмысынан жақсы нәтиже көрсете білді.
Критериалды бағалау – оқушының оқу жетістігін бағалау. Бұл бағалау барысында оқу үдерісі оқушылар өзін-өзі, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін, өзінің әрекеттері мен мүмкіндіктерін бағалауға жағдай жасалатындай етіп ұйымдастырылды. Бағалау шынайы және барлығына көрінетіндей болуы үшін сабаққа негізделген бағалау критерийлерін құрылды. Ол критерий сабақты жақсы меңгергендігі, берілген тапсырмаларды орындауы сияқты меңгеру қажеттіліктеріне негізделді. Оқушылар критериилерге сүйене отырып өздерін де өзгені де шынайы бағалауға тырысты.
Сабақта бастауыш сынып оқушылары үшін қарапайым және тиімді әдіс - «Бағдаршам» әдісі қолданылды. Осы әдіс арқылы әр оқушының қаншалықты жаңа тақырыпты меңгергені анықталды.
Оқушы білімін бекіту мақсатында кері байланыс жүргізіліп отырды. Сабақ барысында өткізілген кері байланыс түрлері:

  • Табыс сатысы;

  • Таңдау;

  • Аяқталмаған сөйлемдер;

  • Плюс, минус, қызықты;

  • Бағдаршам;

  • Алма ағашы;

  • Бір сөзбен;

Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында да жүргізілді.
Эксперименттік жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылардан бөлім бойынша қорытынды бақылау жұмысы алынды.Бөлім бойынша бақылау жұмысы төмендегідей нәтиже көрсетті.




4 «а» сыныбы (бақылау)

4 «б» сыныбы (эксперимент)

Экспериментке дейін

74%

78%

Эксперименттен кейін

75%

85%




Экспериментке сүйенсек – 4 «а» сыныбының көрсеткіші 74% - дан 75%-ға ғана көтерілді, ал эксперимент сыныптың көрсеткіші 78%- дан 85%-ға дейін жоғарлады.


Курстық жұмыстың болжамына сәйкес жаңартылғын білім мазмұнындағы ерекшеліктерді пайдалану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау,функционалдық, танымдық, шығармашылық қабілеттерін арта түсті.
Қортындылай келе аталған бағдарламаға сәйкес әдіс – тәсілдерді, жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын,білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көсбашы болып тәрбиеленетіні сөзсіз.
Қорытынды
«Жаңартылған білім мазмұны бұл- мүлде жаңа бағдарлама, оқулықтар, стандарттар және кадрлар» ( Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндігі атты Қазақстан халқына жолдауынан).
Ұстаздарға қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, ұстаз — рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болу керек деп тұжырымдауға болады. Бұл бағытта мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыру – басты мақсат болып табылады.
Қазақ баласының бойында Абай атамыз айтқандай, «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек болуы – өмір сүрудің басты заңдылығы болса, ол үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру – ұстаздардың міндеті екені даусыз.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр,шапшаң, сезімтал,ештеңені жасырмай еркін айтады. Мақтау сүйгіш, мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой-пікіріне сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруге тура келеді. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде мұғалім оқушыға үнемі шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап көрсетсе, онда балалардың өздері де ізденіске түседі.
Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми – теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Мұғалім оқушыларға тек теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай, олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударулары керек сияқты. Осы әрекеттер үрдіске айналғанда барып сыныптағы өзара әрекеттесу процесі толық ынтымақтастықта дамиды деп санаймын.
Мұғалімге өз тәжірибесінің негізінде шешім қабылдау үшін өз іс- тәжірибесін сыни бағалау да қажет. Кез- келген жүріп өткен қадамыңды жоспарлау оны орындау үшін іс – әрекет жасау , ал сол жасалған іс- әрекетіңе рефлексия жасау маңызды болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі әлемдік өзгерістер әсіресе мұғалімдерге өзгерістің қажеттігін дәлелдейді. Себебі мұғалімдер болашақты дайындайды, ал болашақ – қазіргі мектеп оқушылары болып табылады. « Балаңды өзің өмір сүріп отырған кезеңге емес, болашаққа қарай тәрбиеле» деген екен мұсылман ғұламалары. Сондықтан бала тәрбиешісі ретінде мұғалімге өзгеріссіз қалу қауіпті деп ойлаймын.
Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті - баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау және дамыту, білімдерін ашу, мектеп жағдайына тез бейімделуге қажет жағымды мінез-құлық қалыптастыру. Бала бойындағы қиындықтарды жеңе білу мақсатындағы оқыту әдісінің мазмұнын жаңаша оқыту. Білімді тұлға қайдан шығады? Жаңашыл мұғалімнің баланы дамыта оқытудағы жаңаша еңбегі, балаға ізденіс жолында білім берудегі жұмыс нәтижесінен шығады. Бастауыш сыныпта жаңаша білім беру мазмұнын жетілдіру, жаңашылдық әдістерді мектеп тәжірибесінде қолдану тиімділігімен жүзеге асырылады.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» - Алматы 2005ж.

  2. Бастауыш мектептің пәндері бойынша оқу бағдарламалары туралы. Әдістемелік құрал. 2015.

  3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау ережесі - 2015. Астана.

  4. Блум таксономиясын оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі. Әдістемелік құрал, Орал қаласы 2013ж.

  5. Гельвеция.Об уме. - М.: Мир книги; Литература, 2007. C.34.

  6. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 31 қаңтар 2017ж. http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1700002017

  7. Жаңартылған білім мазмұнын пилоттық енгізу туралы №159 бұйрық – 2015ж.

  8. Ж.Жонтаева «Оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту». №15.52, 2016ж.

  9. Караев Ж.А. Вопросы внедрения критериальной системы оценивания в практику школ Республики Казахстан Международный журнал экспериментального образования. - 2014. - № 5 – C. 58-62.

  10. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы.

  11. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http://adilet.zan.kz/rus

  12. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 2007 жыл 27 шілде № 319-III.

  13. Қазақстан Республикасының « Білім туралы » Заңы. Алматы 2008 ж.

  14. ҚР Бiлiм туралы Заңы. Астана, Ақорда, 27 шілде 2007 ж. №319-3 РК Бiлiм беру мекемесі басшысының анықтамалығы 2007, №9

  15. Мұғалімге арналған нұсқаулық бірінші (ілгері) Деңгей , екінші басылым . 2014 ж.

  16. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей. Назарбаев зияткерлік мектебі ДББҰ, 2012.

  17. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы - Әдістемелік құрал.2015. Екiншi басылым

  18. Нургалиева Г.К. Сравнительная педагогика. Алматы. 1999 ж.

  19. «Педагогика және психология» атты ғылыми-әдістемелік журнал. №1, Алматы, 2009 ж.

Қосымша А


Қосымша Б



Қосымша В
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгісі




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет