Сабақ. Биологиялық мембранының ҚҰрылысы және оның Қызметі. ЖАСАНДЫ Биологиялық мембрана. Сабақ жоспары Биологиялық физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы



бет24/53
Дата16.12.2022
өлшемі11,48 Mb.
#57647
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Байланысты:
1 -15 сабақтар МБФ 2018

Есту құралдары. Түрлі себептерге байланысты адам құлағының дыбысты қабылдауының бұзылуын ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде жасалынған есту құралдары – электрондық қондырғылар - күшейткіштер арқылы қалпына келтіруге болады. Мысалы, микроэлектроника саласындағы жетістіктер аудиология мен электроакустикалық құралдардың дамуына үлкен ықпал етті. Соның нәтижесінде кең жиілікте жұмыс істейтін, көлемі өте шағын, есту құралдары жасалынды. Құлақтың өте нашар естуі немесе тас кереңдік (саңыраулық) орын алған жағдайда есту құралдарың көмегі тимейді. Мысалы, тас кереңдік(саңыраулық) ішкі құлақтың иірімді түтігінде(ұлу денесінде) орналасқан рецепторлының зақымдалуынан болса, онда сыртқы дыбыс әсерінен иірімді түтігінде (ұлу денесінде) электрлік сигналдар пайда болмайды. Қазіргі кезеңде мұндай аурулары бар адамдардың құлағындағы иірімді түтігіне (ұлу денесіне) электродтарды жалғау арқылы дыбысты естуін қалпына келтіретін әдістер бар.
Тимпанометрия. Құлақтың дыбыс толқынын өткізетін (қабылдайтын) жүйесінің қызметін есту жолындағы ауа қысымын өзгерту арқылы өлшеу әдісін тимпанометрия деп атайды. Бұл әдіс құлақтың дабыл жарғағының, есту сүйектерінің қозғалғыштығын, ортаңғы құлақтағы қысымды және есту жолының қызметін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу мына түрде жүргізіледі. Алдымен құлақ қалқаны арқылы есту жолына құралдың зондын тығыз етіп орналастырып, ол арқылы есту жолындағы ауа қысымын жоғарылатады немесе төмендетеді, онаң соң интенсивтілігі белгілі деңгейдегі дыбыс толқыны жіберіледі.
Дабыл жарғағына жеткен толқынның біраз бөлігі шағылысып, кері қайтады. Қайта келген толқынның интенсивтілігін өлшеу арқылы ортаңғы құлақтың дыбысты өткізгіштік қабілетін анықтаймыз, яғни қайта келген дыбыс интенсивтілігі көп болған сайын дыбыс өткізгіш жүйенің (ортаңғы құлақтың) қозғалғыштығы төмен болғаны, бұл дыбыс жарағының серпімділігінің төмендегендігін білдіреді, яғни ол қатыңқырап қалған. Ортаңғы құлақтың мұндай механикалық көрсеткіші ретінде қозғалғыштық параметрі деген шаманы қолданады.



14–сурет. Тимпанометриялық құралды есту жолына орналастыру.
1- зондтан тараған дыбыс толқыны, 2- дабыл жарғағынан шағылған дыбыс толқыны.
Зерттеу кезінде ортаңғы құлақтағы қысымды +200 дПа дан -200 дПа дейін аралықта өзгертеді. Осы аралықтағы әр қысымға сәйкес қозғалғыштық параметрін анықтап, соған сәйкес график түзеді, оны тимпанограмма деп атайды (15 - сурет).

15 –сурет. Тимпанограма.


Егер ортаңғы құлақта ешқандай патология болмаса, оның қозғалғыштығының максимум мәні қосымша қысым жоқ кезінде, яғни құлақ ішіндегі қысым атмосфералық қысымға тең болғанда байқалады. Қозғалғыштық көрсеткіштігінің жоғарылауы дабыл жарғағының серпімділігің төмендегендігін (қатайғандығының) немесе есту сүйектерінің өз ара байланысының нашарлағандығын білдіреді. Ортаңғы құлақтағы түрлі патология кезінде тимпанограмма түрлі өзгеріске ұшырайды(16 –сурет)




а) б)
в) г)


16-сурет.
16 суретте құлақтағы патология кезіндегі тимпанограмма түрлері көрсетілген: а) патология жоқ,қалыпты жағдай; б) есту жолында ақау бар; в)дабыл жарғағының атрофизикалық өзгеруі; г) есту сүйектерінің өз ара ажырауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет