Сабақ. Биологиялық мембранының ҚҰрылысы және оның Қызметі. ЖАСАНДЫ Биологиялық мембрана. Сабақ жоспары Биологиялық физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы


Тірек-қимыл аппаратының тетікігі (рычаг)



бет30/53
Дата16.12.2022
өлшемі11,48 Mb.
#57647
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Тірек-қимыл аппаратының тетікігі (рычаг)
мен буындалуы
Бұлшық еттердің күш-жігерін бағалай отырып, олардың сүйектерге деген бекітілу ерекшеліктерін ескеру керек. Қанқа сүйектері, белгілі бір нүктелерде бекітілген бұлшықеттермен қатар, адамның тірек-қимыл аппараты болып табылады. Бұлшық еттердің жиырылуынан туындайтын тартылыс күші, буындардағы тірек тетіктер ретінде сүйектердің қозғалысын қамтамасыз етеді.
Иін(рычаг) деп айналу осі бар қатты денені атайды. Ол, мына теңдеумен сипатталады: M= F∙b, мұнда, М-күш моменті, b- күштің F иық иіні, F-күш (13 –сурет).


13- сурет. Тетік сызбасы.
О- айналу осі, b- иық тетігі.

Иіннің екі түрін ажыратады: бірінші ретті иін- күш бір бағытқа бағытталған және тірек нүктесі (айналу осі) күш салынған нүктелер арасында орналасады. Мұндай, иінде күштің тепе-теңдік шарты орындалады: R∙b = F∙a (14а - сурет).


Екінші ретті иін күш кері бағытқа бағытталған, ал айналу осі қосынды күш нүктесінің бойында орналасқан. Ал, осының тепе-теңдік шарты: F∙a= R∙b тең (14б -сурет).


а) б)
14 -сурет. Иін түрлері.


Иіннің үш түрін қарастырайық:


1) Әрекет ететін күштер F және кедергі күші R нүктелерінің арасында орналасқан кезде. Мұнда иіннің тепе-теңдік шарты: Fа = Rb.



15- сурет. 16- сурет.


Суреттегі, R - бастың ауырлық күші; b – оның иіні; F - бұлшықет пен байламдардың шүйде сүйегіне керілу күші; а - оның иіні. Мысалы: сагиталь жазықтықта көрсетілген бас сүйегі. Сагиталь жазықтығы – алғы-артқы осі жағында орналасқан. Сагиталь жазықтықтары (жалған) дененің бойымен тігінен өтеді; тек орта сагитальдық жазықтық оны екі симметриялық жартыға бөледі. Айналу осі О бас сүйектің бірінші омыртқасымен будандасқан аймағына арқылы өтеді. R - бастың ауырлық күші. F - бұлшықет пен байламдардың шүйде сүйегіне керілу күші (15- сурет).


2) Тіреу нүктесі үшін R кедергі күші қолданылу нүктесінен тыс жерде болғанда және F күші иіннің соңына орналасқанда, тепе-теңдік шарты мынаған тең болады: Fa = Rb, бірақ а > b, сондықтан F > R. Яғни иін күштн арттырады, алайда қимыл күшін жоғалтады да, күштің иіні немесе иін күші деп аталады. Мысалы: табан сүйектерінің айқасуы. Тіреу нүктесі О ретінде-табан сүйектері (плюсневые кости) қызмет атқарады. F – дененің көтеруін қамтамасыз ететін бұлшықет күші, ол ахилл сіңірі арқылы өкше сүйегіне өткізеді (16-сурет).
3) R күшіне қарағанда, F күші тіреу нүктесіне жақын.



Иіннің тепе-теңдік шарты: , бірақ, а < b, сондықтан, F > R, яғни иін күшті төмендетеді, алайда қимыл күшін артырады да, жылдамдық иіні немесе иін жылдамдығы деп аталады. Мысалы: білек сүйектері. Тіреу нүктесі О шынтақ буында орналасқан. F – білек сүйектеріндегі бұлшық ет бүгілу күші, R – білезікке түскен салмақтың ауырлық күші және білектің ауырлық күші. Яғни, R кедергі күштерін еңсеру үшін F бұлшықет күші тетіктің осіне бағытталған бұлшықет бұрышынан үлкен болуы керек. Сондықтан, адам бүгілген білекпен ауыр салмақты заттарды көтере алады, ал білектің жазылған күйінде керісінше, аз салмақты көтереді.
Сүйек — адамның денесіндегі негізгі жанды мүше болып табылады. Ол өзінің қаттылық қасиетінің арқасында денені қимылға келтірумен бірге тіректік қызмет атқарады. Буындардың қосылыстың негізгі механикалық сипаттамасы – еркіндік-қимылды дәрежесі. Еркіндік-қимылды дәрежесіне қарай 1, 2 және 3 дәрежелі болып бөлінеді: шынтақ буыны – бір дәрежелі; кәріжілік-білезік буыны – екі дәрежелі; жамбас буыны (ұршық буыны), жауырын-трапециялық үшбұрыш буындасуы – үш дәрежелі (бүгуі мен жазылуы, келтіру және алшақтау, айналуы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет