Сабақ. Биологиялық мембранының ҚҰрылысы және оның Қызметі. ЖАСАНДЫ Биологиялық мембрана. Сабақ жоспары Биологиялық физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы



бет36/53
Дата16.12.2022
өлшемі11,48 Mb.
#57647
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Хемилюминесценция.
Химиялық реакцияда бөлінген энергия нәтижесінде байқалатын люминесценцияны хемилюминесценция деп атайды. Бұл кезде химиялық энергияның жарық энергиясына ауысуы орын алады және бөлінетін жарық не реакцияға түскен заттардан немесе зат құрамындағы қозған денеден шығады. Хемилюминесценция жарығының интенсивтілігі химиялық реакция жылдамдығына пропорционалды. Биологиялық жүйелерде байқалатын хемилюминесценция түрін биохемилюминесценция деп атайды.
Биохемилюминесценция тірі жанулар мен жәндіктер әлеміне тән құбылыс, қазігіт таңда оның 250 тарта түрі кездеседі. Биохемилюминесценция құбылысы тотығу реакциясы нәтижесінде, мысалы, липидтердің еркін радиклдар реакциясында байқалады.
Люминесценция құбылысы медицина мен биологияда заттардың құрамына санды және сапалы талдау жүргізуде қолданылады.
Люминесцнцияның биология мен медицинада қолданылуы
Люминесценциялық сапалы және санды талдау деп дене (зат) шығаратын люминесценциялық спектрі бойынша заттың табиғаты мен құрамын анықтауды атайды.

  • Сапалық талдау –люминесценция спектрі арқылы зерттелген денеде заттың бар екендігін анықтау. Бұл ретте зат молекулаларының құрылымын, молекула аралық әсерлесуді, олардың химиялық түрленуін анықтауға болады.

  • Санды талдау - люминесценция спектрінің интенсивтілі арқылы зерттелінген денеде зат шамасын, яғни мөлшерін анықтау (m = 10-10 г заттың салмағын білуге болады)

Егер люминофором еріген зат түрінде болса, онда оптикалық тығыздығы онша жоғары емес заттың люминесценциясы оның ерітінді концентрациясына пропорционал болады, яғни люминесценция интенсивтілі сұйықта еріген зат концентрациясының санды көрсеткіші бола алады. Ол үшін зерттелінетін заттың IX люминесценция интенсивтілігін концентрациясы белгілі заттың I люминесценция интенсивтілігімен салыстырады. Белгісіз ертіндінің Сх концентрациясын мына формуламен анықтайды:
Сх = С0*(Iх/I0).

Зерттеу әдістеріне сәйкес люминесценттік талдауды мына схема түрінде қарастыруға болады:




Макроанализ – УК-мен сәулелендірілген затардың люминесценциялық сәулесін тікелей көзбен бақылау:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет