Сабақ Бөлім: 1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі


Төмендегі сұрақтарға жауап жазып, жауабыңды түсіндір



бет3/22
Дата18.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#118151
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
11 кл Қазақ тілі ҚМЖ 1-тоқсан 2023-2024ж

Төмендегі сұрақтарға жауап жазып, жауабыңды түсіндір.

1-сұрақ: Не пайдалы?
2-сұрақ: Не қажет?
3-сұрақ: Нені есте сақтау керек?










Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 2-сабақ



Бөлім:

1-бөлім:
Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі



Педагогтің тегі, аты,
әкесінің аты :


Күні:




Сынып: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Тіл –тарихтың айнасы. Қазақ жазуының тарихы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
11.3.1.1 - таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазу;

Сабақтың мақсаты

Таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін көрсетіп, жанрлық ерекшеліктерін талдай алады. Мәтінге сай тезис жазады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
6 минут



Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ой шақыру
Тілге қатысты қандай нақыл сөздерді білесіңдер? Мағынасын ашып, айтып беріңдер.



Сұрақтарға жауап береді

Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!



Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020жыл



Сабақтың
ортасы
20 минут

8 минут



1. Тезиске қойылатын талаптармен таныс. Тезис – баяндаманың, лекцияның, ғылыми мақаланың, хабарламаның қысқаша тұжырымдалған негізгі қағидалары. Тезис – ғылыми жұмыстың алғашқы бастамасы, сондайақ, аннотация, реферат, мақала авторының екінші мәтіні болуы да мүмкін. Тезис өз баяндамаңыздың қысқартылған нұсқасы болады. Екінші тезис нұсқасы өзге автордың бірінші нұсқасының негізінде жазылуы мүмкін. Көтеріліп отырған тақырып тезисте қысқартылып, логикалық жүйелілікпен ұсынылады. Әр азат жолды құрайтын әр тезис әрбір шағын тақырыптан мәлімет беріп отыру керек. Егер жоспар тек қарастырылатын сұрақты ғана қарайтын болса, ал тезис осы сұрақтарды шешудің жолдарын қарастырады. Тезис төмендегідей қатаң нормативтік мазмұндық-композициялық құрылымнан тұрады: 1. кіріспе бөлімі, онда мақсаты, міндеті қарастырылады; 2. негізгі тезис мазмұны; 3. қорытынды тезис. Тезис мазмұнының нақты логикалық бөлінуі екі түрлі: формальдық және сызбалық. Тезистердің өзара формальдық логикалық байланысы келесі тәсілдермен жүзеге асады: - әр тезистің алдында қыстырма сөздің қолданылуы (біріншіден, екіншіден); - мәселеге қатысты көзқарасты білдіретін фразалардың қолданылуы (ішкі факторсыртқы фактор); - классификациялық фразалардың қолданылуы (іс-әрекет етістіктері, жағдайды танытатын етістіктер). Тезис келесі сөздік қолданыстардан басталуы мүмкін: - Барлығымызға белгілі, бұл... - Ерекше атап көрсету керек, ... - Алайда... - Мамандар өз міндеттерін шешуде... Тезистегі негізгі ақпарат келесі лексикалық бірліктермен байланысуы мүмкін: - Сұрақ қояды... - Есептейді... - Салыстырады... - Мысал келтіреді... - Санамалап көрсетеді... - Мінездеме береді... - Атап көрсетеді... Тезис ғылыми жанрдың нормаларына негізделген оның бір түрі болып табылады. Сондықтан тезистерде өзге жанрлардың араласуы стильдік қана емес, коммуникативтік тұрғыдан да өрескел қателік болып табылады. Сондай-ақ типтік қателердің бірі болып саналатыны – тезисті реферат, аннотация, жоба, жоспар сияқты түрлі жанрлармен шатастырып, араластырып жіберу. Мұндай араластырып жіберу автордың ғылыми-сөйлеу мәдениетінің жоқтығын байқатады. Тезисте сөйлеу мәнерінің біркелкілігі мен стильдік тазалық талап етіледі, эмоционалды-экспрессивті анықтамалар, метафоралар және басқа стильдің кірігуі болмау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет