Тапсырма
Жазба жұмысы (Диктант)
17 ғасырдың соңы, 18 ғасырдың басынан бастап Ресейдiң және Батыс Еуропаның бiрқатар елдерiнiң ғалымдары Қазақстан аумағы мен халқын, оның тарихын, мәдениетiн, тұрмысы мен салтын зерттей бастады. Осы өлкенi алғашқы зерттеушiлердiң бiрi орыс картографы С.У.Ремезов болды, ол «Сiбiр халықтары және олардың шекаралары туралы сипаттама» деген еңбек жазып қалдырды. 18 ғасырдың алғашқы ширегiнде Қазақстанда И.Д.Бухгольцтың, С.Лихаревтың, И.Унковскийдiң және басқа ғалымдардың экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Олар Ертiс өзенiнің алабын Зайсан көліне дейiн, Тарбағатай тауының және Жетiсу Алатауының сiлемдерiн зерттедi. А.Бекович-Черкасскийдiң ғылыми экспедициясы Арал теңізін және Каспий теңізінiң аумағын картаға түсiрдi, сондай-ақ, қазақ халқы туралы кейбiр этнограф мәлiметтер жинады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейiн (1731), оны ғылыми тұрғыда зерттеу iсi неғұрлым кең түрде және жедел қарқынмен қолға алынды. 1725 жылы құрылған Ресей ғылым академиясы Қазақстан өлкесiн географиялық, геологиялық және этнографиялық тұрғыда зерттеу үшiн 1733 жылдың өзiнде-ақ экспедиция ұйымдастырды. 1733 жылдан 1771 жылға дейiн Баты Қазақстанға академияның көптеген экспедициясы келiп қайтты, бұл экспедицияларды С.П. Крашенинников (1711-1755), И.Г.Гмелин (1709-1755), И.И.Лепехин, П.С.Паллас, И.П.Фальк, П.И.Рычковтар басқарды. Орынбор тұрақты экспедициясы құрылды, оған И.ККирилов, П.И. Рычков, В.Н.Татищев (1686-1750) сияқты белгiлi орыс ғалымдары жетекшiлiк жасады.
|
|