2.1.1.3.** Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
2.5.2.1. Екі таңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтық кестені қолдану.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтайды, разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады. Көптеген оқушылар екі таңбалы сандардың разрядтар кестесін қолданады, ең кіші және ең үлкен екі таңбалы сандарды анықтайды, оларды ондық пен бірі таңбалы санның қосындысы түрінде, яғни ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктеуге болатынын түсінеді, білімін қолданады.
Кейбір оқушылар екі таңбалы санның разрядтық құрамы туралы білімін тапсырмалар орындау барысында тиімді қолдана алады, басқаларға да түсіндіре алады.
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Кіріспе-қызықтырушылық кезеңі 1-сыныптағы білімі пысықталады.
Ондықтармен және бірліктермен санау, мұнда 20-ға дейінгі екі таңбалы сандардың бір ондықтан және бір немесе бірнеше бірліктерден тұрады, оларды ондық пен бір таңбалы санның қосындысы түрінде, яғни ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктеу пысықталады.
20 көлеміндегі екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау пысықталады.
20 көлеміндегі екі таңбалы сандардың разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктеу пысықталады.
11-ден 20-ға дейінгі сандар үшін «ондық құрам» мен разрядтық құрам» терминдері – синонимсөздер.
«11-ден 20-ға дейінгі сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу» мен «санды разрядтық қосылғыштарға жіктеу» тапсырмалары бірдей әрекеттіанықтайды.
Екі таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу ауызша қосумен
Оқушылар практикалық жаттығу орындау негізінде
«екі таңбалы сан, ондық, бірлік» деген сөздерді қолдана отырып, сұрақтарға жауап береді.
1-сыныпта алған білімін пысықтайды.
20-ға дейінгі екі таңбалы сандарды ондық пен бір таңбалы санның қосындысы түрінде, яғни ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктейді.