2.5.2.1. Екі таңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтық кестені қолдану.
мақсаттары
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар екі таңбалы сандардың түрлі графикалық модельдері көмегімен екі таңбалы сандарды оқиды және жазады.
Көптеген оқушылар екі таңбалы сандардарды әр түсті дөңгелектер, шаршылардан тұратын сызба түрінде модельдейді.
Кейбір оқушылар шығармашылыққа берілген тапсырмалардың жауабын түрлі нұсқада береді, өз жауабын түсіндіреді, дәлелдейді.
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Кіріспе-қызықтырушылық кезеңі Жаңа сабаққа дайындық ретінде практикалық әрекет орындалады. «Цифрлардан сан құра» дидактикалық ойыны ұйымдастырылады.
Шағын топтарға 20-дан 30-ға дейінгі сандарды құру үшін 0–9 аралығында цифрлар таратылады. Ойын шарты: әр топ цифрлардан сан құрайды. Сандарды разрядтық
қосылғыштарға жіктеп атайды.
20-дан 30-ға дейінгі сандарды құру үшін 0–9 аралығында цифрларды қолданады.
Кері байланыс: «Мен саған, сен маған».
Кеспе сандар
Сабақтың ортасы
Операционалдық-танымдық кезеңі Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Тапсырма ортақ тақырыппен байланыстырылады:
Суреттен қандай доптарды, ойыншықтарды көріп тұрсыңдар?
Саған қандай ойыншық (ойын) ұнайды? Ойыншықтарда берілген цифрларды пайдаланып,
10 мен 20 сандарының арасындағы екі
таңбалы сандар тізбегін жазады. 11, 12, 13, 14,
15, 16, 17, 18, 19.
2-тапсырмада әр жұп суреттерде берілген екі таңбалы сандардың түрлі графикалық модельдерін зерттейді. Әр графикалық модельге сәйкес келетін екі таңбалы санды және оларды разрядтық қосылғыштар қосындысы түрінде қалай жазады?
75 саны әр түсті шаршылардан тұратын сызба түрінде модельдеп көрсетілген.
Мұндағы 1 жасыл түсті шаршы 1 ондықты
Оқулықпен жұмыс.
тапсырмада ойыншықтарда берілген цифрларды пайдаланып, 10
мен 20 сандарының арасындағы екі таңбалы сандар тізбегін жазады.
тапсырмада екі таңбалы сандардың әртүрлі графикалық модельдерін зерттейді, графикалық модельге сәйкес санды атайды, оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады.
Кері байланыс: «Санды анықта». Әр топ бір-біріне өзара баға береді.
тапсырма. Сөзбен бағалау: мұғалім мен оқушы арасындағы
ауызша кері байланыс.
тапсырма.
Критерий: екі таңбалы санның графикалық моделін түрлі нұсқада салады. Дескриптор:
Слайдтар: «Екі таңбалы санның түрлі графикалық модельдері».
білдіреді. Демек 7 жасыл түсті шаршы 7 ондыққа тең, 5 көк түсті шаршы 5 бірлікке тең. 75 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады: 75 = 70 + 5
Осы үлгіде 57 санының графикалық моделі талданады.
62 саны ішінде нүктелері белгіленген әр түсті тік төртбұрыштар түрінде модельдеп көрсетілген.
Жасыл түсті тік төртбұрыштар ішінде берілген нүктелер ондықтар санын, ал көк түсті тік төртбұрыштар ішінде берілген нүктелер бірліктер санын білдіреді.
62 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады: 62 = 60 + 2 Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін дамытушылық тапсырма берсе болады:
«Өзің осы үлгіде 21 санының моделін құрастыра аласың ба?» (Текшелермен орындалады.)
Ойсергек: «Ағашқа айналу» ойыны. Сендер «ағашқа айналуға» дайынсыңдар ма? Бір-біріңнің артыңа тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды.
Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жай ғана тербеледі.
Топтық жұмысқа арналған 3-тапсырмадаекі таңбалы сандардың графикалық модельдерін құрады.
Қайталауға берілген 4-тапсырмада көрсетілген математикалық жазбалардың арасынан теңдеулерді тауып, оларды шешеді.
тапсырмада екі таңбалы сандардың графикалық моделін құрады.
тапсырмада теңдеулерді табады, олардың шешуін
жазады және тексеру жасайды.
қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады.
3-тапсырма.
Критерий: Екі таңбалы санның графикалық моделін түрлі нұсқада құрады.. Дескриптор:
34 санын әр түсті дөңгелектер түрінде модельдеп көрсетеді;
47 санын әр түсті шаршылардан тұратын сызба түрінде модель деп
көрсетеді.
Көрнекі кестелер:
«Екі таңбалы сандардың графикалық модельдері».
5-тапсырмадаекі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу білігін жетілдіреді. 6-тапсырмада 42 санының ондықтар
разрядындағы цифрдың мәнін 1-ге арттырады. Бірліктер разрядындағы цифрдың мәнін 1-ге кемітеді. Қандай сан шықты?
42 санының ондықтар разрядындағы цифрдың мәні нешеге тең? (4-ке тең.)
4-ті 1-ге арттыр. (4 + 1 = 5)
42 санының бірліктер разрядындағы цифрдың мәні нешеге тең? (2-ге тең)
2-ні 1-ге кеміт. (2 – 1 = 1)
Жауабы: 51 саны.
7-тапсырмада санды бірнеше бірлікке кемітуге берілген есеп талданады.
Бірінші топ – 19 жұмбақ Екінші оп – ?, 7 жұмбақ кем Ш: 19 – 7 = 12.
Ж: екінші топ 12 жұмбақ жасырды.
«Кел, ойнайық!» айдарымен берілген
9-тапсырманы үлгі бойынша орындайды, яғни қосу амалын қолданып, екі таңбалы сандар құрады. Осы сандарды вагонда жазылған сандармен сәйкестендіріп, пойыз құрастырады.