Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
Сабақтың ортасы (26мин)
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ұ» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер.
Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Ұ ұ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Ұ ұ» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы. 1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Арман мен Марат шеберханада ұшақ жасады. Ұшақтары өте әдемі болды. Шынайы ұшаққа ұқсайды».