Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 112-сабақ
Бөлім:
|
Ғарышқа саяхат
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
Ахаева Кулжан
|
Күні:10.04.2023
|
|
Сынып: 4А
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қарсы мәндес сын есімдер38-43 жаттығу
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
4.2.5.1* дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау
|
Сабақтың мақсаты
|
дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табады,
кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылайды.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
10 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
«Санау» әдісімен топқа бөліп отырғызу.
- Топқа ат қойыңдар.
- Топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіріңдер.
Өткен сабаққа шолу:
А)Үй тапсырмасын тексеру.
«Керме жіп» әдісімен жаңа сабаққа кіріспе жүреді.
-Жіпте ілінген парақтардағы сұрақтарға жауап беріп, жасырын сөзді ашыңдар. (Сын есім)
- Сын есімнің анықтамасын айтыңдар. (с)
- Сын есімнің сұрақтарын атаңдар. (ы)
- Сын есімнің түрлерін ата. (н)
- Негізгі сын есімге мысалдар келтіріңдер. (е)
- Туынды сын есімге мысал келтіріңдер. (с)
- Заттың сапасын білдіретін сөздерге мысал келтір. (і)
- Заттың түсін білдіретін сөздерге мысалдар келтіріңдер. (м)
-Бүгінгі сабақта қарсы мәндес сын есімдерді анықтауға арналған тапсырмалар орындайтын боламыз.
Сабақ мақсатын хабарлау.
|
Жаттығу жасайды.
Саналады.
Топқа бірігеді.
Топ басшысын сайлайды.
Топ ережесін еске түсіреді.
Тапсырма тексертеді.
Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.
|
сұрақтар жазылған парақшалар С,Ы,Н,Е,С,І,М
|
Жаңа білім
15 мин
2 мин
15 мин
|
Жаңа сабақ
(Ұ) 1-тапсырма - «Ашық микрофон» әдісі.
38-жаттығу.
Мәтінді оқыңдар.
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап алыңдар.
Мәтінде кездескен жаңа сөздердің мағынасын сөздіктерден оқып, танысыңдар.
Т.Әубәкіров туралы мәтінде жазылмаған ақпараттарды дереккөздерден оқып біліп алыңдар.
39-жаттығу.
Берілген мақал-мәтелдің қатесін түзеп жазыңдар.
Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.
Жақсы болсаң –озарсың,
жаман болсаң азарсың.
Жақсы бала-ойлағыш,
Жаман бала-тойлағыш.
Сын есімдерді тауып, олардың мағынасына назар аударыңдар.
Анықтамамен жұмыс.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
- Қарсы мәндес сын есімдерге мысалдар келтір.
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі.
(Т) 2-тапсырма - «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.
40-жаттығу.
Өлеңді оқып, жатқа жазыңдар.
Үйрен жақсы әдептен,
Жирен жаман әдеттен.
42-жаттығу.
Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелдеңдер. Оларға қарсы мәнді сын есімдерді табыңдар.
Ірі-ұсақ, жұқа-қалың, құрғақ-дымқыл.
43-жаттығу.
Мағынасы жуық сын есімдерді бір-бөлек, қарсы мәнді сын есімдерді бір бөлек топтастырыңдар. Дәлелдеңдер.
жуық сын есімдер
|
қарсы мәнді сын есімдер
|
ізетті, ибалы
|
аласа-биік,
|
қарт, кәрі
|
кең-тар
|
момын, жуас
|
лай-тұнық
|
сұлу, көрікті
|
ауыр-жеңіл
|
|
Тапсырмамен жұмыс жасайды.
Билеп сергиді.
Тапсырма орындайды. Пікірін дәлелдейді.
|
Дескриптор:
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап алады-2балл.
жаңа сөздердің мағынасын ашады-2балл.
Әубәкіров туралы әңгімелейді-1балл.
Берілген мақал-мәтелдің қатесін түзейді-1балл.
Сын есімдерді тауып, олардың мағынасына назар аударады-1балл.
Өлеңді оқып, жатқа жазады-1балл.
Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелдейді-1балл.
Мағынасы жуық сын есімдерді бір-бөлек, қарсы мәнді сын есімдерді бір бөлек топтастырады-1балл.
|
Қазақ тілі 4 сынып оқулығы
2-бөлім
|
Қорытынды
5 мин
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |