Бөлім
|
Су - тіршілік көзі
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Шығарма
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрап жазады, ашық және жабық сұрақтарға жауап бере алады.
Көптеген оқушылар: жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен табады.
Кейбір оқушылар: жіберілген қателерді тауып түзетеді және қорытынды шығарады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезең
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурс
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін ширату жаттығуларын жасайды.
Оқу материалын жариялау
«Мюссенберг» әдісі арқылы жүреді:
Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.
раэлиащөшығарматқөпывыменіңыкеаозтдосымадпигннушә
-Қандай сөз шықты?
-Шығарма деген не еді?
-Дос деген кім?
-Өз достарың туралы не айтар едіңдер?
-Оның қандай қызығушылықтары бар?
- Досының сүйікті ісі не?
-Оның өз отбасымен қарым-қатынасы қандай?
-Дос туралы қандай мақал-мәтел, қанатты сөздер білесіңдер?
- Ендеше бүгінгі сабақта «Менің досым» тақырыбында шығарма жазатын боламыз.
|
Ширату жаттығуларын жасайды.
Сабақ тақырыбын, мақсатын ашады.
|
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі.
|
|
Сабақтың ортасы
35 мин
2 мин
|
(Д) 1-тапсырма шығарма жазу:
Жоспар:
1. Достық-адамдардың бір-біріне адалдығы
2. Досымның қызығушылықтары
3. Досымның сүйікті ісі.
4. Досымның өз отбасымен қарым-қатынасы
5. Досыңа өзіңнің тигізетін көмегің
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
|
-Шығарма жазады.
|
Дескриптор:
-Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі, сауатты жазады, жоспар бойынша берілген тақырыпта сипаттау мәтінін құрады -10балл.
|
Оқулық
|
Сабақтың соңы
3 мин
|
|