Сабақ дегеніміз не және оның ерекшелігі қандай?


Оқыту нысандары дегеніміз не?



бет4/9
Дата07.01.2022
өлшемі25,72 Kb.
#19396
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
бакылау сурактары

Оқыту нысандары дегеніміз не?

Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі нысандары пайдаланылды. Оқыту нысандарының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми –техниканың өзгеруіне байланысты болды.Ерте кезде оқытудың жеке, топтық т.б. түрлері болды.

Оқыту процесін ұйымдастыру нысандары дегеніміз арнайы ұйымдастырылып белгіленген тәртіппен режимне жүргізілетін оқу танымдық іс-әрекеттің процесі.

Оқытуды ұйымдастырудың нысандары (“форма” – латынша сыртқы түрі, пішіні деген мағынаны білдіреді).Оқытудың жеке, топтық түрлері қалыптасқан.

Оқыту процесін ұйымдастыру нысандарының классификациясының негізіне төменгі принциптер жатады.

-Оқушы саны (жеке, жұп, кіші топ, бұқаралық, ұжымдық)

-Оқыту жері (мектепте, сабақтан тыс кезінде, шеберханада, клубта)

-Уақыт мөлшеріне қарай ұйымдастырылады (классикалық – 45 минут), бастауыш мектепте – 35 минут, жұпталған сабақ – 70-80 минут)

Сабақ – оқушылардың топқа ұйымдасқан сынып (класс) деп аталатын мұғалімнің басқаруымен жүргізілетін оқу жұмысы.Сабақта әртүрлі оқыту нысандарын пайдалануға болады.Оқытуды сабақта ұйымдастырудың әр түрлі формаларында ұжымдық, топтық, жұп және дербес нысандары жатады.Оқыту нысандарын таңдап алу, біріншіден, оқу-тәрбие жұмысының міндеттеріне, екіншіден, оқу материалының көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, ұжымдағы оқушылардың оқу мүмкіншілігіне байланысты.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет