Сыныпқа ынтымақтастық Топқа бөлу
атмосфераны қалыптастыру кезеңі
Топ ережесін құру Пострді қорғау
Оқушылар өзін - өзі бағалауда Рефлекция
7-
модулді сабағымда әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра
қолдану арқылы оқушылардың жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға
деген белсенділігін, сабаққа көңілді
қатысуын,қызығушылықтарын ояттым. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы
ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ
мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды.
Сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта,
ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт
өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа
берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер
бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге
алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен
бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру
арқылы жеткізеді.
Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа
білімді реттейді өз пікірлерін дәлелдеп айтады..
7 модулді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды
жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Қазақстанның білім беру
мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік
пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын
рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман
талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен
жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын
шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде
болатыны сөзсіз.
Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы қолдана алсақ,
оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін
талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы
тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 .Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 3 деңгей
2. Портал материалдары
3.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курстарының бағдарламасы 3-деңгей
4.К. Дайрабаев, А. Дайрабаева Педагогика негіздері
5.Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов
Алматы 2013
6.Мирсеитова С.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.-1998
Document Outline - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
- Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Достарыңызбен бөлісу: |