Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы атты Мәңгілік Елдің басты құндылықтарын негізге ала отырып, оқушыларға С.Торайғыровтың тарихта алар орнын, мәдениетіміз бен тіліміздің дамуы жолындағы өнегелі істерін үлгі ете отырып, өз тілімізді, туған халқымызды құрметтеуге, Қазақстанның білімді азаматы болуға баулу.
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, Қазақстан тарихы
Алдыңғы оқу: С.Торайғыровтың өмір жолымен, бірқатар өлеңдерімен таныс.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Басы 5 минут
Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу;
Қатысымдарын тексеру.
Топтастыру. Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Кезек-кезегімен бүгінгі сабаққа қатысты тілектерін, жылы лебіздерін білдіреді. «Санамақ» әдісі арқылы үш топқа бөлінеді.
Ой шақыру. «Мозайка» әдісі
Оқушыларға С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар жазылған қағаз қиындылары беріледі. Қағаз қиындыларындағы сұрақтарға жауап бере отырып, мозайка құрастырады. Мозайкада С.Торайғыровтың портреті бейнеленеді.
Сұрақтар: С.Торайғыров қай өңірде дүниеге келген?
С.Торайғыров алғаш сауатын қалай ашады?
С.Торайғыров 1912 жылы қай қалада білім алған?
С.Торайғыровтың қандай шығармаларын білесің?
Семей қаласына барған С.Торайғыров не себепті оқуға түсе алмай қалады?
Ақын 1915-1916 жылдары немен айналысады?
С.Торайғыровтың бір өлеңінен үзінді оқыңыз.
- Суретте кім бейнеленген және бүгінгі сабақ тақырыбымен қандай байланысы бар деп ойлайсыздар?
(оқушылардың жауаптары тыңдалып, сабақ тақырыбы, мақсаты, критерийлері хабарланады)