Сүйектер өзара қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, қозғалатын болып байланысады. Сүйектің қозғалмайтын болып қосылуы олардың қисайып бітуі арқылы түзіледі. Осылай құйымшақ және сегізкөз өзара байланысқан. Жік арқылы қозғалмайтын болып байланысу бас сүйектеріне тән. Көптеген сүйектер созылмалы және иілгіштігі жоғары шеміршекті астар мен омыртқа дискісін түзіп байланысқан. Бұл омыртқа жотасының иілгіштігін қамтамасыз ететін сүйектердің жартылай қозғалатын болып байланысуы болып табылады.