Сабақ әдісі : сұрақ-жауап, талдау, іздендіру, түсіндіру



Дата20.05.2023
өлшемі111,71 Kb.
#95414
түріСабақ
Байланысты:
тарбие сагат


Мектеп:Б.Шалғынбаев атындағы №217 IT мектеп лицей
Сынып : 1 «А»
Күні: 14.04.2023 жыл
Тақырыбы: “Отбасындағы қолайсыздық-құқық бұзушылықтың негізгі себебі»
Мақсаты:
а) Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және дамыту ұйымшылдықпен тәртіптіліктің тиімді жолдарын үйрету, жауапкершілікті арттыру;
ә) Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
б) Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік : Интерактивті тақта, видеоролик
Сабақ әдісі : сұрақ—жауап , талдау, іздендіру, түсіндіру
Барысы:
Психологиялық ахуал
Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)
Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)
Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)
-Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.
Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізде қабылданған Ата – заңның 1 – бабында «ҚР –сы өзін демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтарымен бостандықтары» деп көрсетілген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт.
Мұғалім: «Қылмыс» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
Постер қорғау. «Қылмыс» сөзіне түсінік беру.
Қосымша мәліметтер:
Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14 ке толған, бірақ 18ге толмаған адамдар танылады (78-бап)
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері – 79-бап
• Айыппұл :
• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ;
• Қоғамдық жұмыстарға тарту ;
• Түзеу жұмыстары ;
• Бас бостандығын шектеу ;
• Бас бостандығынан айыру ;
Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады
Жаза түрлері :
• Айып салу
• Құқықтан айыру
• Қоғамдық жұмысқа тарту
• Еңбекпен түзету жұмысы
• Бас бостандығын шектеу
• Тұтқындау
• Әскери тәртіп бөлімінде ұстау
• Бас бостандығынан айыру
• Сотталушының мүлкін тәркілеу
• Өлім жазасы

Сұрақтар:
1. Конституция сөзінің аудармасы қалай? (лат. «constitutio»- құрылғы, өкім)
2. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
3. Қылмысты санаттары қарай қалай бөлеміз? (жеңіл, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр)
4. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша? (мың қой)
5. ҚР – ғы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы (халық)
6. Бала неше жастан бастап, қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан)
7. Алғаш рет қабылданған Ата Заң қабылдаған уақыт? (1993ж, 28 қаңтар)
8. ҚР –да билікті именденіп кетуге кімнің құқығы бар? (ешкімнің құқығы жоқ)
9. Мемлекеттің биліктің жүйесі?(Президент, Парламент, үкімет,Сот және БАҚ)
10. Конституцияның құрылымын ата? (9 бөлім, 98 бап)
Мұғалім: Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.- деп жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл еліміздің нағыз жанашыр, патриот азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі тәрбие сағатымызда құқық бұзушылық, қылмыс, тәртіп, тәрбие туралы көп ақпараттар айттық, көрініс жасадыңдар, сұрақтарға жауап бердіңдер, заңдарға тоқталдыңдар. Ендеше бүгінгі сабақты қалай түсінгендеріңді «Жетістік баспалдағына» смайликтер жабыстыру арқылы білейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет