Басталуы
3 мин
|
Психологиялық ахуал тудыру; Сергіту сәті
«Тәтті тілектер» тілек жазылған жұлдызшаларды таратып, оқушыларды топқа бөледі.
Өткен материал бойынша білімдерін тексеру және жаңа материалды меңгеруге дайындау. (5 мин.+2 мин.)
Ауызша сұрақтар қою.
1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі не?
2. Оны салу үшін қанша нүкте салу жеткілікті?
3. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі деген не?
4. Графикті салмай-ақ координатасы берілген нүктенің екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигіне тиісті ме екенін қалай білуге болады?
Әрбір оқушыға үш тапсырмадан тұратын карточкалар таратылып беріледі.Тапсырманы орындап болған соң, компьютерде «Жауап» атты файлды ашып, тексереді және өздерін бағалайды. Бұл олардың екініші бағалары.
|
Тілек жазылған жұлдызшаларды алып, бір-бірлерімен алмасады, қолдарындағы жұлдызшалардың түстеріне қарай топқа бөлінеді. Топтың атын қояды.
|