Сабақ. Электролиттер мен бейэлектролиттер


II. Жаңа сабақты оқып үйрену



бет3/4
Дата07.01.2022
өлшемі49 Kb.
#17394
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
khimija ulgy

II. Жаңа сабақты оқып үйрену. Оқушылар физика курсынан осы мәліметтерді қайталаған соң, дәптерлеріне мынадай қорытынды жазады: Электр тоғы дегеніміз – зарядталған бөлшектердің ( электрон немесе иондардың) бағытталған қозғалысы.

Бұдан кейін мұғалім оқушылармен бірлесіп, электр өткізгіштікті сынауға арналған құралдың құрылымын талдайды.

Содан соң мыс, темір, алюминий сымдараның электр өткізгіштігі көрсетіледі. Берілген тұздардың (NaCL және CuSO4), сілтілердің (NaOH және Ba(OH)2), ерітінділерінің электрөткізгіштігін көрнекі түрде көрсету төмендегідей қорытынды жасауға мүміндік береді: жоғарыдағы ерітінділер электр тоғын өткізеді, ал құрғақ NaCL, CuSO4, Ba(OH)2 , NaOH электр тоғын өткізбейді (тәжірибе жасап көрсетеміз).


Заттардың аты

Электр тоғын өткізе ме?

Дистилденген су

Кристалды натрий хлориді

Натрий хлоридінің, т.б. ерітінділері


Өткізбейді

Өткізбейді

Өткізбейді

Әрі қарай мұғалім электролиттердің электр өткізгіштігін зерттеген швед химигі С. Аррениус екенін, ол электролиттік диссоциация теориясы деп атауды ұсынғанын айтады.

Бұдан кейін оқушылардың белсенді қатысуымен:

құрамы мен қасиеттерінің әртүрлілігіне қарамастан, тұздар мен негіздердің ерітінділері және кристалдары электрөткізгіштігін сынағанда неліктен бірдей нәтиже көрсетеді?- деген сұраққа жауап береді.

Зерттеген заттардағы ортақ қасиет – екеуі де иондық қосылыстарға жатады, яғни оларда иондық байланыс және иондық кристалдық тор бар. Бірақ кристалдарында иондар бір-бірін қатты ұстап тұрады да, еркін қозғалуға мүмкіндіктері болмайды (сондықтан электр тоғын өткізбейді), ал оларды еріткенде иондық байланыс үзіледі де, бос иондар пайда болады. Сондықтан олардың ерітінділері электр тоғын өткізеді.

Бұл болжамның дұрыстығын дәлелдеу үшін оқушыларға «Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, ерітінділері электр тоғын өткізетін тұздар мен негіздерден 2-3 мысал келтіреді.

Әрі қарай қышқыл ерітінділерінің электрөткізгіштігін тексеруді ұсынамыз (Н2SO4 немесе НCL), электр шамы жанады, демек, олардың ерітінділері электр тоғын өткізеді, бұл ерітіндіде иондардың түзілгенін дәлелдейді. Мұғалім су молекуласының әсерінен сутек пен қышқыл қалдығы арасында коваленттік полюсті байланыс әлсірейтінін түсіндіреді.Cутектің электроны толықтай қышқыл қалдығына өтеді де, коваленттік полюсті байланыс иондық байланысқа ауысады, осыдан зат иондарға ыдырайды. Мұғалім өтілген материалды жүйелеп, мынадай қрытынды жасайды: ерітінділері мен балқымалары электр тоғын өткізетін заттар электролиттер (тұздар, негіздер, қышқылдар) деп аталады.

Электролиттер электрөткізгіштігімен анықталады. Бұдан соң мұғалім мынадай проблемалық сұрақ қояды: Барлық суда еритін заттарды электролиттер деп атауға бола ма? Мұғалім эксперимент нәтижесі бойынша қорытынды жасауды ұсынады. Суда: қант, глюкоза немесе этанолды ерітіп, электродты саламыз, электр шамы жанбайды. Бұны С12Н22О11 және С6Н12О6 құрылысы негізінде түсіндіреміз. Бұл қосылыстардағы коваленттік байланыстың полюстігі аз, сондықтан молекулалар арасындағы байланыс (молекулалық кристалдық тор) берік емес, ал керісінше молекулаішілік байланыстың беріктігі бұл заттар суда ерігенде, оларды жеке бейтарап молекулаларға ғана ыдыратады. Әрі қарай тағы да қосымша глицерин мен бензолдың электрөткізгіштігін тексеріп, мынадай қорытынды жасауға болады: ерітінділері электр тоғын өткізбейтін заттарды бейэлектролиттер деп атайды (спирт, қант, глюкоза, глицерин, бензол, т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет