Байланысты: Қызметтік хат және оның түрлері. Хабарлама хат тақырыбында ашық сабақ
6. Жіберу түріне қарай: конвертті
электронды – электронды е-mail
факстық
Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: Қызметтік хаттар
Жұмыс мақсаты: Қызметтік хатқа және оның түрлеріне, реквизиттер құрамы туралы түсінік беру, А4 қалыпты форматтарында реквизиттердің бұрыштық орналасу нұсқалары бойынша қызметтік хатты құрастыру
Материалдық қамтамасыздандыру: дайын үлгілері, оқушылардың папкалары, әдебиеттер: А . А Адельгужинов, К. Е. Ермекбаев, Тұрпатты ережелер, Астана – 2003,Скала В. И., Скала Б В., Скала Н.В, Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу, Алматы – 2007, М. Қасымбеков., Қ.Әлімқұлов., Екі тілде іс жүргізу , Алматы - 2004, Делопроизводство Адильбек Жақып, Астана – 2000, А. Алдашева, Ресми іс қағаздары, Алматы -2001
Әдістемелік нұсқаулар:
Қызметтік хаттар – бұл ол қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын әр түрлі мазмұндағы басқару құжаттарының үлкен тобының жинақталған аты.
ХАБАРЛАМА ХАТ
Хабарлау хатты нақты тиісті мекен-жай иесіне жазады. Ол сұраққа жауап ретінде жиі пайдаланылады.
Хабарлау хаттың қалыпты сөздері: «Сізге ... ескертеміз», «Сізге төмендегі өзгеріс туралы хабарлаймыз...». Сонымен қатар ол «Хабарлаймыз», «Хабардар етеміз», «Сіздің назарыңызға ұсынамыз» деген сөздер арқылы жазылады. Одан әрі бір фактілер көрсетіледі.
ЖАРНАМАЛЫҚ ХАТ
Жарнамалық хатты нақты мекен жай иесіне жібереді. Ол жарнама қызметтері мен заттардың түрін жарнамалайды.
Хаттың мақсаты: адрес иесіне көрсетілген қызмет түрлерін пайдалануға немесе тапсырыс беруге жетелеу. Мәтін нақты, тиісті, толық ақпарат береді. Мәтіннің соңында мекеменің мекен-жайы, телефоны көрсетілуі мүмкін.
ШАҚЫРУ ХАТ
Шақыру хат – жиналысқа, алқалық отырысқа, семинарға, конференцияға шақыру мақсатын көздейтін құжат.
Шақыру қағазын мекемеге, бірнеше адамдарға және тиісті адамға жібереді. Хатта толық күн тәртібі, іс-шараның өтілетін орны, сөз сөйлеушілердің фамилиялары, іс-шараға жауапты адамдардың фамилиясы, телефоны, шақырылған жерге тиісті жол қаражаты және т.б. ақпараттар жазылуы мүмкін.
Хаттың мәтінінде үнемі: Сізді ... шақырамыз; оқушылардың ... жұмысының көрмесіне шақырамыз сияқты тұрақты сөз орамдары пайдаланылады
РАСТАУ ХАТ
Растау хат – жіберушіні құжаттарды, құндылықтарды (аудармалар, хаттар) алғандығы туралы хабардар ететін, нақты іс-әрекеттерді, дәлелдемелерді дәлелдейтін құжат.
Хаттың кілттік сөздері:
Сіздің тапсырысыңыздың алынғандығын хабарлаймыз...; Мекеме біріккен құрылысқа қарсы емес...; 25.04.2011 телефон әңгімесінің болғандығын... . Растау хаттың жіберілуі іскерлік қарым-қатынастардың міндетті бөліміне жатады, бақылау сұрағын алып тастауға мүмкіндік береді.
БАСТАМА (ИНИЦИАТИВАЛЫҚ) ХАТ
Инициативалық хат – жауап талап етуші хаттар.
Мұндай хаттардың көп түрі өтінішті білдіреді, жіберілген адамға қандай да бір сұрақты шешуге арналады. Бұл хаттың ең көп тараған түрінің бірі, олардың тақырыптар жиынтығына шек қойылмайды.
Сұрақ-жауап хатта сұрақ беруші қандай да бір іс-әрекетті, оқиғаны түсіндіруді сұрайды және жауап берушіні жауап хат жазуға жетелейді.
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ХАТ
Коммерциялық хат – келісім-шарт (контракт) жасауда және оны орындауда жазылады. Олар сатып алушылардан сатушыға зат туралы толық ақпарат беруді, затты өткізіп беру, сатушылардың жауабы, талаптар, талаптарға жауаптарды мақсат етеді.