Сабақ ЖӘне боөж арналған тапсырмалар


Супернормалды кезең



бет3/3
Дата15.12.2023
өлшемі132,18 Kb.
#138866
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
№1. ТФП. Қозғыш тіндер. Пр БОӨЖ (2) (копия)

4



Супернормалды кезең.

Бұл кезеңде, тін, табалдырықтан төмен күшкеде жауап береді.



5

Субнормалды кезең.



Бұл кезеңде тіннің қозғыштық қосиеті күрт төмендейді де, табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап береді.



2





Тапсырма №4. Терминологиялық сөздіктермен жұмыс.

Терминдер
аталуы

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Білім алатын тілде анықтамасын беру

Рефрактерлік

огнеупорный

Refractory






PROZORO
Рефрактерлік кезең (физиологияда, неврологияда) – жүйке жасушасы немесе бұлшықет талшықтарының әрекет потенциалының туындауынан кейін мүлдем қозу болмаған жағдайы, қандай тітіркендіргіш әсер етсе де қозудың туындамауы. 

  • Рефрактерлік кезең (физиологияда, неврологияда) – жүйке жасушасы немесе бұлшықет талшықтарының әрекет потенциалының туындауынан кейін мүлдем қозу болмаған жағдайы, қандай тітіркендіргіш әсер етсе де қозудың туындамауы. 

  • Бұлшықет ұлпасының рефрактерлік кезеңі жүйке ұлпасының рефрактерлік кезеңіне қарағанда ұзағырақ болады. Жүйкенің рефрактерлік кезеңінің ұзақтығы – 14мс, ал көлденең жолақтығы бұлшықетте 35 мс шамасында.




Деполяризация

Деполяризация

Depolarization

Деполяризация - жасушаныңфизиологиялық тыныштық күйіндегі, оның цитоплазмасы мен жасушаның сыртқы сұйықтығы арасындағы потенциалдар айырымының төмендеуі, яғни тыныштық потенциалының төмендеуі. Пассивті деполяризация мембрана арқылы әлсіз шыға беріс бағыттағы, (анод - ішінде, катод- сыртында) электр тоғының өту кезінде пайда болады, және мембрананың иондық енудін өзгерістерін туғызбайды. Белсенді деполяризация мембрананың Na+ иондарыны өткізгіштігі жоғарлағанда немесе оның К+ иондарына өткізгіштіп төмендегенде туындайды. Әрекетпотенциалы пайда болған жағдайда, натрийлік өткізгіштігін жоғары болуымен байланысты белсенді деполяризация, регенеративті сипаттқа айналады: деполяризация натрийлік өткізгіштікті жоғарлатады да, ал ол өз кезегінде деполяризация өсуіне әкеп соғады және т.б. 



Реполяризация

Реполяризация

Repolarization

Реполяризация процесі – жүйке импульсі өткеннен кейін жүйке жасушасының мембранасының бастапқы тыныштық потенциалы қалпына келетін фаза. Жүйке импульсінің өтуі кезінде мембрананың молекулалық құрылымында уақытша өзгеріс орын алады, нәтижесінде иондар ол арқылы еркін өте алады. Реполяризация кезінде иондар мембрананың бұрынғы электр зарядын қалпына келтіру үшін қарама-қарсы бағытта диффузияланады, содан кейін жүйке ол арқылы импульстарды одан әрі өткізуге дайын болады.

Реполяризация процестерінің бұзылуының ең көп таралған себептерінің арасында:


жүректің ишемиялық ауруы;


қарыншалық миокардтың гипертрофиясы және шамадан тыс кернеуі;
деполяризация реттілігінің бұзылуы;

электролиттік теңгерімсіздік;


фармакологиялық әсерлер;



Лабильділік

Лабильность

Lability

қозғыш тіндердің тітіркендіруге белгілі бір жылдамдықта жауап беру қабілеті болып табылады. Алғашқы рет лабильділік туралы ұғымды физиологияға енгізген орыс ғалымы Н.Е.Введенский болған. Лабильділік деп әсер етуші тітіркендіру жиілігіне сәйкес 1с ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы (максималды) санын айтады. Тін неғұрлым қозғыш болса, оның лабильдігі сонша жоғары болады. Мысалы, жүйке талшығының лабилдігі 500-1000 Гц, ет талшығында – 250-350 Гц, ал жүйке-ет түйіспесінде – 100-125 Гц болады. Қозғыш тіндердің жауабы әсер ететін злектр тітіркендіргішінің күші мен жиілігіне байланысты. Тітіркендіру жиілеген сайын, белгілі бір шамаға дейін, бұлшықеттің жиырылу шайқалымы (амплитудасы) арта түседі, одан да жиі тітіркендірілсе, белгілі бір межеге жеткен сәтте, ол тіпті жиырылмай қояды. Бұлшықеттің сіресіп жиырылуын қатты күшейтетін ең жоғары (максималды) тітіркендіргіш саны оптимум – оңтайлы жиілік, ал сіресу күшін төмендететін не жауапсыз қалдыратын тітіркендіру шамасы – пессимум – күйректік жиілік деп аталады. 



Реобаза

реобаза

Rheobase

Электрофизиологияда реобаза - бұл реакцияны тудыратын ең аз ток күші: бұлшықеттің жиырылуы немесе бір жүйке жасушасындағы биоэлектрлік потенциал, шексіз әсер ету уақыты (тәжірибеде әдетте бірнеше жүз миллисекундтан аспайды).

Реобаза хронаксия кезінде бұлшықет немесе жүйке тінінің реакциясын тудыратын ток күшінің жартысы болып табылады.



Орындаған студенттің АЖТ Әшім Өркенхан____________________тобы___________026факультетіТФП____________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет