Сабақ ЖӘне боөж арналған тапсырмалар



бет2/2
Дата22.08.2022
өлшемі69,61 Kb.
#38221
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Көлбай Дана 1-ші сабақ

ӘП кезеңдерінің аталуы

Сипаттамасы

1

Жергілікті жауап



Қозу табалдырығынан тітіркендіру күші төмен болса ткань қозбайды,бірақ дәл сол сәтте мембрана аздап болсада деполяризацияланады,мембраналық потенциал мөлшері төмендейді.Осы кезде мембрана ионының үстемдігі жоғарылап, ол клетка ішіне қарай өтеді.

2

Деполяризация

Мембраналық потенциалдың төменге түсіп,көтерілуі және шың дәрежесіне жету кезеңі.



3

Реполяризация

Деполяризация кезеңінен кейін әрекет потенциалы құлдырап, мембраналық потенциалдың қайта қалпына келу кезеңі.



4

Теріс іздік потенциал



Мембраналық потенциалдың аздап төмендеген кездегі қозу қасиетінің жоғарылауы.

5

Оң іздік потенциал

Әрекет потенциалының гиперполяризация кезінде қозу қасиетінің төмендеп барып қалпына келуі.

Тапсырма №3.
1. Қозғыштықтың кезеңдеріне сипаттама беріңіз. Кестені толтыру.







Қозғыштықтың
кезеңдері

Сипаттамасы

1

Абсолюттік рефрактерлік кезең



Тін тітіркендіргішке жауап бермейді.

2

Салыстырмалы рефрактерлік кезең

Табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап реакциясы.

3

Супернормалды кезең

Тін табалдырықтан төмен күшке жауап береді.

4

Субнормалды кезең

Тіннің қозғыштық қасиеті күрт төмендеп,табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргіштерге жауап береді



Тапсырма №4. Терминологиялық сөздіктермен жұмыс.

Терминдер
аталуы

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Білім алатын тілде анықтамасын беру

Рефрактерлік

огнеупорный

refractory

физиологияда, неврологияда) – жүйке жасушасы немесе бұлшықет талшықтарының әрекет потенциалының туындауынан кейін мүлдем қозу болмаған жағдайы, қандай тітіркендіргіш әсер етсе де қозудың туындамауы.

Деполяризация

Деполяризация

Depolarization

жасушаның физиологиялық тыныштық күйіндегі, оның цитоплазмасы мен жасушаның сыртқы сұйықтығы арасындағы потенциалдар айырымының төмендеуі, яғни тыныштық потенциалының төмендеуі.

Реполяризация

Реполяризация

Repolarization

әрекет потенциалының сатысы, онда оның электрохимиялық градиенті бойымен калий (K + ) иондарының шығуы салдарынан жасуша кернеуінің төмендеуін бастан кешіреді. Бұл фаза жасуша деполяризациядан ең жоғары кернеуге жеткеннен кейін пайда болады.

Лабильділік

Лабильность

Lability

физиологиясы – функционалдық ұтқырлық, жүйке және бұлшықет тіндеріндегі қозудың элементарлық циклдарының жылдамдығы.

Реобаза

реобаза

Rheobase

Тұрақты электр тогының ең аз күші, оның әрекетінің жеткілікті ұзақтығымен тірі ұлпаларда қозуды тудыратын.

Орындаған студенттің АЖТ
КӨЛБАЙ ДАНА
Тобы
33-1 группа
Факультеті тфп

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет