Матаны пішу және бұйым бөлшектерін тігу Көптеген маталардың жуғаннан кейін отырып қалатын қасиеттері бар, бұйымды тұтыну барысында өзінің бастапқы түрі мен өлшемін жоғалтып алмау үшін матаны декатирлеу керегін ескеру қажет.
Декатирлеу – тігер алдында мата отырмас үшін ширату. Барлық матаны пішіп қиюдың алдында үтіктейді. Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау. Мақта матаны жылы суға салып жібітеді, сығады, кептіріп үтіктейді, ал жасанды шыт матаны кішкене тұздалған суға салып, сәл ғана крахмалдайды, абайлап, бұрамастан сығады, сосын 2 – 2,5 сағатқа төсек жаймасына орайды да, матаны ішкі жағынан үтіктейді. Жүнді матаны бойлық жіп бағытымен ылғалды үтіктеуішпен декатирлейді. Мата бетіне пішім үлгілерін жайып қойып шыққанда мынадай қасиеттеріне мән беру керек. Қатты, тығыз маталарды тайғанап кететін маталарға қарағанда пішу оңайырақ. Жаю кезінде суреті бір бағытта орналасқан маталарға ерекше назар аудару керек. Бұл жерде бұйымның барлық бөлшектерінде суреттің бір жаққа қарай бағытталуы қадағаланады. Түкті маталарда түктің бағытын тексереді. Велвет пен бархатты пішуде пішім бөлшектерін ретпен түктің бағытына төменне жоғарыға қарай жаяды. Жолақ немесе тор маталар пішім бөлшектерінің бірігетін жерлерінде (тігістерде) жолақ немесе тордың түсі мен ені сәйкес келуі және алдыңғы бой мен артқы бойдың ортасынан дәл өтуі керек.
Матаға пішімдерді екі түрлі әдіспен жайып қойып шығады. Матаны ұзына бойына екі қабаттап бүктеп және еніне жайып қойып пішімдерді орналастырады.
Матаны пішу үстеліне жайып, жиектерін кеседі. Матаны бойлық жіп бойынша суретін ортасына келтіре отырып, орта сызықпен бет жағын ішке қаратып бүктейді. Бойлық қиындыларды теңестіріп, түйрейді және көлденең қиындыларын теңестіреді. Ені 140 – 160см маталарды көлденең жіп бойымен бет жағын ішіне қаратып бүктейді. Матаға пішілген үлгі бөлшектерін жаю. Матаға пішілген үлгі бөлшектерін жайып шеттерін бормен сызады.
Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін (түйіндер, тесіктер, дақ, орнамент өшіңкі, т.б.) тігінші бормен немесе инешаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібереді.
Жұмыс жасайтын жерде ыңғайлы үстел және құралдар болуы керек. Матаны пішу үшін үлкен тік бұрышты арнайы үстел қажет. Егер үстел болмаса, тазалап сүртілген тегіс еденге пішуге болады. Үстел жанында жұмыс істеген кезде, оның үстінде сәукеленің бөлшектері болу керек.
Үстелден басқа, үтіктеуге арналған үлкен тақта (немесе қалың мата төселген және жең қалыбы бар үстел), үтік бастыратын маталар (дәке, немесе жұмсақ мата қиындысы, мысалы 80 х 80 см мақта матысы) керек.
Жұмысты бастамастан бұрын үстел үстінде тек қажетті заттар тұруы керек. Сол жақта пішілетін нәрсе, оң жақта – қайшы, сызғыш, бор немесе сабын, ине, жіп, түйреугіш, оймақ, суырылатын жіптерді алып отыратын істік болуы қажет. Барлық уақытта жұмыс істегенде болу керек нәрселер: сантиметрлік таспа, кестілтер (ұштары өткір және қайралған), негізгі және қосымша бөлшектерді сызуға арналған қағаз, лекало, қию ұшін жапсырма қағаз және орама қағаз, сызықтарды тексеруге арналған калька.
Матаның енің, ұзындығын және ақауларын тексереді.