Сабақ және оның құрылымы



бет1/74
Дата29.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#144805
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
Жалпы қағаз туралыыыыыыыыыыыыы


Аралас сабақ және оның құрылымы.
Бұл сабақ қазіргі мектептерде кең тараған, көптеген сабақ түрлерінің алдында тұрған міндеттерге сүйенеді, бірнеше сабақтардан құралған, сондықтан оны аралас сабақ дейді. Аралас сабақтың құрылымы әр түрлі болады. Мысалы, озат мұғалімдер оқушыларға білімдерді өздік жұмыстар арқылы меңгертеді. Жаңа материалды оқытуда оны бірінші рет бекіту, қолдану жиі ұйымдастырылады. Материалды бекітумен қатар бұрын өтілген тақырыптарды тексеріп, білімдерді қалыпты емес жағдайларда қолдандырып дағдыландырған жақсы. Сабақтың элементтерін осылай біріктіру оны оқушыларға қызықты етеді. Аралас сабақ мұғалімге қатаң талап қояды. Сабақтың элементтерін, жұмыс формаларын іріктеумен қатар әр элементке бөлінген уақытқа мұқият қарау керек. 20-25 минут сабақ сұрап, 15 минут сабақ түсіндіруге болмайды.
Аралас сабақтың принциптері
1. Сабақ кезінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, оқуды қажетсіну.
2. Мұғалімнің жұмысындағы ең бастысы - оның әңгімелегені, көрсеткені, тапсырма беріп, оның орындалуын бақылау емес. Сондықтан ол оқушыларды өнімді оқу іскерліктері мен дағдыларына машықтандыру керек.
3. Жеке тұлғаны дамыту. Сабақты ұйымдастыруда және өткізуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сүйену, оқушылардың шамалары жететін қиындықтарды жеңуді сезуі, әр оқушының өзінің жеке қасиеттерін дамытуына жағдай жасау, сабақты әлеуметтік жағынан пісіп жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау.
4. Ұжымшылдықты қалыптастыру. Ол үшін оқушылардың көп болып істейтін оқу жұмыстарын ұйымдастыру.
5. Жауапкершілік принципі.
6. Психологиялық принцип. Сабақ оқушыларды оқуға ынталандырып, оған деген оң көзқарасты тәрбиелеу керек. Маңызды және құнды себептер арқылы оқушыны оқуға итермелеп отырғаны дұрыс.
Аралас сабақтың кезеңдерінің сызбасы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқу еңбегінің жақсы жүруіне жағдай жасау үшін сабақты алдын ала ұйымдастыру қажет, себебі сабақтың жақсы өтуі алғашқы минуттарға байланысты.
Ұйымдастыру бөлімі — күрделі кезең. Оның міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу
Жақсы нәтижелерге жету жағдайлары:
• мұғалімнің зейінін шоғырландыра білуі, өзін-өзі ұстауы, жинақтылығы;
• көп сөйлемеу, жігерлілік;
• талап қойғыштық және оқушылардың жағдайына зейінін аудару және сабаққа кешікпей келу;
• психологиялық үзіліс және сұрақтарды қолдану сабақ тақырыбына зейінді шоғырландыру;
• жылы жүзділік және кең жүректілік;
• талапты тұрақты және жүйелі қою.
Кезеңнің психологиялық міндетінің орындалғанын мына көрсеткіштерге қарап біледі:
- мұғалім мен оқушының жайдарылығы;
- ұйымдастыру бөлімінің қысқалығы;
- сыныптың, сабақ жабдықтарының жұмысқа толық дайындығы;
- сыныпты тез жұмысқа кірістіру;
- барлық оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Бұл өте маңызды және жауапты кезең, оны жүзеге асыру сабақтың дамуы мен нәтижесіне ықпал етеді. Кейбір мұғалімдердің ұйымдастыру бөлімі тез өтеді, Бұл мұғалімнің алдыңғы сабақтардағы ұйымдастыру талаптарын орындауға балаларды үйретуінің нәтижесі. Бұл кезең тәрбиелейді. Бұл кезеңде мұғалім мен оқушының өзара қатынасының негізі қаланады.
Кезеңнің мазмұны:
1. Амандасу – әдептіліктің қарапайым түрі, педагогикалық процестің, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының басы
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Егер оқушы сабақты себепсіз жіберсе, онда жазалау әдісі қолданылады да, ал ауырып жатса оған көмек беріледі
3. Оқушылардың сабақ дайындығын тексеру. Бұл сәтте мұғалім оқушылардың сырт келбетіне, жұмыс істеген кездегі қимыл-қозғалыстарына, жұмыс орнына назар аударады. 4. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Есіңізге сақтаңыз! Мұғалім өз жұмысы туралы жауап алмаса, оның бағасы болмаса, оқушы өз табысына қуанбайды, қателігіне ренжімейді.
Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеті - барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру, жекелеген оқушылардың тапсырманы орындамау себептерін анықтау, тексеру барысында білім, іскерлік, дағдыларда байқалған кемшіліктерді жою, соңғыларын одан әрі жетілдіруді жүзеге асыру.
Мұғалім оқушылардың күші мен қабілетіне дем беріп, табысқа ынталандырады, борыш сезімін, мақсатқа жетудегі табандылықты, тәртіптілікті қалыптастыру үшін жұмыстанады.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі:
Оқу-тәрбиелік міндеттері: Топтардың білімін терең және жан-жақты тексеру арқылы, білім және іскерліктердегі кемшіліктердің себептерін анықтау. Оқушылардың білімдерін бекіту, мықтыландыру және жүйелеу. Оқушылардың өз бетімен орындаған үй жұмыстарының әдістемесін тексеру. Жауап берген оқушылардың тілін және ақыл-ой қабілетін дамыту. Өз білімін басқаға жеткізуге, іскерлігін көрсетуге оқушыны дағдыландыру. Оқушыларды талдай білуге, сынауға үйрету. Ұжымшылдық сезімін, басқанық табысына қуанып, сәтсіздіктеріне қайғыра білуге тәрбиелеу. Өзінің іс-әрекетіне баға беру. Кезеңнің міндеттері күрделі және көлемді.
Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге оқушыларды әзірлеу кезеңі:
Кезеңнің алдында тұратын оқу-тәрбиелік міндеттер: Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және оған бағыт беру, жаңа материалды меңгеруге әзірлеу. Оқушыларды мақсатты тұжырымдауға және оған қол жеткізу құралдарын таңдап алуға үйрету.
Жаңа білімді меңгеру кезеңі:
Оқу-тәрбиелік міндеттері. Факт, құбылыс ереже, принцип, заңдар туралы нақты түсінік беріп, қорытындыға әкелген тәсілдерді, жолдарды, құралдарды оқушыларға үйретіп, білім негізінде, оған сәйкес келетін іскерлік және дағдыларға машықтандыру.
Оқушылардың өздеріне, басқа адамдарға, сынып ұжымына, еңбекке, Отанға деген оң қатынасын қалыптастыру.
Бұл кезең дамыта оқыту принциптерін сәйкес жобаланады және жүзеге асырылады.
Аралас сабақтың кезеңдерінің қысқаша мазмұны осындай. Әрбір аралас сабақта барлық кезеңдері көрсетілген жүйемен сақтау міндетті емес, бәрі мұғалімнің ойға алған ісіне, педагогикалық мақсатқа сай құрылған сабақтың жүйесіне байланысты.
Аралас сабақтың 13692 нұсқасы бар. Олар пәнге, жұмыстың мазмұнына, мұғалімнің және оқушылардың мүмкіндігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет