САБАҚ ЖОСПАР № Экономика: таңдау мен шектеу туралы ғылым (Сабақтың тақырыбы)
Модуль/пән атауы Экономиканың базалық білімін жетілдіру және кәсіпкерлік негіздерін қолдану Дайындаған педагогДәулетиярова Г.Қ._______________________________ 1.Жалпы мәліметттер Сабақ түрі__Кіріспе сабақ_________
2.Мақсаты, міндеттері 2.1 Экономикалық теория ғылымының зерттеу пәнін, аясын, объектісі мен субъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдістерін, құрылымын, атқаратын қызметтерін және экономикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуын жан-жақты қарастыру. (Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі)
3.Сабақты жабдықтау 3.1 Кітаптар, дидактикалық материалдар, тест тапсырмалары, видео роликтер, слайдтар (Оқу – әдістемелік құрал-жабдықтар,әдебиеттер)
4.Сабақтың барысы Экономикалық ғылымның ұзақ және аса бай тарихы бар. Экономикалық ілімдерді жүйелеудің ең алғашқы белгілі талпыныс 12 тары Аристотель (б.з.д. 364-322) мен Платон (б.з.д. 428-348) сияқты ежелгі грек ойшылдарымен байланысты. Олар өз зерттеулерінде экономикалық өмірдің негізгі мәселелерін қарастырған. Аристотель экономиканы байлық туралы ғылым ретінде анықтап, құн, баға және ақша теориясына өте көп үлес қосты. Жоғарыда атап өткеніміздей, «экономика» термині ежелгі грек сөзі, оны алғаш рет грек жазушысы және тарихшы Ксенофонт (б.з.д. 430- 355) қолданған. Шын мәнінде, бастапқы мағынасында «экономия» сөзі орын алған, ол үй шаруашылығын жүргізудің өнері туралы ғылым ретінде сипатталды.
МЕРКАНТИЛИЗМ. Экономикалық теориядағы алғашқы мектеп – меркантилизм. Бұл бағыт ұлттық табыстың негізгі көзі деп байлық ретінде саналатын алтын мен күмісті жинау мәселесін қарастырды. Бұлар байлықтың көзі тек саудада деп түсінді, яғни сырттан бағалы металлдарды арзанға сатып алып елге жинай беру және оларды басқа елдерге қымбатқа сату. Меркантилизмнің басты өкілдері болып жоғарыда аталған А. Монкретьен, ағылшын экономисі Томас Мэн (1571-1641), Уильям Стаффорд (1554-1612), француз экономисі Жан Батист Кольбер (1619-1683). Меркантилизм – бұл байлықтың сыртқы сауда нәтижесінде жасалатынын түсіндіретін және айналыс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты.
ФИЗИОКРАТТАР. Бұл мектептің негізін француз ғалымдары Франсуа Кенэ (1694-1774) мен Анн Тюрго (1727-1781) салды. 13 Физиократтар экономикалық ғылымда айтарлықтай бетбұрыс жасады. Олар бірінші болып өндіріс аясына көңіл бөлді. Олардың ойынша, байлықтың көзі сауда емес, өндіріс. Сонымен, физиократизм – бұл пайда табудың жолы, ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласында қалыптасатын және өндіріс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты.
КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯ. Саяси экономияның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлесті ағылшын экономистері Уильям Петти (1623-1687), Адам Смит (1723-1790), Давид Рикардо (1772- 1823), Джон Стюарт Милль (1806-1873), француз экономисі Жан Батист Сэй (1762-1832) қосты. Классиктер (бұларға «классиктер» деген атақ берген Карл Маркс еді) физиократтарды сынай отырып, байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы ғана емес, барлық өндіріс салаларындағы еңбекпен алынатындығын қадап айтты. Бұл бағыт шеңберінде еңбек құнының теориясы жасалып, барлық саладағы және бүкіл халықтың еңбегі өндіріс үдерісіне қатыса отырып ең тиімді нарықтық айырбас нысандарын жүзеге асырады деген ойлар дамыды. Классикалық саяси экономияның өкілдері ең алдымен, экономикалық еркіндікті және бәсекелестікті қолдады, мемлекеттің экономикаға араласуын жақтамады, яғни бұлар «экономикалық адам» ұғымын қалыптастырды. Классикалық саяси экономия уақытында экономикалық ғылым өз дамуының шарықтау шегіне жетті. Бұл бағытты әрі қарай жалғастырушы мектептер пайда болды. Сонымен, классикалық саяси экономия – бұл еңбекті барлық тауарлар мен қызметтердің соңғы құны деп санайтын және еңбек құнының тұжырымдамасы арқылы қоғамның барлық топтарының табыс көздерін анықтауды қарастыратын экономикалық теорияның ең басты бағыттарының бірі.