Көркем еңбек
|
Мектеп:№ 7
|
Бөлім:
|
Сәндік қолданбалы өнер
|
Педагогтің Т.А.Ә.
|
Оқытушының аты-жөні:Балходжаева Сауле Аптикамалқызы
|
Күні:
|
29.11-30.11. 2021 жыл
|
Сынып:5 «А», «Ә», «Б», «Ғ»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Көркемдік кестемен бұйымды безендіру
|
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары
|
5.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлығы:Көркем кесте түрлері мен тәсілдерін қолданады.
Техника қауіпсіздігін сақтай отырып қолдану маңыздылығын біледі.
Басым бөлігі: Жұмысты жасау барысында ассиметрия, симметрия және ритм сынды заңдылықтарды ұстанады.
Кейбіреулері:Ұлттық нақыштағы кестеленген бұйым дайындайды.
Іс-тәжірибелік жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін ұстанады;
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/уақыт
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушылардың әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуалды қалыптастыру. Назарларын сабаққа аудару.Өткен сабақты пысықтау Сұрақ жауап әдісін қолдандым.
1.Тақырып мазмұнын ашу мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылады:
Кесте түрлерін ата?
Көркемдік кесте түрлері қалай және қай жерде қолданылуы мүмкін?
|
Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.
Сұрақ жауап арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді
|
Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.
.
|
Видео сабақ. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі.
|
Ортасы
|
Оқушылар топта берілген материалдарды оқып шығып, мәліметті рет ретімен құрастырады,әр топтан бір оқушы шығып, өз версияларын ұсынып, сосын өз түсініктерін айтып береді.Бүкіл сынып болып, қол шапалақтау арқылы оқушылар бағаланып, қолдау көрсетіледі.Сосын осы іс-әрекеттер жүрген соң, сабақтың тақырыбымен мақсатына оқушылармен мұғалімдер бірге келеді.
Оқу мақсаттары айтылып болған соң,міндетті түрде қауіпсіздік ережелері айтылады:
Құрал –жабдықтармен мұқият жұмыс жасау;
Сабақ барысында қолданатын заттарды бір-бірне лақтырмау;
Ережеге сай жұмыс жасау;
|