Сабақ жоспары №4 Күні-айы: Топ: эм 07 Курс: I мамандығы: 1504000 фермер шаруашылығы



бет2/4
Дата13.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#67436
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
metaldy-kesu-shabu-zhne-egeu.-dayyndamalardy-iyu-zhne-tzeu.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
1.1. Сәлемдесу;
1.2. Студенттерді түгендеу;
1.3. Студенттердің оқу құрал-жабдықтарын тексеру.
2. Кіріспе нұсқау: (42 мин)
2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;
2.2. Студенттердің теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;
1. Жазықтықты белгілеуде қандай құралдар қолданылады?
2.Жазықтықты белгілеудің маңызы не?
3. Штангенциркуль дегеніміз не және ол не үшін қажет?
2.3. Студенттерге сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету.
Металды кесу, шабу және егеу
Бөлшектердің немесе дайындамалардың материалдарына, пішіндеріне және өлшемдеріне байланысты, оларды кесу қол немесе механикаландырылған аспаптардың көмегімен жүргізіледі. Оларға тістеуіктер, қол және электр қайшылары, қол және пневматикалық аралар, құбыр кескіштер және т.б. аспаптар жатады.
Қол қайшыларымен кесу барысы:
1. Қажетті материал таңдалады және тазартылады, кесу үшін материалға белгі сызықтар салынады.
2. Дайындаманы жеңіл көтеріп, өзіне қарай бағыттайды.
3. Қайшының пышақтарын дәл белгі сызығына бағыттайды.
4. Дайындаманы кесіп болғаннан соң оны түзетеді, қырларын қабыршықтан тазалайды, сүйір бұрыштарын доғалайды.
5. Сызғыш және бұрыштама құралымен кесу сапасын тексереді.
Металдарды шабу
Шапқымен кесудің мәні және міндеті. Шапқымен кесу деп металдарды бөліктерге бөлу үшін немесе олардың артық қабаттарын шауып тастау үшін қолданылатын операцияны айтады. Бұл тұрпайы операцияға жатып, дайындамаларды станокта өңдеу қиын немесе тиімсіз болған жағдайда қолданылады.Шапқымен кескеннен кейін тағыда өңдеуді керек етеді.
Металды шабу процесі. Шапқымен кескен кезде кесу аспабы металды бөліктерге бөледі немесе жонқалайды. Кесу процесіне қолайлы болу үшін кескіш аспаптардың кесетін бөлігі сына тәрізді етіп жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет