7 қараша, 2022 жыл
|
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «№ 10 жалпы білім беру мектебі» КММ, Масатаева С.К
|
9-сынып
|
Қатысқандар: 23
|
Қатыспағандар: 0
|
Қазақ әдебиеті
«Айдаһар және батыр» ертегісі
|
2-сабақ. «Айдаһар және батыр» ертегісіндегі кейіпкерлер
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
9.1.3.1.Т/Ж..Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін
анықтау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушы ертегінің мазмұнын түсініп, идеясына сай кейіпкерлерді анықтайды.
|
Оқушылардың көпшілігі ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді.
|
Кейбір оқушылар ұқсас шығарма кейіпкерлерімен салыстыра алады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу, түсіну, қолдану
|
Бағалау критерийлері
|
- Ертегі идеясын анықтайды;
- Кейіпкерлерге мінездеме бере алады;
- Ұқсас шығармадағы кейіпкерлермен салыстыра алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: білім алушы ертегі кейіпкерлерін анықтайды.
Ұқсас шығармаларды салыстыра отырып, кейіпкерлерге мінездеме береді.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: айдаһар, алдаспан, найза, дулыға, көрік.
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: дүлей күш, ер қанаты – ат, аузынан от шашқан, сопақты жол.
|
Талқылауға арналған тармақтар:
- Неліктен батыр айдаһарды өлтіруге аттанды?
- Соңғы сәтте батырдың шешімін өзгертуіне не түрткі болды?
|
Не себепті ... деп ойлайсыз?
Не себепті батыр айдаһардың балапандарын өзімен бірге алып кетті?
|
Ишара: бас изеу, қолдану,талдау.
|
Пәнаралық байланыс
|
«Дүниежүзі тарихы», «Қазақ тілі» пәндері
|
Құндылықтарға баулу
|
Білім алушы тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.
|
Алдыңғы оқу
|
Батыр, айдаһар, ертегі туралы біледі.
|
ЖОСПАР
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Психологияляқ ахуал қалыптастыру. Бір-біріне жылы лебіз білдіреді.
«Суреттер» әдісі арқылы 3 топқа бөлу.
1-топ. «Айдаһар».
2-топ. «Батыр».
3-топ. «Тұлпар».
2. Қызығушылығын ояту.
«Ой күмбезі» әдісі арқылы сурет қиындыларын құрастыра отырып, сабақ тақырыбын болжайды.
Тақырып кім туралы болуы мүмкін?
Сабақ тақырыбы, мақсаты хабарланады.
|
Қима қағаздар
«Әлем халықтарының ертегілері»
|
Сабақ ортасы
Білу,түсіну
5 минут
10 минут
Қолдану
Талдау
7 минут
10 минут
|
Мағынаны тану
Оқушылар назарына «Айдаһар және батыр» ертегісі ұсынылады. https://www.youtube.com ›
1-тапсырма.ТЖ. «Әдебиет лотосы» әдісі арқылы кейіпкерге мінездеме беру.
Дескриптор:
Ертегі кейіпкерлері
|
Пор- треті
|
Мінезі
|
Іс-әрекеті
|
Ертегінің тәрбиелік мәні.
Өз пікірі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
- Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме бере алады;
- Ертегінің тәрбиелік мәнін аша алады;
- Өз пікірін білдіре алады.
ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы жүреді.
Жасыл түс – толық меңгерген;
Сары түс – толықтыруда қажет етеді;
Қызыл түс – ойлану, толықтыру қажет.
2-тапсырма. ЖЖ. «Қабырғадағы рөл» әдісі.
Кейіпкерге мінездеме;
Қосымша мәліметтермен толықтыру;
Сұрақтар дайындау.
Дескриптор:
- Кейіпкер бейнесін анықтап,мәлімет жазады.
- Қосымша мәліметтер келтіре алады.
- Сұрақтар қоя алады.
ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі.
3-тапсырма. ЖЖ. «Қос диаграмма» әдісі.
Ұқсас шығарма кейіпкерлерімен салыстыру
Дескрипторлар
- Кейіпкерлер арасындағы ұқсастықты анықтай алады;
- Екі ертегінің кейіпкерлерін салыстыра алады;
- Мақал-мәтел, даналық сөздермен тұжырым жасай алады.
ҚБ - «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі.
|
https://www.youtube.com ›
Кесте
Ақ парақ
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс. «Ойды аяқта» әдісі.
|
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Сабақ жоспарын жасау барысында оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, басты назарға саралау тапсырмаларын алдым .Саралап оқытуда оқушылардың оқу және танымдық қабілеттерін саралай келе, «Айдаһар және батыр» ертегісін саралауда «Қабырғадағы рөл», «Қос диаграмма» әдісін алдым. 1-әдісті қолдануда білім алушылар оқу мәтінінен кейіпкерлердің пішіндік бейнесін постерге салып, «кейіпкер туралы не білесіз? сіздің пікіріңіз қандай?» деген сұрақтарға жауап беріп, өздеріне қажетті мәліметтерді алады.
2-әдісте білім алушылар екі ертегідегі кейіпкерді салыстырады, талдайды. «Кейіпкерге қандай баға берер едіңіз?» деген дәлелдеу, салыстыру сұрақтарын беремін. Білім алушы ойын дәлелдей келе,сыни көзқарасын білдіреді.Ойын еркін,анық жеткізеді. Аталған тапсырмаларды білім алушылар өз таңдаулары бойынша орындайды.Орындау барысында әдеби шығарманың тақырыбын аша алады.Кейіпкерлерге мінездеме бере отырып,талдайды, салыстырады.
|
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Сабақ барысында оқушыларға қолдау көрсету мақсатында қалыптастырушы бағалауды «Бағдаршам» әдісі және ауызша қолдау арқылы жүргіземін. «Бағдаршам» тәсіл арқылы қолдауды қажет етіп отырған оқушылар қызыл түсті көтеріп, көмек қажет екендігін білдіреді. Бұл дер кезінде кері байланыс жасауға, қалыптастырушы бағалауды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
|
Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерді АКТ – мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
Пәнаралық байланыс болды.
Сабақ барысында денсаулық және қауіпсіздік ережелері басшылыққа алынып, ресурс көздері талапқа сай болу қадағаланды. АКТ- ні білім алушыларға сабақ материалдарын таныстырылым көрсету үшін қолдандым.
|
Рефлексия.
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Сабақ тапсырмалары SMART мақсатқа бағытталған. Оны арнайы критерийлер арқылы анықтауға мүмкіндік жасалған. Критерийлерді орындау үшін дескрипторлар айқын көрсетілген. Сабақта әлі де болса, қалыптастырушы бағалау пысықтауды қажет етеді. Бұл сабаққа оқушылардың алдыңғы білімдеріне негізделе отырып жоспарланды.
|
ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАМДАУ
|
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
«Әдебиет лотосы», «Қос диаграмма», «Қабырғадағы рөл» әдістері.
|
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпал тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? Өзін-өзі бағалау әдістерін тиімді пайдалану.
|
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөніндегі келесі сабағыма қажет мүмкін қандай ақпарат білдім? Жекеленген оқушыларға өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік беру.
|
|