Сабақ жоспары Алматы қаласы Білім басқармасының ҚббжтғӘО қолдауымен жасалды. 1-тоқсан



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі432,65 Kb.
#14664
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
5-6 сабақтар.11 сынып. Қазтарих 1-тоқсан Асанбекова


Асанбекова Гулмира Сагатовна- «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»КММ-сінің тарих және құқық пәндерінің мұғалімі.

Сабақ жоспары Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен жасалды.



1-тоқсан

5-6 -шы сабақтар.

І-бөлім. ӨРКЕНИЕТ:ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ІІ-тарау: Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері


Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанда қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Сабақтың мақсаты:

Картаны пайдаланып, Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдарын зерттеу;

Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлін талдау.



Сабақтың барысы.

Қысқаша конспект.



Балалар! Параграфта берілген суреттерге назар аударыңдар.

  1. «Көпір-бұл өмір» деген сөзбен келісесіңдер ме?

  2. Бұл екі суретті қалай байланыстыруға болады?

Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында бұл зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер, мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар — базаржәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір-бірімен ұласып, Шығыс пен Батысқа, Оңтүстік пен Солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осылай б.з.б. II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды.

Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы. Ұлы Жібек жолының кей тармақтары сол кезде-ақ іске қосылған. Негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік әшекей бұйымдарға қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр елге таралған. Б.з.д. I мыңжылдықтың ортасында «Дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды.

Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіруші қан жүйесіне ұксас жұмыс істеді. Себебі ол бүкіл Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді.

«Ұлы Жібек жолы» ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихттофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.

Сонау Еуропа мен Азияны біріктіріп жатқан бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің бір-бірімен сауда-саттықпен айналысуына, ғылым салаларының дамуына, діни және мәдени салт-дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті.

Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Тянь-Шань тау сілемдерімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары аркылы Қытайға ұласкан, Жолдың ендігі бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатты.

Негізгі күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға карай тарамдалған жолдар өткен. Осындай жолдардың бойында Исфиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген әсері мол. Қалалар мен далаларды, тау етектерін сақтар, үйсіндер, қаңлылар, кейіннен түргеш, қарлұқ, оғыз, кыпшақ, қимақ сияқты ежелгі түркі тайпалары мекендеген.

Қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтар Қытай мен Византия, Иран мен Үндістан елдерінің теңге сарайларында нақыштап соғылған теңгелер мен ділдәлар қазып алған. Сонымен бірге сол жерде жасалған әрі сауда керуендерінен келген басқа бұйымдар да табылған. Алматы маңындағы ежелгі Талхир қаласының орнын қазған кезде Иранда жасалған қола табақ, қытай фарфоры мен жапон фаянс тостағанының сынығы және т.б. бұйымдар қолға түсті. Әсіресе, беті түрлі танғажайып оюлармен, тамаша суреттермен безендірілген табақ ерекше қызықтырып, ықылас тудырады. Қызыл түсті жапон фаянс тостаған сынығының іші мен сыртында айдаһар, тау мен теңіз, «алтын» киім киінген ер кісі мен әйел әсем бейнеленген.

Көз қызықтырар қола айналар – Таяу Шығыс пен Қытайдан шығып, кең таралған заттардың бірі. Олардың сырт жағына гүлді оюлар, ұшып бара жатқан тырналардың суреттері салынып, араб жазулары да түсірілген.

Ұлы Жібек жолы бойымен Ферғананың әйгілі жүйрік аттарын, араб және түрікмен арғымақтарын, түйе мен пілдерді, арыстан мен керіктерді, сілеусін мен карақұйрықтарды, сұңқар мен каршығаларды, тауық пен тотықұстарды, тіпті түйеқұстарды да сату үшін алып өткен.

Жібек жолы арқылы тауарлармен қатар ортағасырлық өнер: сәулет, мәдениет, әуен мен би өнері, көркем қойылымдар да жан-жаққа таралған. Иран, соғды, түрік бишілері мен әртістері Қытай хореографиялық мәдениетіне зор үлес қосқан. Ұлы Жібек жолы бойымен дін өкілдері де өз уағыздарын шет елдерге тараткан. Бүкіл Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Үндістаннан, Қытай, Корей, Жапон халықтарына будда, ал Сирия, Иран, Арабия елдеріне христиан діндері енген.

Еуропа мен Азияны, Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жол түрлі мәдениеттің дамуына ықпал етіп, алыс-жақын елдердің өзара қарым-қатынас жасауына өте қолайлы еді. Қазақ даласында өмір сүрген сол замандағы отырықшы қала тұрғындары мен көшпелі тайпалар адамзат мәдениетінің дамуына әсерін тигізген. Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, білім деңгейлері көтерілді. Саусағынан өнер тамған қолөнер шеберлері өздерінің таңғажайып туындыларын дүниеге әкелді.


Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

«Ойды аяқта».

Кестені орындау.

Себептерін көрсету.

Пікірлерді талдау.
«IDEAL» тәсілін қолдану.

Пікірлерді салыстыру.


Картамен жұмыс.

Кестені толтыру.

Сипаттау.

«Борт» журналын толтыру

Салыстыру және көрсету.

Даталармен жұмыс.

Ұғымдармен жұмыс.


PEST талдау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет