Сабақ жоспары: Атмосфераның жылынуы



бет2/3
Дата15.12.2022
өлшемі0,97 Mb.
#57520
түріСабақ
1   2   3

Жер бетінің күн сәулелерін кері шағылдыруы альбедо деп аталады, оның көрсеткіші жердің төсеніш жамылғысының сипатына байланысты болады. Жаңа жауған қар күн радиациясының 90%-ға жуығын шағылдырса, құм - 35-40%-ын, өсімдік жамылғысы - 10-25%,-ын ал ылғал топырақ 5%-ын ғана кері қайтарады. Шағылу есебінен күн радиациясының 15-30%-ға жуығы әлем кеңістігіне сіңіп, сейіліп кетеді. Кез келген қызған денелер жылу бөлетіні сияқты, жер бетінен көтерілген жылу атмосфераның төменгі қабатын жылытады. Жиынтық радиацияның кері шағылу мен жер бетінің жылулық сәулеленуіне жұмсалғаннан қалған бөлігін радиациялық баланс немесе қалдық радиация деп атайды. Радиациялық баланс мөлшері экватордан (жылына 3066-102 Дж/см2) полюстерге ( 294-102 Дж/см2) қарай кемиді. Қоңыржай ендіктерде қыс кезінде радиациялық баланс теріс мәнге не, ал экватордан шамамен 40° ендіктер аралығында бұл көрсеткіш жыл бойы оң болады. Ауа температурасының атмосферада таралуы мен онын үздіксіз озгерістері атмосфераның жылу режимі деп аталалы, ол атмосфера мен коршаған орта арасындағы жылу алмасуы нәтижесінде жүзеге асады. Тропосферадағы ауаның температурасы төменнен жоғарыға карай өзгереді, әрбір жүз метр биікке көтерілген сайын ауа температурасы 0,6°С төмендейді. Кейбір жағдайда ауаның жоғарғы бөлігіндегі температура төменгі ауа қабатымен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, мұндай құбылысты температуралық инверсия (латын тілінде, inversio - аударылу деген мағына береді) деп атайды.

Тәулік ішінде ауа температурасы өзгеріп отырады, ең төмен температура таң алдында, ең жоғары температура түстен кейінгі сағат 14-15 шамасында байқалады. Тәуліктік орташа температураны анықтау үшін тәулік ішінде байқалған бірнеше температуралық көрсеткіштін орташа арифметикалық шамасын алу кажет. Тәулік ішіндегі байқалатын ең жоғары және ең төменгі температуралар айырмасы тәуліктік амплитуда деп аталады. Тәуліктік амплитуда өзгерісі бірнеше факторларға байланысты: 1. Жергілікті жердің географиялық ендігіне, ол сол жерге келіп түсетін жылу мөлшерін анықтайды; 2. Жер бетінің төсеніш сипатына, өйткені құрлық беті пен судыңәркелкі жылынады; 3. Жергілікті жердің бедеріне байланысты, таулы жер мен жазық жерлер де әркелкі жылынады; 4. Бұлттылық артатын болса, тәуліктік амплитуда төмендейді. Өйткені бұлттар жер бетін күндіз қатты қызып кетуден, ал түнде катты салқындап кетуден сақтайды


Ауа температурасы жыл ішінде де өзгеріске ұшырап отырады. Онын жыл ішіндегі өзгерісіне географиялык ендік, атмосфера циркуляциясының өзгерістері, жер бедерінің сипаты, мұхиттар мен ондағы беткі ағыстар,жер бетінің төсеніш сипаты сияқты факторлар белгілі дәрежеде әсерін тигізеді.Солтүстік жарты шар материктері үшін ең ыстық ай- шілде, ең салқын ай - қаңтар болса, ал Онтүстік жарты шар материктері үшін ең ыстык ай - қаңтар, ең салқын ай - шілде болып саналады.Мұхит сулары баяу жылынып, баяу суынатын болғандыктан Солтүстік жарты шар мұхиттары үшін ең жылы ай - тамызға, ең суық ай- ақпанға, Оңтүстік жарты шар мұхиттары үшін жылыай - ақпанға, ең салқын ай - тамыз айларына сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет