Тақырыбы мен кіріспе бөлімі арқылы бейнебаянда не айтылатынын болжай алады.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология: Туризм, ішкі туризм, турист, аңыз, Бурабай, экономика саласы
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. менің пікірімше.... Олай ойлауыма мынадай ... себептер бар.
Шаттық шеңберіне тұрып, күннің шуағын қолдарына алып, өлең жолдарын айтады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жанжағым.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Сабақ дайындалған презентацияны көруден басталады.
Мына екі суретке ортақ не бар?
Осы ортақ нәрсенің сабақ тақырыбына қандай қатысы бар?
Мұғалім оқушылардың жауаптарын қорытындылайды (1-сурет туризм, 2-сурет Қазақстан туралы, екі суретке ортақ нәрсе әр елдің ең танымал және көрікті жерлері бейнеленген. Мысалы, 1-суретте Эйфель башнясы, АҚШ-тағы Тәуелсіздік мүсіні, Италиядағы Пизанская башнясы, т.б., 2-суретте қазақстандық «Бәйтерек» бейнеленген). Олардан сабақ тақырыбын анықтауларын сұрайды.