(Оқулықпен жұмыс) Оқушылар негізгі анықтамаларды дэптерлеріне жазып отырады. Компьютерден MicrosoftOfficeWord программасын ашып, оқулықтағы тәжірибелік тапсырмаларды орындайды. Өткен тақырып бойынша сұрактарға жауап беру арқылы білімдерін бекітеді. Қорытынды кезең
Сабақта үйренгеніміз: Мәтіндік процессорды;
Мәтін түрлерін;
Мәтін түрлерінің нысандарын;
Word программасы терезесінің құрылысын.
Үй тапсырмасы Анықтамаларды жаттау;
Word программасы туралы қосымша мағлұмат алу (кітапханалардан, ғаламтордан)
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________ Пән аты: Информатика Класы: 10 «Б» Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Құжат терезесін баптау, құжатты көру режімдерін, терезенің бөлінуі және реттілігі туралы түсіндіру.
Тапсырманы өздері істеп көруге және құжат құрылымын ажырата білуге үйрету.
Оқушыларға бір-біріне көмек беруге, уақытты үнемдеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: экран, проектор, слайдтар, тапсырма карточкалары.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тэжірибелік эдіс. Сабақтың типі: тэжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: құжат режімінің түрлерін жэне құжат терезесін баптауды. Оқушылар меңгеруі тиіс: қажетті батырмаларды орнатуды жэне қолдануды.
Сабақтың барысы
¥йымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
Үй тапсырмасын тексеру
Әр балаға жеке-жеке карточка беру арқылы сүрақтар дайындау жэне жауабын барлық бала тыңдап, жауаптың дұрыс жэне дұрыс еместігіне коз жеткізе отырып үй тапсырмасын тексереміз.
Білімді өзектендіру
Құжат терезесін қалай баптаймыз? Мысал келтіріңдер.
Терезелерді реттеудің және бөлудің маңызы неде?
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория
Терезені мына параметрлер бойынша баптауға болады: Сызғыш, керекті тақталардь орналастыру, айналдыру жолақтарын орнату немесе алып тастау, Құжаттарды көру режімін орнату. Сонымен қатар құжат беттерінің орналасуын және масштабын өзгертуге болады
Масштабты өзгерту: Тур (Вид) мэзірінен масштаб бұйрығын таңдаймыз. Масштаб диалогтік терезесі пайда болады. Масштаб тобының келесі ауыстырып-қосқыштарының бірін шертіңдер:
200% - мэтіннің бейнеленуін мөлшерден екі есе ұлғайтады.
100% - масштабты Үнсіз келісім бойынша күнделікті режімге келтіреді.
75% - мэтін көлемін кішірейтеді.
Беттің ені бойынша (По ширине страницы) - мэтін жолының мөлшері терезе өлшемімен сэйкес келеді.
Мэтіннің ені бойынша (По ширине текста) - беттің мөлшерін барлык мэтін экранға сиятындай етіп өзгертеді (осы нүсқа Бетті белгілеу режімінде ғана мүмкін).
Жалпы бет (Целая страница) - экранға бетті түтастай орналастырады.
Бірнеше бет (Несколько страниц) - құжаттың барлық беттерінің кішкене нүсқасын бейнелейді;
Еркін (Произвольный) тізімін пайдалана отырып, кұжатты бейнелеудің кез келген масштабын орнатуға болады. Бұл параметрдің көмегімен 57%, 93%, 138% сияқты масштабтарды алуға болады.
ОК батырмасын шертеміз.
Жаңа білімді бекіту
Тәжірибелік жұмысты орындау арқылы, білімдерін бекітеміз, Қорытынды кезең
Жаңа тақырыпқа сұрақтар қою арқылы білімдерін қорытындылаймыз. Үйге тапсырма
Бақылау сұрақтарына жауап беру.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________ Пән аты: Информатика Класы: 10 «Б» Қоғамдық - гуманитарлық бағыт Тақырыбы: Стильдер. Стильдерді өзгерту. Жаңа стиль құру.
Сабақтың мақсаты:
Стиль түрлерін таныстыру.
Жаңа стиль қүруды түсіндіру.
Алған білімдерін басқа пэндерде қолдана білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, экран, проектор, слайдтар, тапсырма карточка- лары. Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрак-жауап, көрнекілік қолдану, тэжірибелік эдіс. Сабақтың типі: тэжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабагы. Өтілетін орны: информатика сыныбы. Оқушылар білуі тиіс: стильді таңдай білу керектігін. Оқушылар меңгеруі тиіс: кұжатқа стиль құруды және стильді қалауынша өзгертуді. Сабақтың барысы ¥йымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша бақылау сұрақтарын сұрап, дәптерлерін тексеру. Білімді өзектендіру. Стиль дегеніміз не? Стильдің қандай түрлері бар?
Жаңа стиль құру үшін қандай батырмаларды қолданамыз, оқулықта енгізілген мәтін қандай стиль түріне жатады? Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория Стиль пішімдеу атрибуттарының жиынын үсынады, яғни, қаріптің өлшемін жәш жазылуын, гарнитурасын, орналасуын, абзацтар арасындағы арақашықтық аладь: Стильдерді пішімдеудің барлық атрибуттары мэтіннің ерекшеленген үзіндісіне біг уақытта қолданылады. Стильдерді пайдаланудың бірінші ерекшелігі осында. Екініі: ерекшелігі - қажетті параметрлердің бүйрығын бір рет бергеннен кейін, оны барлық уақытта тіпті әртүрлі құжаттарда пайдалануға болады. Құжатта қолданған стильді өзгерту үшін Стильдерді өзгерту батырмасын басамьі Стильді өзгерту диалогтік терезесі пайда болады. Мүнда: Стильдер топтамасы, Түстер топтамасы, Қаріпті пішімдеу топтамасы, Абзацаралық интервал, Үнсіздік бойынша батырмалар; орналасқан. Осының ішінен керектіні таңдап алу арқылы стильді өзгертуге болады. Жаңа білімді бекіту
Стиль терминіне тоқталып, қосымша «Қазақ эдебиеті» оқулығын алып, кез ке. ген тақырыптағы стиль түрлерін талқылап, жаңа тақырыпқа сүрақтар қою арқыль оқулықтағы тэжірибелік тапсырманы орындап, білімдерін бекітеміз. Қорытынды кезең
Сабақта білгеніміз: Стиль жэне стильді өзгерту түрлерін. Үйге тапсырма
Кез келген 5 жолдан тұратын мәтінге, өз қалауларыңша стиль құру жэне тапсырманы қағазға шығарып, қорғау керек.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2016 ж ___________________ Пән аты: Информатика Сынып 10 «А» Қоғамдық - гуманитарлық бағыт Тақырыбы: Кеңейтілген алмастыру буфері. Беттің белгіленуі. Бет түсі.
Сабақтың мақсаты:
Алмастыру буферімен жұмыс істеуді үйрету.
Беттің орналасуы мен фонын өзгертіп, тэжірибеде қолдануды үйрету.
Оқушыларды тиянақтылыққа, уақытты тиімді пайдалануға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: экран, проектор, слайдтар, плакаттар, мэтін енгізілген жэне таг сырмасы бар карточкалар. Сабақтың әдістері: түсіндіру, сүрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тэжірибелік эдіс. Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы. Өтілетін орны: информатика сыныбы. Оқушылар білуі тиіс: алмастыру буферінің не екенін, беттің фонын өзгертуді. Оқушылар меңгеруі тиіс: алған білімдерін тәжірибеде қолдануды. Сабақтың барысы ¥йымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен маңызын айқындау
Үй тапсырмасын тексеру
Тәжірибелік жұмыстарын тексеріп, орындаған тапсырмаларын қорғауды эр оқушыдан сұрау. Білімді өзектендіру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Мәтінді қию немесе көшіру кезінде ерекшеленген үзінді (немесе нысан) Алмастыру буферіне орналасады. Тек мэтін ішінде ғана Алмастыру буферін қолдана алмайсыңдар, сонымен қатар басқа мэтіннен керек жерлерін көшіріп немесе қиып алуға, ғаламтордан керекті мәліметтерді көшіріп алуға болады. Алмастыру буферіне байланысты операциялар тек мәтіндік деректерге ғана қатысты емес, графикалық нысандарға да гиперсілтемелерге де қатысты.Алмасу буфері (Буфер обмена) дегеніміз - құжаттар мен қолданбалы программалар арасында мәтіндік немесе графикалық ақпарат алмасуға арналған компьютер жадының арнаулы болігі. Мәтіндік процессор Кірістіру (Вставка) және Ауыстыру (Замена) режімдерінің бірінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кірістіру режімінде енгізілген мэтін бұрынғы түрған мәтінді жылжыта орналасады. Мәтіндік құжаттарды енгізу Кірістіру режімінде орындалады, ал қызметтік құжаттарды, колонтитулдарды, толтыруды Ауыстыру режімінде орындаған ыңғайлы. Жаңа білімді бекіту
Тәжірибелік тапсырманы компьютерде орындау арқылы білімдерін бекітеміз. Қорытынды кезең
Сұраққа жауап алу арқылы, қорытындылаймыз: Алмастыру буфері не үшін қолданылады?
Кірістіру жэне ауыстыру режімдерінің айырмашылығы неде?
Құжат бетінің орналасуын іске асыру жолы калай?
Арнайы символдарды енгізу жолы қандай?
Үйге тапсырма Өз қалауларыңмен 3 абзацтан түратын мэтін теріңдер, сақтау арқылы құжатқа атау беріңдер. Қүжатта беттің түсі: сары, беттің оң жэне сол жақ ендіктері 2 см, жоғарғы жэне төменгі ендіктері 1,5 см болсын. Алмастыру буферін пайдаланып, 1-ші абзаңты мәтін соңына, 2 абзаңты 1-ші абзаңтың алдыңғы жағына орналастырыңдар. Тәжірибелік жұмысты қағазға шығарып келіңдер.