1-тапсырма Топтық жұмыс. 15 мин
С.Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесінен алынған үзіндідегі автор қолданған көркемдік тәсіл мен кейіпкерлерді, оларға тән сипатты анықтаңыз.
І топ- «Ауыл өмірі».
Шығармадағы ауыл өмірін берудегі пейзаж және адамдар арасындағы диалогтардың маңызын ашып, автордың бұларды қолдану себебіне тоқталыңыз.
Бағалау критерийі:
Шығармадан пейзажды таба алады, тақырыппен байланыстыра отырып түсіндіреді;
Әңгімеде адамдар арасындағы диалогтардың маңызын ашып, автордың қолдану себебін айтады.
ІІ топ- «Шынайы достық» тобына.Әңгіменің тағы бір ерекшелігі - онда тілдік қолданыстардың болуы. Шығармадағы Ертай мен Шаншатай арасындағы достықты негізге ала отырып, баяндау, сипаттау, суреттеуге мысалдар келтіріңіз және себебін түсіндіріңіз.
|