Сабақ жоспары Бөлімнің атауы: Мәдениет: тіл және қарым қатынас



Дата28.02.2022
өлшемі136,08 Kb.
#26571
түріСабақ
Байланысты:
04.09.20. Ана тілінің қызметі


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімнің атауы: Мәдениет: тіл және қарым - қатынас

Мектеп: Құрық ауылының №1 орта мектебі КММ


Күні: 04.09.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Болтекова Дамеш Советбайқызы

Сынып: 5 «Ә»

Пәні: Қазақ тілі


Қатысқандар: 13

Қатыспағандар: 0


Сабақтың тақырыбы


Ана тілінің қызметі

Оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.1.1 Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау

5.3.1.1 Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру



Бағалау критерийі


  • Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, дәлелдейді

  • Мәтінге сәйкес қарапайым, күрделі жоспар құрастырады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Сабақ мақсаты



Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді түсініп, бөліктерге бөледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіндегі негізгі ойды анықтап, қосымша ақпаратты түсініп ажыратады.Қарапайым жоспар құрады.

Кейбір оқушылар орындай алады: мәтінге сұрақ қою арқылы негізгі ойды саралайды, дәлелдейді.Қосымша ақпарат алу арқылы күрделі жоспар құрады.

Тілдік мақсат

Оқушы орындай алады:

Оқылған мәтін бойынша сұрақтарға сенімді және еркін жауап береді, өз ойларын айтады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Шешен қария баласына не деді?

Ол баласына қандай қазына қалдырды?

Бала абыз ақсақалға не деп мұңын шақты?

Дана қарт оған не деп жауап берді?


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: шешен, мұра, қазына.


Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: тілге жүйрік, көз жұмарында, қамықпа, қазынам, қадіріне жет, арып – ашып, абыз ақсақалдарға, ақтық дем, сөздің дәмі, мәңгілік мұра.

  • «Балам әкем кедей …….

  • Е, балам, әке баласына өтірік айтпас болар……..

  • Дүниеде тілден қымбат……..

Құндылықтарға баулу

  • «Мәңгілік ел» идеясындағы «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығын ішінара жүзеге асыру;

  • Қарым – қатынас жасау қабілеті.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, бейнелеу, тарих

АКТ –ны қолдану дағдылары

Таныстырылым

Алдыңғы білім

Сөйлеу мәдениеті. Сыпайылық, әдептілік

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин



Ұйымдастыру:Оқушылармен амандасып, сабақ мақсатымен таныстыру.
Қызығушылықты ояту

Оқылым алды тапсырма

Оұушыларға түрлі суреттер беріледі.












  • Суреттер қандай тақырыпқа арналған?

  • Суреттерде адамдардың қандай әрекеттері байқалады?

  • Осы суреттер арқылы – сөйлеу, сөйлесу мәдениеті туралы не айтасыз?

Таныстырылым



Сабақтың ортасы


34 мин


Мағынаны тану
1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, жинақы мәтін құрастырыңыз.




Мәтін

Жинақы мәтін

Қымбат қазына

Ертеде бір тілге жүйрік, шешен қария көз жұмарында ұлына: «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет», - депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып- ашып жүріп, ауылдағы абыз ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:

-Е, балам, әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ па, сірә! – деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.






Өзара бағалау. «Бас бармақ әдісі» арқылы

2-тапсырма

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.


Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тіл ана тілі атаыну үшін ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.

Тілдің ең негізгі, яғни бірінші қызметі - адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, бір нәрсе жайында пікір алмасуы. Екінші қызметі – адамдардың адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көзқарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру, жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.


Өз ойыңызды «ПОПС» формуласы бойынша білдіріңіз.

«ПОПС» формуласы

1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

2. Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

3. Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»
Дескриптор:


  • Мәтін мазмұнын талдайды.

  • Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;

  • Түйінді ой-пікірін білдіреді.


Өзін-өзі бағалау. «Бағдаршам» әдісі
Оқылымнан кейінгі тапсырма.

3-тапсырма

Оқылым мәтінінің негізінде кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімді анықтай отырып, қарапайым (күрделі) жоспар құрыңыз.

Ықтимал жауап:

I Кіріспе: Ана тілі мұра

II Негізгі:Қарым-қатынас құралы

III Қорытынды: Ана тілінің қызметі


Өзара бағалау. «Екі жұлдыз,бір тілек»

Оқулық


Арман-ПВ








Сабақтың

соңы

Кері байланыс

3 мин


Рефлексия

«Төрт сөйлем» әдісі



1. Пікір.

Негізгі не қосымша ақпаратқа өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.



2. Дәлел.

Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.



3. Мысал.

Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.



4. Қорытынды

Тақырып бойынша қорытынды шығарады.



Үйге тапсырма:

«Ана тілім- мақтанышым» тақырыбында ой толғау жазу.







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет