Барлық оқушылар: Ресей империясының отарлық саясаты себеп-салдарын анықтауда өз пікірін білдіреді.
Оқушылардың басым бөлігі: ХІХ ғасырда Ресей империясының патша үкіметі реформалары нәтижесінде енгізілген әкімшілік-аумақтық өзгерістердің тарихи маңызын талдай біледі.
Кейбір оқушылар: ХІХ ғасырдағы Ресей империясының патша үкіметі реформаларына салыстырмалы талдау жасап, оң және келеңсіз құбылыстарға баға береді.
Сабақтың міндеті:
Тарих пәнінен алған білімдерін іскерлік пен адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін дамыту.