Сабақ жоспары: Кіріспе сөз



Дата14.09.2023
өлшемі19,93 Kb.
#107889
түріСабақ

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ауған соғысы жүректерге жара салды»
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту.
Көрнекілігі: шарлар, ұрандар, Ауғанстан жерінің картасы. газеттер
Сабақ жоспары:
Кіріспе сөз
Қауымбек Қасиет: 32 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты.Он жылға созылған бұл соғыстан елге қайтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды.Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 жуық адамы құрбан болды.«Ерлік қашан да елге мүра, ұрпаққа - ұран» болатыны белгілі. Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. 14 мыңға жуық кеңес жауынгерлері соғыста үйлеріне оралмады. Олардың ішінде қазастандықтар да бар еді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді.
Қайрат Дінмұхаммед: Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз.Оларды ұмытппас үшін естеліктер айтылып, мәңгілік алаулар жағылады. Осы дәстүр біздің Қазақстанда да сақталған. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян. Бұл соғыстан қанша боздақтар оралмады, сол боздақтардың аналары әлі күнге дейін қара жабылып қасірет шегуде. Әр ана баласының кеміс те болса тірі келгенін құдайдан тілемей ме? Сол үмітінің ақталмай, баласының өлі денесін алудан артық анаға бұл дүниеде тең келер қандай қасірет бар?
Дармен Ерсұлтан: Ауғанстан туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті. Бірақ, бұл ел бізге ұмтылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің жүрек жарар ұлын, біреудің бауырын бұл жалғанда жұлып әкетерін кім білген. Бүгінгі біздің «Ауған соғысы жүректерге жара салды» атты тәрбие сағатымыз сол кісілерге арналады.
1-жүргізуші, ІІ-жүргізуші
Кеңестер әскері құрамында біздің Сарабалық азаматтардың да еңбектері орасан.. Өзіміздің Сараба ауылы бойынша аман есен оралып еңбек етіп жүрген жауынгер ағаларымыз:
Біз олармен мақтанамыз, өйткені олар біздің ауылдастарымыз.
Жақсылық Ақерке:
Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер.
Ер басына күн туса
Етігімен су кешер – дегендей ХХ ғасырдың аяғында, яғни 1979-1989 жылдары ауған жеріндегі соғыс апатын шеккен азаматтарымыз аз емес.

Жақсылық Жанерке: 1978 жылдың сәуір айында Ауғанстанда революция жасалды. Революциялық кеңес және Республика үкіметі құрылып, төраға қызметі Н.М.Таракиге жүктелді. Жаңа үкіметтің нақтылы реформалық іс-әрекеттері дамыған социалистік елдердегі құрылысқа ұқсас болды.Жаңа өмірдің қалыптасуы барысында басқарушы партия арасында алауыздық пайда болып, өзара тартыс басталды.


Саурбай Еркеназ: 1979 жылы желтоқсанда КСРО әскерлері ауған жеріне енгізілді. Бұл әрекет елдегі жағдайды одан әрі шиеленістірді.Ауғанстан жерінде болған ұрысқа 22200 Қазақстандық қатысып, оның 701 жауынгері қаза болса,484 адам мүгедек болып оралды.20 жауынгер хабарсыз кетіп, 2205 жауынгер орден, медальдармен марапатталды.
Спабек Абдуррахим: Міне, осы Ауған соғысының аяқталғанына 32 жыл өтіпті. Сол кездегі әсерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.
Бейнебаян. «Ауған жерінде ... »

Төрехан А:


Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер төркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған,-деп-Әнұран?!
Әнұран орындалады.
Қайрат Дінмұхаммед:
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін
Достым, білгің келе ме?
Отан-сенің ата-анаң
Отан-досың, бауырың,
Отан-өлкең, астанаң,
Отан-аудан,ауылың
Отан-тарих, Отан-тіл,
Жасаған елің, өз халқың!
Отан-өлең, Отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан-осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өсіп жан-жағың,
Оны ардақтап, сүйе біл!
Есімхан Айбек:
Әуелің Отан-ана алды
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Дармен Ерсұлтан:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен,асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан»-деп сыбырлаған
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен.
Ән «Мен-қазақпын».
Аманқұл Нұрасыл:
Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
Ардагерге-майдангерге
Иейік біз барлық жерде
Басымызды сол үшін.

Жақсылық Ақерке:


Сапқа тұр, ақ ниет адамдар
Кел қосыл бейбітшіл шеруге
Тыныштық жауларын жеңуге.
Бейбіт күн тулары самғасын
Тыныштық тулары шарласын,
Жетім боп ана мен балалар,
Ойран боп от басы қалмасын.
Жол берме соғысқа азамат
Сен ғана тыныштық қорғаны.

Жақсылық Жанерке:


Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.
Ардагерлер-естелігі ерліктің,
Ұрпақтары-бұтақтары,
Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен.

Абдираим Ербақыт:


Туған жердей жат жердің болмайтыны-ақиқат,
Оған көңлің толмайтыны-ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны-ақиқат.

Кадиров Милан:


Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң.

Әкімжан Кәусар:


Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан
Аттанып қан майданға сендерсің ғой
Соғыстың бар азабын арқалаған.

Миятбек Рахман:


Сол Ауғанда талай досты жерледік,
Қарлы шыңға күн түн демей өрледік.
Сұрапылда ерледік те шерледік,
Намыс туын қолдан бірақ бермедік.

Әкімжан Кәусар


Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ар дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!

Достық бізге тым ыстық,


Бірлік-байлық ырыс құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық!
Ән «Ауылым»
«Мен еліме тілеймін ...» кезеңі. Әр оқушы ақ көгершінге ақ тілегін жазып, көгершінді жоғары көтереді.
Хор: «Бейбітшілік сақталады».
Мұғалім: Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40-шы армияның Ауған жерінен генерал Борис Громовтың шығуы еді.Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекералар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстадық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар.Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді.
Осынмен тәрбие сағатымыз аяқталды.
Жеке суреттер: «Батырлардың ғұмыры қысқа, даңқы ұзақ»
1. Сыздықов Сүндет Қырғызбайұлы (1978-1980 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
2. Солтиев Серікбек Тілеужанұлы (1979-1980 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
3. Аманбаев Жомарт (1985-1987 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
4. Рысмендиев Қайрат Сейпенұлы (1986-1988 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет