Негізгі бөлім: (30 мин)
Жаңа материалды түсіндіру (10 мин)
Қозғалыс тақырыбына мәтінді есептер
Қайық, катер, теплоход, пароход көлде немесе өзенде жүзеді. Мысалы, қөл ағынсыз су болғандықтан, қайық көлде жүзгенде өзінің меншікті жылдамдығымен жүзеді. Сал өзенде жүзгенде ағыс жылдамдығына тең жылдамдықпен жүзеді.
Егер дене ағыспен жүзсе, оның жылдамдығы ағыс жылдамдығына артады.
Дененің ағыспен жылдамдығы оның меншікті жылдамдығы мен ағыс жылдамдығының қосындысына тең.
Мұндағы - дененің ағыспен жылдамдығы;
- дененің меншікті жылдамдығы;
- ағыс жылдамдығы
Егер дене ағысқа қарсы жүзсе, оның жылдамдығы ағыс жылдамдығына кемиді.
Дененің ағысқа қарсы жылдамдығы оның меншіңті жылдамдығы мен ағыс жылдамдығының айырмасына тең:
Мұндағы - дененің ағысқа қарсы жылдамдығы;
Есеп. Меншікті жылдамдығы 6 км/сағ қайық ағыс жылдамдығы 2 км/сағ озенде ағыспен жүзеді. Қайық 3 сағатта қанша қашықтыққа барады?
Ш: 1) 6+2=8 км/сағ – қайықтың ағыспен жүзгендегі жылдамдығы.
2) 8*3=24 км – қайықтың үш сағатта барған жылдамдығы.
Өзендегі қозғалысты есептеу үшін қажет болатын ағыс жылдамдығымен меншікті жылдамдықты табуды үйренейік.
2.14-суретте дененің ағыспен жылдамдығы және ағысқа қарсы жылдамдығы кесінділермен берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |