4 минут
10-15 минут
|
Жаңа сабақ
Қызығушы-лықты ояту
Тапсырмалар
|
Балалар, алдымен сұрақтарға жауап берейік.
Берілген суреттерде кімдер бейнелеген?
Дұрыс айтасыздар, әр ұлттың, этностың адамдары бейнеленген.
Ал этнос дегеніміз не?
Жарайсыздар, балалар! Иә, этнос дегеніміз - ортақ мәдениетіне, тіліне және тарихы мен географиясына байланысты біріккен адамдар тобы
Балалар, Қазақстандағы этностар туралы қосымша мәліметпен келесі тапсырма арқылы танысайық.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінге ат қойып, жанрын анықтаңыз:
Мемлекетіміздің негізін қалаушы халық – қазақтар. Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халқы 100 мыңнан асатын 8 этнос бар екені белгілі болды. Олар: қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндер, ұйғырлар, татарлар, немістер, кәрістер. Осы 8 ұлт бірігіп Қазақстан халқының 96 пайызын құрайды. Одан өзге саны 30 мыңнан асатын 8 этностың орналасқанын байқауға болады. Олар: түріктер, әзірбайжандар, белорустар, дүнгендер, күрдтер, тәжіктер, поляктар, шешендер.
«Қазақстан этностары» кітабынан
Дескриптор:
мәтінге ат қояды;
мәтіннің жанрын анықтайды.
Өзіңізді тексеріңіз
Мәтінге «Қазақстан этностары» деген ат қоюға болады. Мәтіннің жанры – мақала. Мәтінде нақты деректерге сүйеніп, Қазақстандағы этностар туралы ақпарат берілген. Мәтін көпшілікке арналған, нақтылық бар.
Балалар, алдыңғы сабақтарда сіздер мақала, әңгіме, нұсқаулық туралы білген болатынсыздар.
2-тапсырма. Тақырыптың біреуін таңдап, шағын мақала, нұсқаулық немесе әңгіме құрастырып жазыңыз:
«Қазақстан – татулық мекені» тақырыбында шағын мақала
«Дос болайық бәріміз!» нұсқаулығы
«Досы көпті жау алмайды» тақырыбында шағын әңгіме
Дескриптор:
жанрлық ерекшелікті сақтайды;
стильдік ерекшелікті сақтайды;
көркемдегіш құралды орынды қолданады.
Балалар, келесі тапсырманы орындамас бұрын еліктеуіш сөздер не екенін есімізге түсірейік:
Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан заттар мен құбылыстардың бір-біріне қақтығысуларынан пайда болатын дыбыстардың атауларын айтамыз. Мысалы, Мылтық тарс етті. Ағаш гүрс етіп құлады.
3-тапсырма. Жұмбақтардан еліктеуіш сөздерді тауып, құрамына қарай талдаңыз:
Бiрде былдыр-былдыр,
Сәбилердiң тiлiндей,
Бiрде сыңғыр-сыңғыр,
Қоңыраудың үнiндей,
Ән сап жатқан ерiнбей,
Бұл не? /Бұлақ/
Тоқ-тоқ етіп тұрады,
Тұмсығын алмай ұрады. /Тоқылдақ/
Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі. /Бұлақ/
Өзіңізді тексеріңіз
Былдыр-былдыр, сыңғыр-сыңғыр, тоқ-тоқ, сылқ-сылқ – күрделі еліктеуіш сөздер, өйткені екі сөздің қосарлануы арқылы жасалып тұр.
|
Сабақты мұқият тыңдауын қадағалау
|
Презентация
|