2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі: Білім алушылардың өзіндік дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде олармен педагогикалық ынтымақтастықты жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, кәсібіне деген сүйіспеншілікті арттыру, жұмыс әдіс-тәсілдерінің жаңаша түрлерін жүзеге асыру.
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: тақырыптық презентация, оқулық.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар: компьютер, ноутбук, смартфон
4. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі: (1-2 мин)
Сабаққа дайындығын тексеру
- студенттермен сәлемдесу. Білім алушылар назарын сабаққа аудару.
Сабаққа психологиялық даярлық.
Білім алушылар орындарынан тұрады. Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыздар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңыздар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
- студенттердің сабаққа қатысымын тексеру, сабақта жоқ студенттерді белгілеу
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару және ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Әрбір ғылымның дамуы көбнесе пайдаланылатын әдістердің жетілгендігіне және олардың қаншалықты сенімді екендігіне байланысты. Мұның барлығы психологияға да қатысты.
Психология зерттейтін құбылыстардың күрделілігі мен көптүрлілігі ғылыми танымға қиындығы соншалықты, психологиялық ғылымның жетістіктері тек осы әдістерге байланысты болған. Психология жеке ғылым ретінде тек ХІХ ғ ортасында бөлінді, сондықтан ол философия, математика, физика, физиология, медицина, биология және тарих сияқты ңескің ғылымдардың әдістеріне сүйенеді. Сонымен қатар психология информатика және кибернетика секілді жас ғылымдардың әдістерін пайдаланады.
Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті және объективті
Достарыңызбен бөлісу: |