«А,В,С» жаңа тақырыпты меңгеру
А - сұрақ қояды.
В - жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.Студенттер үшеуден бөлінеді.. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Өз бетімен жұмыс
Тапсырма
1. Психологияның негізгі әдістері:
A) бақылау және эксперимент
B) тесттер және сұхбат
C) бақылау және әңгіме
D) әңгіме және сауалнама
E) тест
2.Психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі анықталған деректерді тіркеу мен шектеулердің таным әдісі қалай аталады?
A) эксперимент
B) бақылау
C) тұрақтаушы эксперимент
D) квазиэксперимент
E) қалыптасушы эксперимент
3. Бақылаудың бір түрі ретінде жасырын бақылаудың ерекшелігі
A) бақылаушы позициясы
B) тұрақтылығы
C) бірізділігі
D) бақылаушы белсенділігі
E) реттілігі
4. Зерттеу нәтижелерінің неғұрлым жоғары дәлдігін қай зерттеу қамтамасыз етеді?
A) эксперименттік әдіс
B) лонгитюдті әдіс
C) контент-талдау
D) бақылау
E) іс-әрекет нәтижесін талдау әдісі
5. Психикалық дамуды зерттейтін биогенетикалық бағытқа сәйкес келетін эксперимент
A) табиғи эксперимент
B) лабораториялық эксперимент
C) квазиэксперимент
D) қалыптастырушы
E) тұрақтаушы
6. Қалыптастырушы эксперимент синонимі
A) квазиэкспримент
B) бақылаушы эксперимент
C) табиғи эксперимент
D) проективті эксперимент
E) генетикалық моделдік эксперимент
7. Психодиагностикада жаңа тесттердін бірі саналады:
A) компьютерлік тесттер
B) психожастық тесттер
C) қабілеттілік тесттер
D) жетістік тесттер
E) тұлғалық тесттер
8. Адамдар тобын ұзақ уақыт қайталай зерттеу әдісі:
A) лонгитюд
B) бақылау
C) сұхбат
D) салыстыру
E) анкеталау
9. Психология ғылымы ... зерттейді. Ойды аяқтаңыз:
A) психикалық процестердің мәні мен заңдылықтарын
B) адамның мінез-қылқын
C) сезім ерекшеліктерін
D) сана ерекшеліктері
E) адамның қоршаған шындыққа қатынасын
10. Мақсатқа бағытталған бағдарлама және жоспармен жүйелі жүргізілетін зерттеу түрі:
A) эксперимент
B) әңгіме
C) бақылау
D) тест
E) социометрия
11. Табиғи экспериментті алғаш психология ғылымына енгізген:
A) А.Ф.Лазурский
B) П.Ф.Лесгафт
C) Б.М.Теплов
D) И.Кант
E) В.Д.Небылицын
12. Психологияны дербес ғылыми пән ретінде қабылдау ... байланысты болды:
A)арнайы ғылыми эксперименталды зерттеу орталықтарының ашылуымен
B) интроспекция әдісінің дамуымен
C) бақылау әдісінің дамуымен
D) Аристотельдің «жан туралы» трактатының шығуымен
E) тесттердің шығуымен
13. Психологияда тұңғыш эксперименталды лаборатория қай жылы ашылды:
A) 1879 ж.
B) 1890 ж.
C) 1910 ж.
D) 1880 ж.
E) 1950 ж.
14. Әлемде алғашқы эксперименталды психологиялық лабораторияның негізін салған:
A) В.Вундт
B) Ф.Гальтон
C) В.Штерн
D) С.Фишер
E) А.Бине
15. Ұжымда немесе топта өзара қарым-қатынасты зерттеуге мүмкіндік беретін психологияның әдісі:
A) социометрия
B) тест
C) әңгімелесу
D) сұхбат
E) анкеталау
Жаңа тақырыпты бекіту:
Зерттеу әдістері дегеніміз?
Зертханалық эксперимент дегеніміз?
Бақылау әдісі дегеніміз?
Байқау әдісі дегеніміз?
Достарыңызбен бөлісу: |