«А,В,С» жаңа тақырыпты меңгеру
А - сұрақ қояды.
В - жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.Студенттер үшеуден бөлінеді.. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
«Аяқталмаған сөйлем»
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына студенттер стикер жапсыру арқылы орындалады.
Студенттер өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
бүгін сабақта қуантқаны.....
мен өзімді.....үшін мақтар едім.
маған ерекше ұнағаны.....
сабақтан соң маған........келді.
бүгін маған..........сәті түсті.
қызықты болғаны.....
......қиындық тудырды.
менің түсінгенім.....
енді мен......аламын.
«Бағдаршам»
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.
Немесе:
Жаңа тақырыпты бекіту:
Психика дегеніміз?
Психиканың негізгі көрністерін атаңыз?
Сана дегеніміз?
Іс-әрекет дегеніміз?
Достарыңызбен бөлісу: |