1. Астеник -.(әлжуаз) адам бойшаң, нәзік денелі, кең иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған, сопақ жүзді, бірақ жүйке жүйесі мен бас миы күшті дамыған.
2. Пикник – (мығым) адам кіші не орта бойлы, етшең, биік кеуделі, қарынды, қысқа мойынды, домалақ басты, көпшіл болып келеді.
3. Атлетик – ірі қарулы денелі, бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, маңғаз адам.
4. Дипластик - дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар, туа біткен дене кемшіліктері бар (мүгедек) адам.
Э.Кречмердің Психофизиологиялық теорияларда тұлға типтерін ажыратудың басты ерекшеліктеріне назар аударылады.
Сонымен, адамның қай типте болмасын өз іс - әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темпераменттерді тәрбиелеуде жеке тұлғаның ерік-жігерін, мінез бітістерін, мінез-эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастыра жүргізген дұрыс. Адамның өзін-өзі ұстай алу қабілеттерінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |